Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 19 тамыздағы №135 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 71 шешімі

      Кеден одағының Кеден кодексі 52-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша коронарлық стентті сыныптау туралы" 2014 жылғы 19 тамыздағы № 135 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) атауындағы "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) 1-тармақтағы "Кеден одағының сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 9021 90 900 0 кіші қосалқы позициясында" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 9021 90 900 1 кіші қосалқы позициясында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады