Үшінші елдерге қатысты арнаулы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың 107-тармағына сәйкес (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) және Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссиясыАлқасы шешті:
1. Демпингке қарсы осы шараның қолданылу мерзімін 5 жыл деп белгілей отырып, № 2 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қытай Халық Республикасынан шығарылатын коррозияға төзімді болаттан жасалған асүйлік және асханалық аспаптардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінуіне қатысты оларға демпингке қарсы баж енгізу арқылы №1 қосымшаға сәйкес мөлшерде демпингке қарсы шара қолданылсын.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын, сондай-ақ тауар атауларын басшылыққа ала отырып, осы Шешімде көзделген демпингке қарсы баж алуды қамтамасыз етсін.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В. Христенко |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 19 мамырдағы № 56 шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
Демпингке қарсы баждың
МӨЛШЕРЛЕМЕ МӨЛШЕРЛЕРІ
|
| Демпингке қарсы баждың мөлшерлеме мөлшері (кедендік құнның пайызымен) |
Коррозияға төзімді Heshan Biaoda 15,41
болаттан жасалған Stainless Steel &
асүйлік және Plastic Products Co.,
асханалық аспаптар Ltd. (No.3 Fuyun
Road, Yunxiang,
Heshan, Guangdong,
China)
Goodlead Metal 27,16
Manufacture Co.,
Ltd.
(Unit 1-2,3 Laneway,
Southwest Road,
Xincheng Town,
Xinxing County,
Yunfu City,
Guangdong Province,
China)
XinxingYingtai 22,91
Stainless Steel
Manufacturer Co.,
Ltd.
(Baohua Industry
Zone, Niancun Town,
Xinxing County,
Yunfu, Guangdong
Province, China)
|
| Демпингке қарсы баждың мөлшерлеме мөлшері (кедендік құнның пайызымен) |
Xin Gang Cheng 24,17
Stainless Steel Wares
Co., Ltd.
(A 1-2, Liuzhu Road,
Xinxing, Guangdong,
China),
Xinxing Freely Hover
Kitchen & Table
Wares Co., Ltd.
(No. 134 Erlong
Gang, Xincheng
Town, Xinxing
County, Guangdong
Province, China),
Guangdong Lihongji
Stainless Steel
Industry Co., Ltd.
(Mid. of Zhaoyang
Road, E&D Zone,
Jiedong, Jieyang,
Guangdong, China)
өзгелері 27,16
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 19 мамырдағы № 56 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Оларға қатысты демпингке қарсы баж енгізілген
асүйлік және асханалық аспаптардың
ТІЗБЕСІ
Тауар атауы |
ЕАЭО СЭҚ ТН |
1.Тиянақты жүзі бар, коррозияға төзімді болаттан жасалған тұтқасы мен жүзі бар, гальвандық тәсілде қымбат металмен көмкерілмеген асханалық пышақтар |
8211 91 000 1 |