Кендерге және құрамында кемінде 45 мас. % қорғасын бар қорғасын концентратына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының мөлшерлемесін белгілеу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 31 шешімі


            2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. ЕАЭО СЭҚ ТН 2607 00 000 1 кодымен жіктелетін кендерге және құрамында кемінде 45 мас. % қорғасын бар қорғасын концентратына қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі 2015 жылғы 25 мамыр - 2017 жылғы 24 мамыр аралығында кедендік құнның 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) 6С ескертуі мынадай редакцияда жазылсын:      

      "6С) Кедендік әкелу бажының кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі мөлшерлемесі 2015 жылғы 25 мамыр - 2017 жылғы 24 мамыр аралығында қолданылады.".

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады