Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 19 шешімімен бекітілген Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі "бірыңғай терезе" механизмін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының ХІІ бөлімінің 4.1-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 4 ақпандағы № 4 шешімімен бекітілген Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі "бірыңғай терезе" механизмін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша 2015 жылға арналған ізеуірттелген жоспардың 4.1.4-тармақшасын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған "Бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерінің жұмыс істеу шеңберінде мүдделі тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен және (немесе) уәкілетті ұйымдарымен өзара іс-қимылын біріздендірудің басым рәсімдерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В. Христенко |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 171 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
"Бірыңғай терезе" ұлттық механизмдерінің жұмыс істеу шеңберінде мүдделі тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен және (немесе) уәкілетті ұйымдарымен өзара іс-қимылын біріздендірудің басым рәсімдерінің ТІЗБЕСІ
І. "Электрондық кеден" блогы бойынша В2G рәсімдері
1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша тауарды сыныптау жөнінде алдын ала шешімді алу.
2. Тауарды шығарған ел туралы алдын ала шешімді алу.
3. Заңды тұлғаларды кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу және одан шығару.
4. Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру.
5. Тауар декларациясын беру, тіркеу және тіркеуден бас тарту.
6. Тауар декларациясында мәлімделген мәліметтерге өзгерістер енгізу.
7. Тауардың шығарылғаны туралы (шығарудан бас тарту, шығарылуын тоқтата тұру туралы) хабарлама жіберу.
8. Тауармен жүк операцияларын жасауға рұқсат алу.
9. Транзиттік декларацияны беру, тіркеу және тіркеуден бас тарту.
10. Тауарларды кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыру кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз еткендігі туралы сертификатты беру, тіркеу және тіркеуден бас тарту.
ІІ. "Төлеу, төлемдер және электрондық коммерция" блогы бойынша В2G рәсімдері
11. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүдделі тұлғалардың валюталық бақылау мақсатында мәмілелерді (мәміле паспортын, келісімшарттың есепке алу нөмірін) валюталық бақылау агенттері болып табылатын банктер мен банктік емес кредиттік-қаржылық ұйымдарда тіркеуі.
12. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қаржы қаражаттарының репатриациясы туралы мәліметтер ұсыну.
ІІІ. "Рұқсат беретін құжаттар" блогы бойынша В2G рәсімдері
13. Мемлекеттік ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын жүктерді әкелуге рұқсат алу.
14. Мемлекеттік ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын жүктерді әкетуге рұқсат алу.
15. Мемлекеттік ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын жүктердің транзитіне рұқсат алу.
16. Экспорттаушы елдің фитосанитариялық сертификатын алу.
17. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға жататын өнімдерді (тауарларды) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алу.
18. Сәйкестікті бағалау құжаттарының берілгені және қабылданғаны (тіркелгені) туралы мәліметтер алу.
19. Тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге және (немесе) әкетуге қорытынды (рұқсат беретін құжатты) алу.
20. Тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия алу.
21. Шифрлеу (криптографиялық) құралдары мен тауарлардың сипаттамалары, олардың құрамдары туралы нотификацияны тіркеуге өтінім беру.
22. Зияткерлік меншік объектілерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізілімдеріне енгізу.
23. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Зияткерлік меншік объектілерінің ұлттық тізілімдерінен мәліметтер алу.
IV. "Көлік және логистика" блогы бойынша В2G рәсімдері
24. Тасымалдаушылардың автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат алуы.
25. Тауарларды көліктің әр түрімен тасымалдаған кезде оларға қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия қабылдаған шешімдер туралы алдын ала ақпарат жіберу.