Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржылық саясат жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Т.М. Сүлейменовтің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ішкі нарықтың жұмыс істеу шеңберіндегі міндеттемелерін орындау мониторингінің нәтижелері туралы ақпаратын назарға ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағы 4-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қазақстан Республикасына 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 28-бабының 3-тармағын орындау қажеттігі туралы хабар білдірілсін.
Қазақстан Республикасының Үкіметіне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттердің аумағында көмір сатқан кезде Қазақстан Республикасында экспортқа арналған ренталық салық алуды жоюға бағытталған шаралар қабылдау ұсынылсын. Қабылданған шаралар туралы осы Шешім күшіне енген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В. Христенко |