Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитет туралы ереже туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 144 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 7 және 44-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитет туралы ереже бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитет туралы" 2012 жылғы 25 қазандағы № 199 шешімінің 2-тармағы екінші абзацының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 10 қарашадағы
№ 144 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитет туралы ЕРЕЖЕ

І. Жалпы ережелер

      1. Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитет (бұдан әрі – Комитет) Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 7 және 44-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының (бұдан әрі тиісінше – Алқа, Комиссия) жанынан құрылады.

      Комитет Қомиссияның консультациялық органы болып табылады, оның қызметінің негізгі бағыты 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 64 және 70-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекеттер, Одақ) қаржы нарықтарын реттеу, валюталық реттеу және валюталық бақылау мәселелері болып табылады.

      2. Комитет өз қызметінде 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Одақтың құқығын құрайтын басқа да халықаралық шарттар мен актілерді, Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

ІІ. Комитеттің негізгі міндеттері мен функциялары

      3. Комитеттің негізгі міндеттері:

      а) Комиссия үшін мынадай мәселелер бойынша ұсынымдарды дайындау:

      мүше мемлекеттердің қаржы нарықтары (банк, сақтандыру секторларында және бағалы қағаздар нарығында қызметтер көрсету секторында) саласындағы заңнамасын үйлестіру;

      мүше мемлекеттердің валюталық құқықтық қатынастарды реттейтін заңнамасын жақындастыру және ырықтандыру шараларын қолдану;

      б) қаржы нарықтары, валюталық реттеу және валюталық бақылау салаларындағы реттеу мәселелері бойынша мүше мемлекеттердің өкілдерімен консультациялар жүргізу;

      в) Комиссия үшін мынадай мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу:

      қаржылық қызметтер көрсетудің өзара саудасын кеңейту және перспективада мүше мемлекеттердің ортақ қаржы нарығын қалыптастыру үшін жағдайлар жасау;

      мүше мемлекеттердің аумақтарында қаражатты инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасау.

      4. Комитет өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      а) Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерге, сондай-ақ мүше мемлекеттердің қаржы нарықтары, валюталық реттеу және валюталық бақылау салаларындағы заңнамасына талдау жүргізуге қатысады;

      б) мынадай мәселелер:

      мүше мемлекеттердің қаржы нарықтары (банк, сақтандыру секторларында және бағалы қағаздар нарығында қызметтер көрсету секторында) саласындағы заңнамасын үйлестіру;

      мүше мемлекеттердің валюталық құқықтық қатынастарды реттейтін заңнамасын жақындастыру және ырықтандыру шараларын қолдану;

      мүше мемлекеттердің қаржы нарықтарына кірудегі кедергілер мен өзге де шектеулерді жою және барынша азайту;

      қаржы нарықтары, валюталық реттеу және валюталық бақылау салаларында Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілердің жобаларын әзірлеу;

      мүше мемлекеттердің қаржы нарықтары, валюталық реттеу және валюталық бақылау салаларындағы заңнамасын қолдануды талдау нәтижелері бойынша анықталған проблемаларды шешу;

      Комиссия мен мүше мемлекеттердің қаржы нарықтары саласында реттеуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдары (бұдан әрі – уәкілетті органдар) арасында ақпараттық өзара іс-қимыл;

      қаржы нарықтары, валюталық реттеу және валюталық бақылау салаларындағы Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілердің ережелерін мүше мемлекеттердің орындауына мониторинг жүргізу және бақылау бойынша келісілген тәсілдерді әзірлейді;

      в) қаржы нарықтары, валюталық реттеу және валюталық бақылау салаларында кезекті жылға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспары бойынша Комиссия үшін ұсыныстар дайындайды;

      г) қаржы нарықтары, валюталық реттеу және валюталық бақылау салаларындағы өзге де мәселелер бойынша Комиссия үшін ұсыныстар дайындайды;

      д) өзге де функцияларды жүзеге асырады.

ІІІ. Комитет құрамы

      5. Комитет құрамы уәкілетті органдардың басшыларынан (басшылардың орынбасарларынан) және өкілдерінен қалыптастырылады.

      Комитеттің құрамын қалыптастыру үшін Алқа уәкілетті органдардан осы органдар өкілдерінің кандидатуралары бойынша ұсыныстар сұратады.

      Мүше мемлекеттердің ұсынысы бойынша Комитет құрамына бизнес-қоғамдастықтың, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, өзге де тәуелсіз сарапшылар енгізілуі мүмкін.

      Уәкілетті органдар Комитеттегі уәкілетті органдардың өкілдерін алмастыру қажеттілігі туралы Алқаны уақтылы хабардар етеді, сондай-ақ оның құрамына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар береді.

      Комитет құрамы Алқа өкімімен бекітіледі.

      6. Құзыретіне қаржы нарықтары, валюталық реттеу және валюталық бақылау салаларындағы мәселелер кіретін Алқа мүшесі Комитет отырыстарында төрағалық етеді және Комитет жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады (бұдан әрі – Комитет төрағасы).

      7. Комитет төрағасы:

      а) Комитет қызметін басқарады және Комитетке жүктелген міндеттерді орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

      б) Комитет отырысының күн тәртібін келіседі және бекітеді, оның өткізілетін күнін, уақыты мен орнын айқындайды;

      в) Комитет отырысын жүргізеді;

      г) Комитет отырыстарының хаттамаларын бекітеді;

      д) Алқаны және Комиссия Кеңесін Комитет әзірлеген ұсынымдар туралы хабардар етеді;

      е) Комитет жанын құрылатын жұмыс (сарапшылар) топтары туралы ережелер мен олардың құрамдарын бекітеді;

      ж) Алқа мен Комиссия Кеңесі отырыстарында және өзге де органдар мен ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауда Комитетті білдіреді.

      з) Комитет төрағасының орынбасарын тағайындайды;

      и) Комитет құзыретінің шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      8. Құзыретіне Комитет қызметінің бағыттары бойынша мәселелер кіретін Комиссия департаментінің басшысы Комитет төрағасының орынбасары болып тағайындалады.

      9. Комитет төрағасының орынбасары Комитет төрағасы болмаған жағдайда немесе оның тапсырмасы бойынша осы Ереженің 7-тармағында көзделген Комитет төрағасының функцияларын орындайды.

      10. Комитеттің жауапты хатшысын Комитет төрағасы құзыретіне Комитет қызметінің бағыттары бойынша мәселелер кіретін Комиссияның лауазымды адамдары немесе қызметкерлері арасынан тағайындайды.

      11. Комитеттің жауапты хатшысы:

      а) Комитет төрағасы мен Комитет мүшелерінің ұсыныстары бойынша Комитет отырысының күн тәртібінің жобасын дайындайды және оны Комитет төрағасына бекітуге ұсынады;

      б) күн тәртібінің жобасына және Комитет отырысына материалдардың дайындалуы мен ұсынылуын бақылауды жүзеге асырады;

      в) Комитет отырысының бекітілген күн тәртібін және оған материалдарды дайындайды және Комитет мүшелеріне жібереді;

      г) Комитет мүшелерін Комитеттің кезекті отырысының өткізілетін күні, уақыты мен орны туралы хабардар етеді;

      д) Комитет отырысының хаттамасын жүргізеді және оны Комитет төрағасына бекітуге ұсынады;

      е) Комитет отырыстарының жоспарларын қалыптастырады және оларды Комитет мүшелерінің назарына жеткізеді;

      ж) Комитет отырысының нәтижелері бойынша дайындалған қорытынды құжаттарды дайындауды және оны Комитет мүшелерінің назарына жеткізуді ұйымдастырады;

      з) Комитеттің хаттамалық шешімдерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

      12. Комитет төрағасының шақыруы бойынша Комитет отырыстарына мүше мемлекеттерден қажетті біліктілігі бар тәуелсіз сарапшылар қатыса алады.

      Комитет төрағасының шақыруы бойынша Комитет отырыстарына құзыреттеріне Комитет отырыстарында қаралатын мәселелер кіретін Комиссияның лауазымды адамдары мен қызметкерлері қатыса алады.

      13. Комитеттің жанынан Комитет қызметінің бағыттары бойынша мәселелерді шешу үшін жұмыс (сарапшылар) топтары құрылуы мүмкін.

      Жұмыс (сарапшылар) топтарының құрамдары уәкілетті органдардың өкілдері арасынан құрылады.

      Уәкілетті органдармен келісу бойынша жұмыс (сарапшылар) топтарының құрамына бизнес-қауымдастықтың өкілдері енгізілуі мүмкін.

ІV. Комитеттің жұмыс тәртібі

      14. Комитет отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жылына 3 реттен сиретпей өткізіледі.

      15. Комитет отырысын өткізу туралы шешімді Комитет төрағасы қабылдайды.

      16. Комитет отырысының күн тәртібінің жобасын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды Комитет мүшелері Комитет төрағасына Комитет отырысы өткізілетін күнге дейін кемінде 20 жұмыс күні қалғанда жібереді.

      Комитет отырысының күн тәртібіне қосу үшін мәселелерді ұсынған Комитет мүшелері ұсынылған мәселелер бойынша ақпарат пен материалдарды Комитеттің жауапты хатшысына ұсынуды қамтамасыз етеді.

      17. Комитет отырыстарында қосымша мәселелерді қарау Комитет төрағасының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      18. Комитет төрағасы уәкілетті органдардан және Комитет мүшелерінен белгіленген тәртіппен Комитеттің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша материалдар мен ақпарат сұратуға құқығы бар.

      19. Комитет отырысының күн тәртібіне материалдар мыналарды:

      а) қаралатын мәселелер бойынша анықтамаларды;

      б) қарауға ұсынылатын құжаттардың (болған кезде) жобаларын;

      в) хаттамалық шешімдердің жобаларын;

      г) Комиссия үшін ұсынымдардың жобаларын (қажет болған жағдайда) қамтиды.

      20. Комитеттің жауапты хатшысы Комитет мүшелеріне Комитет отырысының күн тәртібін және оған материалдарды, оның ішінде электрондық түрде Комитет отырысы өткізілетін күнге дейін кемінде 10жұмыс күні қалғанда жібереді.

      21. Комитет отырыстары, әдетте, Комиссияның үй-жайларында өткізіледі.

      Комитет отырысы мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының ұсыныстары негізінде қабылданатын Комитет төрағасының шешімі бойынша мүше мемлекеттердің кез келгенінде өткізілуі мүмкін. Бұл жағдайда қабылдаушы уәкілетті орган Комитет отырысын ұйымдастыруға және өткізуге жәрдем көрсетеді.

      Комитет төрағасының шешімі бойынша Комитет отырысы бейнеконференция режимінде өткізілуі мүмкін.

      22. Комитет отырысы, егер оған мүше мемлекеттердің әрқайсысынан кемінде бір Комитет мүшесі қатысса, заңды деп танылады.

      Комитет мүшесінің отырысқа қатысуы мүмкін болмаған жағдайда, оның қаралып отырған мәселелер бойынша өз ұстанымын Комитет төрағасына алдын ала (Комитет отырысы өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей) жазбаша нысанда ұсынуға және (немесе) Комитет отырысына қатысу үшін уәкілетті лауазымды адамды жіберуге құқығы бар.

      23. Комитет мүшелері, егер олардың пікірі бойынша аталған мәселе қосымша пысықтауды талап ететін болса, мәселені Комитет қарауынан алып тастауды ұсына алады.

      24. Комитет отырысында мәселелерді талқылау кезінде Комитет мүшелері тең құқыққа ие болады.

      Комитет отырысының нәтижелері хаттамамен ресімделеді.

      Егер Комитет мүшесінің Комитет қарап отырған мәселе бойынша ерекше пікірі болған жағдайда, ол жазбаша нысанда баяндалады және Комитет отырысының хаттамасына қоса беріледі.

      Комитет отырысының хаттамасына қаралып отырған құжаттардың жобалары бойынша ұсыныстар, анықтамалық және талдамалық материалдар мен тиісті негіздемелер де қоса берілуі мүмкін.

      Комитет мүшелерінің Комитет отырыстарында ұсынған ұсыныстары мүше мемлекеттердің түпкілікті ұстанымы ретінде қаралмайды.

      Комитет отырысының хаттамасына жауапты хатшы қол қояды, Комитет отырысы өткізілген күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей Комитет төрағасы бекітеді.

      Комитет отырысының хаттамасын Комитет төрағасы бекіткен күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде Комитеттің жауапты хатшысы оны Комитеттің барлық мүшесіне жібереді.

      Комитет төрағасының шешімі бойынша Комитет отырысының хаттамасы немесе одан үзінді Комитет отырысына қатысқан шақырылған тұлғаларға жіберілуі мүмкін.

      Комитет отырыстарының хаттамалары Комитеттің жауапты хатшысында сақталады.

      25. Комитеттің қызметін ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді Комиссия жүзеге асырады.

О Положении о Консультативном комитете по финансовым рынкам

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 10 ноября 2015 года № 144

      В соответствии с пунктами 7 и 44 Положения о Евразийской экономической комиссии (приложение № 1 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года) Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:
      1. Утвердить прилагаемое Положение о Консультативном комитете по финансовым рынкам.
      2. Признать утратившим силу абзац второй пункта 2 Решения Коллегии Евразийской экономической комиссии от 25 октября 2012 г. № 199 «О Консультативном комитете по финансовым рынкам».
      3. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Председатель Коллегии
      Евразийской экономической комиссии         В. Христенко

УТВЕРЖДЕНО           
Решением Коллегии        
Евразийской экономической комиссии
от 10 ноября 2015 г. № 144   

ПОЛОЖЕНИЕ
о Консультативном комитете по финансовым рынкам

I. Общие положения

      1. Консультативный комитет по финансовым рынкам (далее – Комитет) создается при Коллегии Евразийской экономической комиссии (далее соответственно – Коллегия, Комиссия) в соответствии с пунктами 7 и 44 Положения о Евразийской экономической комиссии (приложение № 1 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года).
      Комитет является консультативным органом Комиссии, основным направлением деятельности которого являются вопросы регулирования финансовых рынков государств – членов Евразийского экономического союза (далее соответственно – государства-члены, Союз), валютного регулирования и валютного контроля в соответствии со статьями 64 и  70 Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года.
      2. Комитет в своей деятельности руководствуется Договором о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года, другими международными договорами и актами, составляющими право Союза, Регламентом работы Евразийской экономической комиссии, утвержденным Решением Высшего Евразийского экономического совета от 23 декабря 2014 г. № 98, а также настоящим Положением. 

II. Основные задачи и функции Комитета

      3. Основными задачами Комитета являются:
      а) подготовка рекомендаций для Комиссии по следующим вопросам:
      гармонизация законодательства государств-членов в сфере финансовых рынков (в банковском, страховом секторах и в секторе услуг на рынке ценных бумаг);
      сближение законодательства государств-членов, регулирующего валютные правоотношения, и принятие мер либерализации;
      б) проведение консультаций с представителями государств-членов по вопросам регулирования в сферах финансовых рынков, валютного регулирования и валютного контроля;
      в) выработка предложений для Комиссии по следующим вопросам:
      создание условий для расширения взаимной торговли финансовыми услугами и формирования в перспективе общего финансового рынка государств-членов;
      создание благоприятных условий для инвестирования средств на территориях государств-членов.
      4. Для реализации возложенных на него задач Комитет осуществляет следующие функции:
      а) участвует в проведении анализа международных договоров и актов, составляющих право Союза, а также законодательства государств-членов в сферах финансовых рынков, валютного регулирования и валютного контроля;
      б) вырабатывает согласованные подходы по следующим вопросам:
      гармонизация законодательства государств-членов в сфере финансовых рынков (в банковском, страховом секторах и в секторе услуг на рынке ценных бумаг);
      сближение законодательства государств-членов, регулирующего валютные правоотношения, и принятие мер либерализации;
      устранение и минимизация барьеров и иных ограничений доступа на финансовые рынки государств-членов;
      разработка проектов международных договоров и актов, составляющих право Союза, в сферах финансовых рынков, валютного регулирования и валютного контроля;
      решение проблем, выявленных по результатам анализа применения законодательства государств-членов в сферах финансовых рынков, валютного регулирования и валютного контроля;
      информационное взаимодействие между Комиссией и органами государств-членов, уполномоченными на осуществление регулирования в сфере финансовых рынков (далее – уполномоченные органы);
      проведение мониторинга и контроль исполнения
      государствами-членами положений международных договоров и актов, составляющих право Союза, в сферах финансовых рынков, валютного регулирования и валютного контроля;
      в) подготавливает предложения для Комиссии по плану
      научно-исследовательских работ на очередной год в сферах финансовых рынков, валютного регулирования и валютного контроля;
      г) подготавливает предложения для Комиссии по иным вопросам в сферах регулирования финансовых рынков, валютного регулирования и валютного контроля;
      д) осуществляет иные функции.

III. Состав Комитета

      5. Состав Комитета формируется из руководителей (заместителей руководителей) и представителей уполномоченных органов.
      Для формирования состава Комитета Коллегия запрашивает у уполномоченных органов предложения по кандидатурам представителей этих органов.
      По предложению государств-членов в состав Комитета могут включаться представители бизнес-сообщества, научных и общественных организаций, иные независимые эксперты.
      Уполномоченные органы своевременно информируют Коллегию о необходимости замены представителей уполномоченных органов в Комитете, а также представляют предложения по внесению изменений в его состав.
      Состав Комитета утверждается распоряжением Коллегии.
      6. Председательствует на заседаниях Комитета и осуществляет общее руководство работой Комитета член Коллегии, к компетенции которого относятся вопросы в сферах финансовых рынков и валютной политики (далее – председатель Комитета).
      7. Председатель Комитета:
      а) руководит деятельностью Комитета и организует работу по выполнению возложенных на Комитет задач;
      б) согласовывает и утверждает повестку дня заседания Комитета, определяет дату, время и место его проведения;
      в) ведет заседания Комитета;
      г) утверждает протоколы заседаний Комитета;
      д) информирует Коллегию и Совет Комиссии о выработанных Комитетом рекомендациях;
      е) утверждает положения о рабочих (экспертных) группах, создаваемых при Комитете, и их составы;
      ж) представляет Комитет на заседаниях Коллегии и Совета Комиссии и во взаимоотношениях с иными органами и организациями;
      з) назначает заместителя председателя Комитета;
      и) осуществляет иные функции в пределах компетенции Комитета.
      8.Заместителем председателя Комитета назначается руководитель департамента Комиссии, в компетенцию которого входят вопросы по направлениям деятельности Комитета.
      9.Заместитель председателя Комитета выполняет функции председателя Комитета, предусмотренные пунктом 7 настоящего Положения, в случае отсутствия председателя Комитета или по его поручению.
      10. Ответственный секретарь Комитета назначается председателем Комитета из числа должностных лиц или сотрудников Комиссии,в компетенцию которых входят вопросы по направлениям деятельности Комитета.
      11. Ответственный секретарь Комитета:
      а) подготавливает проект повестки дня заседания Комитета по предложениям председателя Комитета и членов Комитета и представляет ее на утверждение председателю Комитета;
      б) осуществляет контроль за подготовкой и представлением материалов к заседанию Комитета;
      в) готовит и направляет членам Комитета утвержденную повестку дня заседания Комитета и материалы к ней;
      г) согласовывает и информирует членов Комитета о дате, времени и месте проведения очередного заседания Комитета;
      д) ведет протокол заседания Комитета и представляет его на утверждение председателю Комитета;
      е) формирует планы заседаний Комитета и доводит их до членов Комитета;
      ж) организует подготовку и доведение до членов Комитета итоговых документов, подготовленных по результатам заседания Комитета;
      з) осуществляет контроль за исполнением протокольных решений Комитета.
      12. По приглашению председателя Комитета в заседании Комитета могут участвовать независимые эксперты из государств-членов, обладающие необходимой квалификацией.
      По приглашению председателя Комитета в заседании Комитета могут участвовать должностные лица и сотрудники Комиссии, к компетенции которых относятся рассматриваемые на заседании Комитета вопросы.
      13. При Комитете могут создаваться рабочие (экспертные) группы для решения вопросов по направлениям деятельности Комитета.
      Составы рабочих (экспертных) групп формируются из числа представителей уполномоченных органов.
      По согласованию с уполномоченными органами в состав рабочих (экспертных) групп могут включаться представители бизнес-сообщества.

IV. Порядок работы Комитета

      14. Заседания Комитета проводятся по мере необходимости, но не реже чем 3 раза в год.
      15. Решение о проведении заседания Комитета принимается председателем Комитета.
      16. Предложения по формированию проекта повестки дня заседания Комитета направляются членами Комитета председателю Комитета не позднее чем за 20 рабочих дней до даты проведения заседания Комитета.
      Члены Комитета, предложившие вопросы для включения в повестку дня заседания Комитета, обеспечивают представление ответственному секретарю Комитета информации и материалов по предложенным вопросам.
      17. Рассмотрение на заседаниях Комитета дополнительных вопросов осуществляется по решению председателя Комитета.
      18. Председатель Комитета имеет право запрашивать в установленном порядке у уполномоченных органов и членов Комитета материалы и информацию по вопросам, отнесенным к компетенции Комитета.
      19. Материалы к повестке дня заседания Комитета включают в себя:
      а) справки по рассматриваемым вопросам;
      б) проекты предлагаемых к рассмотрению документов (при наличии);
      в) проекты протокольных решений;
      г) проекты рекомендаций для Комиссии (в случае необходимости).
      20. Ответственный секретарь Комитета направляет членам Комитета утвержденную повестку дня заседания Комитета и материалы к ней, в том числе в электронном виде, не позднее чем за 10 рабочих дней до даты проведения заседания Комитета.
      21. Заседания Комитета проводятся, как правило, в помещениях Комиссии.
      Заседание Комитета может проводиться в любом из государств-членов по решению председателя Комитета, принимаемому на основе предложений уполномоченных органов. В этом случае принимающий уполномоченный орган оказывает содействие в организации и проведении заседания Комитета.
      По решению председателя Комитета заседание Комитета может проводиться в режиме видеоконференции.
      22. Заседание Комитета признается правомочным, если обеспечивается представительство как минимум одного члена Комитета от каждого из государств-членов.
      В случае невозможности присутствия члена Комитета на заседании он имеет право заблаговременно (не позднее 3 рабочих дней до даты проведения заседания Комитета) представить председателю Комитета свою позицию по рассматриваемым вопросам в письменной форме и (или) направить уполномоченное должностное лицо для участия в заседании Комитета.
      23. Члены Комитета могут рекомендовать снять вопрос с рассмотрения Комитетом, если, по их мнению, данный вопрос требует дополнительной проработки.
      24. Члены Комитета обладают равными правами при обсуждении вопросов на заседании Комитета.
      Результаты заседания Комитета оформляются протоколом.
      В случае если у члена Комитета имеется особое мнение по рассматриваемому Комитетом вопросу, оно излагается в письменной форме и прилагается к протоколу заседания Комитета.
      К протоколу заседания Комитета также могут прилагаться предложения по проектам рассматриваемых документов, справочные и аналитические материалы и соответствующие обоснования.
      Предложения членов Комитета, представленные ими на заседаниях Комитета, не могут рассматриваться в качестве окончательной позиции государств-членов.
      Протокол заседания Комитета подписывается ответственным секретарем Комитета, утверждается председателем Комитета не позднее 3 рабочих дней с даты заседания Комитета.
      Ответственный секретарь Комитета направляет протокол заседания Комитета всем членам Комитета в течение 7 рабочих дней с даты его утверждения председателем Комитета.
      По решению председателя Комитета протокол заседания Комитета или выписка из него может направляться участвовавшим в заседании Комитета приглашенным лицам.
      Протоколы заседаний Комитета хранятся у ответственного секретаря Комитета.
      25. Организационно-техническое обеспечение деятельности Комитета осуществляется Комиссией.