Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №1 қосымша) 43-тармағының 2) тармақшасына және 48-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Мыналардың:
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағының кедендік шекарасында бақылаушы органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік комитеттің құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 25 наурыздағы № 47 шешімінің;
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағының кедендік шекарасында бақылаушы органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 158 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В. Христенко |