2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 48-бабына және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы Хаттамаға № 1 қосымшаның 49-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Астық жинауға арналған комбайндар мен астық жинауға арналған комбайндар модульдеріне қатысты импорттық квота енгізу арқылы арнайы қорғау шарасын қолдану туралы" 2013 жылғы 25 маусымдағы №143 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) 3-тармақтың бірінші абзацы "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейін ", Қырғыз Республикасының" деген сөздермен толықтырылсын;
б) көрсетілген Шешімге №1 қосымшада:
Қазақстан Республикасына қатысты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:
"Қырғыз Республикасы - 30 – N 20";
ескертпе мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Қырғыз Республикасы үшін 2015 жылға арналған импорттық квота көлемі мына формула бойынша есептеледі: 30 – N (мұндағы N - Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 25 маусымдағы №143 шешімімен көзделген арнайы қорғау шарасы қолданылатын және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсандағы шарт күшіне енген күнге дейін 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Қырғыз Республикасына әкелінген тауар саны).".
2. Қырғыз Республикасының кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органы Кеден одағы Комиссиясының және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының шешімдерімен белгіленген демпингке қарсы және арнайы баждарды алуды қамтамасыз етсін.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң, бірақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсандағы шарт күшіне енген күннен кейін күшіне енеді және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсандағы шарт күшіне енген күннен бастап туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылады.
Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы В. Христенко