Кеден одағының Кеден кодексі 52-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша коронарлық стентті сыныптау туралы" 2014 жылғы 19 тамыздағы № 135 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) атауындағы "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 1-тармақтағы "Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 9021 90 900 0 кіші қосалқы позициясында" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 9021 90 900 1 кіші қосалқы позициясында" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В. Христенко |