Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "Бірыңғай терезе" тетігін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 19 шешімі.

      "Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "Бірыңғай терезе" механизмін дамытудың негізгі бағыттары туралы" Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 68 шешімінің 3-тармағын іске асыру жөніндегі жұмыс барысы туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпаратын назарға ала отырып, Еуразиялық Жоғары экономикалық кеңес шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "Бірыңғай терезе" тетігін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Үкіметтері мен Еуразиялық экономикалық комиссия осы Шешіммен бекітілген жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын және қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "Бірыңғай терезе" тетігін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі егжей-тегжейлі жоспарды Еуразиялық Экономикалық комиссия кеңесінің жыл сайын әзірлеуін және бекітуін қамтамасыз етсін.


Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:


Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Ресей Федерациясынан

  Жоғары Еуразиялық
  экономикалық кеңестің
  2015 жылғы 8 мамырдағы
  №19 шешімімен
  БЕКІТІЛГЕН

Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "Бірыңғай терезе" тетігін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар
ЖОСПАРЫ

I. Кіріспе

      Осы жоспар "Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі "Бірыңғай терезе" тетігін дамытудың негізгі бағыттары туралы" Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 68 шешімін орындау үшін әзірленді және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың (бұдан әрі – Одақ туралы Шарт) ережелеріне, Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) құқығын құрайтын сыртқы экономикалық қызмет саласындағы халықаралық шарттар мен актілерге, сондай-ақ Дүниежүзілік сауда ұйымының нормаларына, қағидалары мен қағидаттарына, Біріккен Ұлттар Ұйымының және Дүниежүзілік кеден ұйымының халықаралық ұсынымдарына негізделеді.

      Осы жоспар Одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) жүргізіп отырған халықаралық сауда рәсімдерін оңайлатуға бағытталған сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесін жетілдіру, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізу жөніндегі саясаттың қисынды жалғасы болып табылады.

II. Анықтамалар

      Осы жоспардың мақсаты үшін мыналарды білдіретін үғымдар пайдаланылады:

      1) "бизнес-процесс" – сыртқы экономикалық қызмет саласында белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған өзара байланысты және құрылымдандырылған іс-қимыл жиынтығы;

      2) "құжаттарды өзара тану" – екінші мүше мемлекеттің уәкілетті органдары (ұйымдары) сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті жасайтын электрондық құжаттардың бір мүше мемлекетте танылуы және пайдаланылуы;

      3) "мәліметтерді үйлесімді ету" – мазмұны мен форматы тұрғысынан қарағанда құжаттардың салыстырмалылығын арттыру мақсатында сол бір қолданылу салаларында пайдаланылатын электрондық құжаттарда және электронды құжаттардың қағаз көшірмелерінде қамтылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды жинау, айқындау, талдау және келісу;

      4) "мемлекеттік рәсімдер" – мемлекеттік функцияларды (әкімшілік рәсімдерді) жүзеге асыру және мүдделі адамдарға мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде сыртқы экономикалық қызмет саласында құқықтық қатынастарды реттеуге байланысты, мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының өз құзыреттеріне сәйкес қызметі;

      5) "бірыңғай терезе" тетігі" – сыртқы экономикалық қызметті реттейтін мемлекеттік органдар мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың арасындағы өзара іс-қимыл тетігі, ол сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға сыртқы экономикалық қызметтің жүзеге асырылуына бақылау жүргізу кезінде мүдделі мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өз құзыретіне сәйкес кейіннен пайдалануы үшін бірыңғай өткізу арналары арқылы стандартталған түрдегі құжаттарды бір мәрте табыс етуге мүмкіндік береді;

      6) "рұқсат беру құжаттары" – мемлекеттік органдар және (немесе) уәкілетті мемлекеттік ұйымдар (бұдан әрі – уәкілетті ұйымдар) беретін, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру және экспорттық, импорттық және транзиттік операцияларды жүзеге асыру кезінде заңдық маңызы бар жекелеген әрекеттерді жасау үшін болуы қажетті құжаттар;

      7) "құжаттардың стандартталған түрі" – үйлесімдендірілген және біріздендірілген құрылым мен форматтарға сәйкес ресімделген, қағаз жеткізгіштегі ұқсас құжаттармен бірдей заңдық күші бар электрондық түрдегі құжат;

      8) "мәліметтерді біріздендіру" – халықаралық саудада қолданылатын стандарттар, әдістемелер және ұсынымдар негізінде қолданылу саласы бойынша электрондық құжаттар мен электрондық құжаттардың қағаз көшірмелерінде қамтылатын мәліметтер жиынтығын айқындау және келісу;

      9) "экспорттық, импорттық және транзиттік операциялар" – Одақтың кедендік аумағынан тауарларды әкетуге, осындай аумаққа тауарларды әкелуге және оларды Одақтың кедендік аумағы арқылы тасымалдауға байланысты сыртқы экономикалық операциялардың барлық түрлері;

      10) "электрондық коммерция" – электрондық жүйелерді пайдалана отырып, жүзеге асырылатын қаржылық және сауда транзакциясын жасаудың техникалық және ұйымдастыру нысандарының жиынтығы.

III. Мақсат

      Осы жоспарды іске асырудың мақсаты "бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерін дамытуға және жақындастыруға жағдай жасау үшін ұйымдық-құқықтық және техникалық негіздерді қалыптастыру, сондай-ақ Одақ аумағында сыртқы экономикалық қызметті реттеудің тиімді жүйесін құру кезінде олардың өзара іс-қимылын ұлтүсті деңгейінде ұйымдастыру болып табылады.

IV. Міндеттер

      Осы жоспардың мақсатына мынадай міндеттерді шешу жолымен қол жеткізіледі:

      "бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерін дамытуға жәрдемдесу;

      "бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерін дамыту жөніндегі тәсілдердің жақындасуын қамтамасыз ету;

      сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті электрондық құжаттарды өзара тануды, біріздендіруді, стандарттауды және үйлесімді етуді қамтамасыз ету;

      "бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің ақпараттық өзара іс-қимылын ұйымдастыру;

      Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіндегі "бірыңғай терезе" тетігін дамытудың негізгі бағыттарын (бұдан әрі – Негізгі бағыттар) іске асыру жөніндегі іс-қимылды үйлестіру.

V. "Бірыңғай терезе" ұлттық тетігінің эталондық моделінің жалпы сипаттамасы

      "Бірыңғай терезе" ұлттық тетігінің эталондық моделі (бұдан әрі – эталондық модель) сыртқы экономикалық қызметке және электрондық операциялар мен электрондық коммерцияны жүзеге асыру үшін жағдай жасауға байланысты мемлекеттік рәсімдерді оңтайландыру мақсатында халықаралық сауда рәсімдерін оңайлату құралы болып табылады. Эталондық модель "бірыңғай терезенің" ұлттық тетіктерін дамудың жаңа сапалы деңгейіне көшіруді қамтамасыз етуге, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын және осы салада қызметтер көрсететін тұлғалардың (бұдан әрі – мүдделі тұлғалар) транзакциялық шығындарын төмендетуге жағдайлар жасауға және сыртқы экономикалық қызметті реттейтін мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының (бұдан әрі – мемлекет органдар) жұмысында әкімшілік шығындарды қысқартуға бағытталған.

      Эталондық модель инновациялық трансшекаралық зияткерлік тетігі болып табылады, ол мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен және (немесе) уәкілетті ұйымдарымен өзара іс-қимыл барысында мүдделі адамдардың экспорттық, импорттық және транзиттік операциялар жасау үшін кешенді қызметтер көрсету алуына мүмкіндік береді.

      Эталондық модель Дүниежүзілік кеден ұйымының халықаралық стандарттарының ережелерін және Біріккен Ұлттар Ұйымының ұсынымдарын ескереді, прогрессивтік ұйымдастыру-құқықтық, техникалық және технологиялық шешімдерді пайдалана отырып, "бірыңғай терезе" тетігінің қазіргі заманғы модельдерін құру тәжірибесін интеграциялайды.

      Эталондық модельдің бірқатар сипаттық ерекшеліктері болады.

1. Құжаттарды және (немесе) мәліметтерді бір мәрте ұсыну

            Мүдделі тұлғаның барлық мүдделі мемлекеттік органдар кейіннен пайдалануы үшін бірыңғай өткізу арнасы арқылы стандартталған түрдегі құжаттарды және (немесе) мәліметтерді бір мәрте ұсыну мүмкіндігіне ие болуға тиіс, бұл ретте бұрын ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер мұндай құжаттардың және (немесе) мәліметтердің қолдану мерзімі шектелген жағдайларды қоспағанда, қайта ұсынылмайды.

      Егер ұсынылған құжаттарда және (немесе) мәліметтерде мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары және (немесе) уәкілетті ұйымдары шешім қабылдау үшін ақпарат жеткіліксіз болған жағдайда, мұндай органдардың және (немесе) ұйымдардың сұрау салуы бойынша жеткіліксіз мәліметтер ғана қайта ұсынылады.

      Электрондық құжаттар түрінде ұсынылған сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар және (немесе) мәліметтер, қағаз жеткізгіштегі құжаттың дәл көшірмесі болмауы мүмкін.

2. Қызметтер көрсетудің кең спектрі

      Мүдделі тұлғалар тіркелген кезден бастап тауар шығарғанға және кейіннен шаруашылық қызметке аудит жасалғанға дейін мүдделі тұлғаларға тауар жеткізудің барлық кезеңдерінде қызметтер көрсетудің кең спектрі ұсынылуға тиіс.

3. Зияткерлік тетігі

      Эталондық модель оны пайдаланушыларға қызметтер көрсетуді ұсынатын құрал болып табылады. Мұндай тетік әмбебап, нақты уақыт режимінде кешенді қызмет көрсетуге, мүдделі тұлғалардың ұсынылған құжаттарды және (немесе) мәліметтерді жедел өңдеуге және талдауға, сұратылатын қызметтер көрсету негізінде оларды мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының және (немесе) уәкілетті ұйымдарының арасында қайта бөлуге, өтінімдерді қараудың барысы туралы мүдделі тұлғаларға хабарлауға, тәуекелдерді бағалауға, шешімдер беруге икемді.

      Зияткерлік тетігі мүдделі тұлғаларға сыртқы экономикалық қызмет саласында қызметтер көрсетуді ұсынатын тұлғалар, реттеу шаралары туралы қажетті ақпарат алуға, кедендік және өзге де төлемдердің есебін айырысуға және электрондық төлемдер жүргізуге, есептілікті қалыптастыруға және статистикалық деректер алуға мүмкіндік береді.

4. Ұсынылатын қызметтер көрсетудің икемділігі және ашықтығы

            "Бірыңғай терезе" ұлттық тетігінің жұмыс істеуі шеңберінде мүдделі тұлғалар "жеке кабинеттер" құру, тауар жеткізу тізбегінің барлық кезеңдерінде жасалатын экспорттық, импорттық және транзиттік операциялар туралы кешенді түсінігі болу мүмкіндігіне ие болуға тиіс.

      "Бірыңғай терезе" ұлттық тетігі мүдделі тұлғаларға "жеке кабинеттің" көмегімен технологиялық және ақпараттық инновацияларды пайдалана отырып, басқа мүше мемлекеттердің "бірыңғай терезе" тетіктерінің шеңберінде ұсынылатын қызметтер көрсетуді алуға мүмкіндік беруге тиіс.

5. "Бірыңғай терезе" ұлттық тетігін пайдаланушылардың ақпараттық өзара іс-қимылының әртүрлі деңгейлерін қамтамасыз ету

      Эталондық модель мүше мемлекеттердің мүдделі тұлғалары, мемлекеттік органдары мен уәкілетті ұйымдары арасында ақпараттық өзара іс-қимылды, экспорттық, импорттық және транзиттік операциялар жасау кезінде мүдделі тұлғалардың ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимылын, сондай-ақ "бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.

6. Сенімнің жоғары деңгейі

      Эталондық модель пайдаланушылардың жоғары сенім деңгейін қамтамасыз етуге, мүше мемлекеттердің мүдделі тұлғаларының, мемлекеттік органдары мен уәкілетті ұйымдарының арасында сенімге құралған қарым- қатынасты орнатуға ықпал етуге тиіс.

7. Эталондық модельдің қамту саласы

      Эталондық модель:

      1) мемлекеттік реттеу салаларын: кедендік, валюталық, салықтық, кедендік-тарифтік, тарифтік емес, техникалық реттеу салаларын, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық, карантиндік фитосанитариялық шаралар қолдану салаларын, қаржылық қызметтер көрсетуді (банктік, сақтандыру) реттеу, көлік және тасымалдау, зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау салаларын;

      2) қызмет түрлерін: сыртқы сауда, көліктік және логистикалық қызметтер көрсетуді, қаржылық қызмет көрсетуді (банктік, сақтандыру), сондай-ақ кедендік іс саласындағы қызметті;

      3) мынадай субъектілерді:

      мүше мемлекеттердің: кеден ісі, салық салу, кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу салаларындағы мемлекеттік органдарын; сыртқы экономикалық қызметке байланысты рұқсат ету құжаттарын беруді, көліктік бақылауды, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық, карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды), техникалық регламенттердің сақталуын бақылауды (қадағалауды), мемлекеттік бақылаудың экспорттық, радиациялық, валюталық және басқа да түрлерін жүзеге асыратын мемлекеттік органдарын;

      рұқсат беру құжаттарын беруге уәкілетті ұйымдарды, оның ішінде сауда-өнеркәсіп палаталарын, сертификаттау жөніндегі органдарды және Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес бағалау (растау) саласындағы жұмысты жүзеге асыратын сынақ зертханаларын (орталықтарын);

      мүдделі тұлғалар: сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларды, дара кәсіпкерлерді; кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын адамдарды (кеден өкілдерін, кедендік тасымалдаушыларды, уақытша сақтау қоймаларының иелерін, кедендік қоймалардың иелерін, бос қоймалардың иелерін, бажсыз сауда дүкендерінің иелерін); уәкілетті экономикалық операторларды; көліктік-экспедиторлық, логистикалық компанияларды, тасымалдаушыларды, экспресс-тасымалдаушыларды; әуе порттарының әкімшіліктерін, автомобиль және темір жол өткізу пункттерін; банктер мен сақтандыру ұйымдарын; патенттік ұйымдарды (патенттік сенімді өкілдерді), почталық байланыс операторлары мен өзге де ұйымдарды қамтиды.

      Эталондық модельдің функциясы мен құрылымының егжей-тегжейлі сипаттамасы, эталондық модель қамтитын мемлекеттік рәсімдер мен қызметтер көрсетудің тізбесін мүше мемлекеттердегі "бірыңғай терезенің" ұлттық тетіктерін әзірлеу мен құруға бағытталған жобалардың жай-күйіне бағалау мен талдау жүргізу нәтижелері бойынша әзірленеді.

      Эталондық модельді № 1 қосымшаға сәйкес құрылымға сай жасаған орынды.

VI. "Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің жұмыс істеуі шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл

      Мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен уәкілетті ұйымдарының "бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің жұмыс істеуі шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл Еуразиялық экономикалық одағының интеграцияланған ақпараттық жүйесін (бұдан әрі –интеграцияланған жүйе) пайдалана отырып, Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) өзара іс-қимыл регламенттеріне сәйкес жүзеге асырылады және Одақтың құқық нормаларына, атап айтқанда, Одақ туралы Шарттың 23-бабының ережелеріне сәйкес келуге тиіс.

      "Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды дамыту интеграцияланған жүйені пайдаланумен іске асырылатын Одақ шеңберіндегі ортақ процестердің тізбесін оңтайландыру арқылы жүзеге асырылады.

      "Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің жұмыс істеуі шеңберінде пайдаланылатын электрондық құжаттардың құрылымын әзірлеу халықаралық стандарттардың негізінде және оларды ескере отырып, жасалатын деректердің ортақ модельдері негізінде жүзеге асырылады.

      "Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің жұмыс істеуі шеңберіндегі өзара іс-қимыл мынадай қағидаттарға:

      бір мүше мемлекеттің "бірыңғай терезе" ұлттық тетігі арқылы мүдделі тұлғалардан алынған ақпаратты басқа мүше мемлекеттердің мүдделі мемлекеттік органдарының өз құзыреттеріне сәйкес пайдалану мүмкіндігіне;

      экспорттық, импорттық және транзиттік операцияларды жасау үшін жеткілікті, өзекті, біріздендірілген және үйлестірілген мәліметтер мазмұндалған электрондық құжаттармен алмасуды ұйымдастыруға;

      "бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің жұмыс істеуі шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимылға жаңа мүше мемлекеттерді тең жағдайларда қосу мүмкіндігіне;

      Одақтың мүшелері болып табылмайтын мемлекеттердің "бір мемлекеттің экспорты – екінші мемлекеттегі импорты" қағидаты бойынша "бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің жұмыс істеуі шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимылын ұйымдастыру мүмкіндігіне негізделеді.

      "Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің жұмыс істеуі шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимылдың функционалдық моделін сипаттау ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл процестеріне мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша әзірленеді.

      "Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің жұмыс істеуі шеңберіндегі ақпаратты қорғау жөніндегі іс-шара интеграцияланған жүйені құру және дамыту жоспарларына сәйкес өткізіледі. Бұл жоспарда аталған іс-шара көзделмеген.

      Электрондық түрдегі ақпаратты құжаттандырудың ортақ инфрақұрлымының жұмыс істеуін және трансшекаралық сенім кеңістігін құру мен қамтамасыз ету интеграцияланған жүйені құру мен дамыту жұмысының шеңберінде және жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады.

VII. Жоспарды іске асырудың мерзімдері мен кезеңдері

      Осы жоспар 2015 жылдан бастап 2020 жылды қоса алғанда, 6 жылдық кезеңге арнап әзірленген. Жыл сайын егжей-тегжейлі жоспарлар әзірленеді. Одан кейінгі әрбір егжей-тегжейлі жоспар алдыңғы егжей-тегжейлі жоспардың орындалу нәтижелерін ескереді.

      Осы жоспарға және егжей-тегжейлі жоспарға тиісті іс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына елеулі ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларды ескере отырып өзгерістер енгізілуі мүмкін.

      Осы жоспарды іске асыру № 2 қосымшаға сай келетін желілік кестеге сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Ресурстарды оңтайлы бөлуді және әртүрлі кезеңдерге жатқызылған осы іс-шаралар жоспарының іс-шараларын уақтылы орындауды қамтамасыз ету мақсатында олар қатар орындалуы мүмкін.

      Осы жоспар мынадай кезеңдерді ескере отырып, іске асырылады:

      дайындық кезеңі;

      әзірлеу кезеңі;

      іске асыру кезеңі;

      қол жеткізілген нәтижелерге мониторинг жасау және бағалау кезеңі.

      Дайындық кезеңінде осы жоспарды орындаудың ұйымдастыру тетігі айқындалады, "бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерін құруға бағытталған жобалардың ағымдағы жай-күйіне талдау жүргізіледі, "бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерін құру және (немесе) дамыту жөніндегі қажетті ұйымдастыру-құқықтық, технологиялық және техникалық талаптар айқындалады, сондай-ақ оларды жақындастыру перспективасы бағаланады.

      Бұл кезеңде сондай-ақ "бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерін дамытуға арналған ықтимал қаржылық шығындарды бағалау және шешім қабылдау кезінде ескерілетін, олардың жұмыс істеу шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету де жүзеге асырылады.

      Жүргізілген талдау қорытындылары бойынша "бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерін құру және (немесе) дамыту, оларды дамыту бойынша тәсілдерді жақындастыру жөнінде қорытынды жасалады.

      Дайындық кезеңінде жасалған қорытынды негізінде әзірлеу кезеңінде сыртқы экономикалық қызметпен және бизнес-процеспен байланысты мемлекеттік рәсімдерді оңтайландыру, сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті электрондық құжаттарды қамтитын мәліметтер құрамын біріздендіру жөнінде ұсыныс дайындалады, сондай-ақ "бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерін жақындастыру немесе дамыту, мүше мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметі мен заңнамасын реттейтін, Одақтың құқығына кіретін актілердің ережелерін жетілдіру жөніндегі шешімдер мен ұсыныстар әзірленеді және қабылданады, оның ішінде эталондық модельдің функциялары мен құрылымдарының, эталондық модель қамтитын мемлекеттік рәсімдер мен қызметтер көрсету тізбесінің толық сипаттамасы бекітіледі.

      Көрсетілген шешімдер мен ұсынымдарды дайындау кезінде мүше мемлекеттердің бизнес-қоғамдастықтарының ұсыныстары ескеріледі.

      Мониторинг нәтижелері мен қол жеткізілген нәтижелерді бағалау бойынша жасалған ұсыныстар негізінде осы кезең шеңберінде қабылданған құжаттарға өзгерістер енгізілуі мүмкін.

      Іске асыру кезеңінде "бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерін енгізу немесе дамыту, интеграцияланған жүйе арқылы ақпараттық өзара іс-қимылды тиісінше қамтамасыз ету жөніндегі шешім қабылданады, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін қажетті электрондық құжаттарды өзара тануды, біріздендіруді, стандарттауды және үйлестіруді жүзеге асыруды және оларды мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары және (немесе) уәкілетті ұйымдарының пайдалануын қамтамасыз ететін ұйымдық-технологиялық, құқықтық және техникалық іс-шаралар кешені іске асырылады.

      Бұл кезеңде "бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерін жақындастыру мен дамыту жұмысын танымал ету жұмыстары: бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс, негізгі бағыттарды және осы жоспарды іске асыру мәселелері бойынша ашық пікірталастар, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру жүргізіледі.

      Қол жеткізілген нәтижелерге мониторинг жасау және бағалау кезеңінде белгіленген нысаналы индикаторлар (мәндер) мен көрсеткіштер негізінде қол жеткізілген нәтижелерді талдау тұрақты түрде жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша осы жоспарға өзгерістер енгізу, қаржыландыру көлемін түзету, нысаналы индикаторлар (мәндер) мен көрсеткіштерді өзгерту туралы ұсыныс дайындалады.

VIII. Қаржыландыру көздері

      Іс-шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ету мүше мемлекеттердің бюджеттері және Одақтың бюджеті есебінен, сондай-ақ бюджеттен тыс көздер есебінен жүзеге асырылады.

IX. Жоспарды орындаудың нәтижелілігі мен тиімділігінің көрсеткіштері

      Осы жоспарда іс-шараны орындаудың нәтижелілігі мен тиімділігі көрсеткіштерінің екі деңгейлі жүйесі көзделген:

      бірінші деңгей – нәтижелілік көрсеткіштері (тікелей нәтиже көрсеткіштері);

      екінші деңгей – тиімділік көрсеткіштері (түпкілікті нәтиже көрсеткіштері).

      Мыналар:

      осы жоспарда және егжей-тегжейлі жоспарларда көзделген іс-шаралардың жалпы санына шаққанда орындалған іс-шаралардың үлесі (дайындалған және қабылданған шешім, Комиссияның ұсынымдары, құжаттың жобасы, қабылданған құжат және басқалар);

      орындалу мерзімі келген іс-шаралардың жалпы санына шаққанда уақтылы орындалған іс-шаралар үлесі іс-шараларды орындалу нәтижелілігінің көрсеткіштері (жыл сайын және тұтастай алғанда жоспар бойынша өспелі қорытынды) болып табылады.

      Орындалмаған және уақытша орындалмаған іс-шаралар бойынша олардың орындалмауының немесе уақтылы орындалмауының объективті себептерінің негіздемесі ұсынылуға тиіс.

      Мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен бизнес-қоғамдастығы үшін "бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерін дамытудың оң нәтижесімен сипатталатын іс-шараларды орындаудың тиімділік көрсеткіштері мыналар болып табылады:

      сыртқы экономикалық қызметке қатысушының Одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткізу үшін қажетті құжаттарының электрондық түрде ұсынылатын үлесі;

      сыртқы экономикалық қызметке байланысты мемлекеттік рәсімдерден өтудің шекті уақыты (экспорттық, импорттық және транзиттік операциялар бойынша жеке);

      "бірыңғай терезе" ұлттық тетігінің жұмыс істеу шеңберінде ұсынылатын қызмет көрсетудің сапасын бағалайтын сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың жалпы санына шаққандағы қанағаттанарлық ретіндегі үлесі;

      сыртқы экономикалық қызметке байланысты мемлекеттік рәсімдерді орындау кезінде электрондық түрде ұсынылатын есептілік нысандарының үлесі;

      кәсіпкерлердің әкімшілік шығындарының көлемін азайту (сыртқы экономикалық қызметке байланысты мемлекеттік рәсімдерді жүзеге асыруға арналған еңбек, уақыт және қаржы шығындары).

      Осы жоспарды орындаудың тиімділік көрсеткіштерінің базалық және жыл сайынғы нысаналы индикаторларын (мәндер), сондай-ақ оларды есептеудің әдістемесін Комиссия бекітеді.

Х. Жоспарды іске асыру кезіндегі ықтимал тәуекелдер

      Осы жоспарды іске асыру барысында түпкі мақсат пен оны іске асырудың қадамдарын біркелкі түсінудің болмауына, мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдарының, уәкілетті ұйымдарының және Комиссияның арасында үйлестірудің жеткіліксіздігіне, электрондық құжаттарды қабылдаудың басымдығы бөлігінде Комиссияның және (немесе) мүше мемлекеттердің Негізгі бағыттардың ережелерін ескермейтін шешімдер қабылдануына, осы жоспарды іске асыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландырудың, ресурстық қамтамасыз етудің жеткіліксіздігіне байланысты тәуекелдер туындауы мүмкін.

      Көрсетілген тәуекелдер тиісті басқарушылық шешімдерді уақтылы анықтау және қабылдау жолымен азайтылуы мүмкін.

XI. Жоспарды іске асыруды қамтамасыз ететін ұйымдастыру тетігі

      Осы жоспарды іске асыруды қамтамасыз ететін ұлтүсті деңгейіндегі ұйымдастыру тетігі Одақ туралы Шартта көзделген Одақ органдарының құрылымына негізделген.

      Комиссия Кеңесі осы жоспарды іске асырудың стратегиялық мәселелері бойынша, оның ішінде жүйелі мәселелер, жыл сайын егжей-тегжейлі жоспарларды бекіту және қаржыландыру бойынша шешімдер қабылдайды.

      Комиссия Алқасы осы жоспарда көзделген шешімдер мен ұсыныстарды қабылдайды.

      Комиссия Алқасы мүшелерінің бірі басшылық ететін, осы жоспарды іске асыру жөніндегі жұмыс тобын Комиссия Алқасы құрады.

      Көрсетілген жұмыс тобы осы жоспардың орындалуын жалпы үйлестіру мен мониторингін қамтамасыз етеді, Одақ органдары актілерінің жобалары түрінде ұсыныстар дайындайды, жыл сайын егжей-тегжейлі жоспарлардың жобаларын әзірлеуді жүзеге асырады, осы жоспардың орындалуы туралы есептерді қарайды.

      Мүше мемлекеттердің ұлттық деңгейінде осы жоспарды іске асыруға уәкілетті үйлестіруші (кеңесші) органдар құрылады, олардың құрамына мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықтың өкілдері кіреді. Мұндай үйлестіруші (кеңесші) органдар мемлекеттік органдарға осы жоспарды іске асыру шеңберінде "бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерін құру мен дамыту жөнінде ұсыныстар берілуін қамтамасыз етеді.

      Негізгі бағыттарды іске асыруға жауапты уәкілетті мемлекеттік орган, ұлттық үйлестіруші (кеңесші) органның қызметін ұйымдастыруды жүзеге асырады.

      Осы жоспардың орындалуын үйлестіру мақсатында ұлттық үйлестіруші (кеңесші) органдар мен жұмыс тобы өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

      Осы жоспардың іске асырылуын қамтамасыз ететін ұйымдастыру тетігінің схемасы № 3 қосымшада келтірілген.

XII. Іс-шаралар тізбесі


Іс-шара атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

1

2

3

4

5

6

7

1. "Бірыңғай терезе" ұлттық тетігін дамыту

1.1. Мүше мемлекеттердің заңнамасында және халықаралық практикада "бірыңғай терезе" тетігін сипаттауда пайдаланылатын терминдерді салыстыру

II тоқс.

1.2. Сыртқы экономикалық қызметпен байланысты мемлекеттік рәсімдер мен бизнес-процестерді модельдеу мен талдауға мүше-мемлекеттердің көзқарастарын келісу

II тоқс.

1.3. "Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерін дамытудың жай-күйін бағалау әдістемесін әзірлеу

III тоқс.

1.4. "Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерін дамытудың жай-күйіне әзірленген әдістемеге сәйкес талдау жүргізу

IV тоқс.

I-II тоқс.

1.5. "Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерін дамытудың жай-күйін бағалау нәтижелерін жинау және қорыту. Сыртқы экономикалық қызметке байланысты мемлекеттік рәсімдер мен бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде, сондай-ақ "бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерін дамыту жөнінде әрбір мүше мемлекет бойынша қорытынды әзірлеу

IV тоқс.

I-II тоқс.

1.6. "Бірыңғай терезе" ұлттық тетігінің эталондық моделінің функциясы мен құрылымының, осы эталондық модель қамтитын мемлекеттік рәсімдер мен қызмет көрсетулердің тізбесінің, ұлтүсті сегментті ескере отырып, егжей-тегжейлі сипаттамасын әзірлеу және бекіту

IV тоқс.

I-II тоқс.

1.7. "Бірыңғай терезе" ұлттық тетігін әзірлеу, енгізу және оңтайландыру

IV
тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-III тоқс.

1.      "Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерін дамыту
жөніндегі көзқарастарды жақындастыру
 

2.1. "Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерін дамыту жөніндегі көзқарастарды жақындастырудың басым бағыттарын айқындау

III-IV тоқс.

2.2. "Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің дамуын бағалау және мониторинг жасау, "бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің жұмысына осы кестенің 1.5-тармағын ескере отырып, қажетті өзгерістер енгізу жөнінде ұсынымдар дайындау

I тоқс.

I тоқс.

I тоқс.

I тоқс.

2.3. "Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің жұмыс істеуіне ұсыныстарға сәйкес өзгерістер енгізу

I тоқс.

I тоқс.

I тоқс.

I тоқс.

2.      Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға
қажетті электрондық құжаттарды өзара тану
 

3.1. Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға қажетті құжаттар мен мәліметтерді талдау және Одақтың құқығына кіретін актілерге және мүше мемлекеттердің заңнамасына құжаттардағы мәліметтерді біріздендіру және үйлестіру мақсатында өзгерістер енгізу қажеттігін бағалау

II-IV тоқс.

3.2. Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға қажетті құжаттардың, сондай-ақ Одақтың аумағында ресімделетін электрондық құжаттарда қамтылған мәліметтерді өзара тану мақсатында оларды біріздендіру және үйлестіру

III-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-II
тоқс.

3.3. Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға қажетті электрондық құжаттарды ресімдеуге және пайдалануға көшуі

III-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-II
тоқс.

3.4. Мүше мемлекеттер болып табылмайтын мемлекеттердің уәкілетті органдары берген сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға қажетті құжаттар мен мәліметтерді Одақ аумағында пайдалану

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-II
тоқс.

3.5. Сыртқы экономикалық қызмет субъектілерін бірегей сәйкестендіруді қамтамасыз ету

III-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

4. Ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру

4.1. Мүдделі тұлғалардың және мемлекеттік органдардың "бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің шеңберіндегі өзара іс-қимыл рәсімдерін біріздендіру

III-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

4.2. "Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің шеңберіндегі ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл рәсімдерін оңтайландыру

III-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

4.3. "Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуде іске қосылған Одақ шеңберіндегі жалпы процестерді оңтайландыру және іске асыру

III-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

4.4. Мүдделі тұлғалардың "бірыңғай терезе" ұлттық тетігін пайдалануы рәсімдерін оңайлату

III-IV тоқс.

III-IV тоқс.

III-IV тоқс.

III-IV тоқс.

III-IV тоқс.

III-IV тоқс.

4.5. "Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қажетті Одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесін қалыптастыру және дамыту

III-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

5. Ұғымдық аппаратты қалыптастыру

5.1. Негізгі бағыттарды іске асыру кезінде пайдаланылатын терминдердің глоссарийін әзірлеу

III-IV тоқс.

5.2. Негізгі бағыттарды іске асыру кезінде пайдаланылатын терминдердің глоссарийін жүргізу (өзектендіру)

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-II
тоқс.

6. Осы жоспарды іске асыруды қамтамасыз ететін
ұйымдастыру тетігі (басқару тетігі)
 

6.1. Басқару тетігінің ұйымдық құрылымын әзірлеу және бекіту

III тоқс.

6.2. Осы жоспарды іске асыру жөніндегі жұмыс тобын құру

III тоқс.

6.3. Мүше мемлекеттердің Негізгі бағыттарды іске асыруға жауапты уәкілетті органдарды айқындауы

III тоқс.

6.4. Мүше мемлекеттердің осы жоспарды іске асыруға уәкілетті үйлестіруші (кеңесші) органдарды құруы

III тоқс.

6.5. Басқару тетігінің ұйымдастыру құрылымын жетілдіру

IV
тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

7. Ұйымдастыру мәселелері

7.1. "Бірыңғай терезе" тетігін кеңінен таныту: БАҚ-пен жұмыс, Негізгі бағыттарды және осы жоспарды іске асыру жөнінде ашық пікірталастар, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру

II-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

I-IV тоқс.

7.2. Негізгі бағыттарды және осы жоспарды іске асыру жөнінде атқарылған жұмыстар туралы есептер дайындау және жариялау

IV
тоқс.

II,IV тоқс.

II,IV тоқс.

II,IV тоқс.

II,IV тоқс.

II,IV тоқс.

      _________________


  Сыртқы экономикалық
қызметті реттеу жүйесінде
"Бірыңғай терезе" тетігін
дамытудың негізгі
бағыттарын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар
жоспарына
№ 1 ҚОСЫМША

"Бірыңғай терезе" ұлттық тетігі эталондық моделінің құрылымы






















      Ескерту. Осы құрылымда мынадай белгілеулер пайдаланылады:

      "B2B" – мүдделі тұлғалардың өз араларындағы ақпараттық өзара іс-қимыл;

      "B2G/G2B" – мүше мемлекеттердің мүдделі тұлғаларының, мемлекеттік органдарының және (немесе) уәкілетті ұйымдарының арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл;

      "G2G" – ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл;

      "ЕЭК" – Еуразиялық экономикалық комиссия.



  Сыртқы экономикалық қызметті
  реттеу жүйесінде "Бірыңғай терезе"
  тетігін дамытудың негізгі
  бағыттарын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспарына
  № 2 ҚОСЫМША

Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "Бірыңғай терезе" тетігін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асырудың желілік кестесі

Іс-шара

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

I

II

III

IV

I

II

III

IV

I

II

III

IV

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

1.1

Мүше мемлекеттердің заңнамасында және халықаралық практикада "бірыңғай терезе" тетігін сипаттауда пайдаланылатын терминдерді салыстыру


A











1.2

Сыртқы экономикалық қызметпен байланысты мемлекеттік рәсімдер мен бизнес-процестерді модельдеу мен талдауға мүше-мемлекетердің көзқарастарын келісу


A

D










1.3
 

"Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерін дамытудың жай-күйін бағалау әдістемесін әзірлеу



A

D









1.4

"Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерін дамытудың жай-күйіне әзірленген әдістемеге сәйкес талдау жүргізу




A/D

A

A






1.5

"Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерін дамытудың жай-күйін бағалау нәтижелерін жинау және қорыту. Сыртқы экономикалық қызметке байланысты мемлекеттік рәсімдер мен бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде, сондай-ақ "бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерін дамыту жөнінде әрбір мүше мемлекет бойынша қорытынды әзірлеу




A/D

A

A






1.6

"Бірыңғай терезе" ұлттық тетігінің эталондық моделінің функциясы мен құрылымының, осы эталондық модель қамтитын мемлекеттік рәсімдер мен қызмет көрсетулердің тізбесінің, ұлтүсті сегментті ескере отырып, егжей-тегжейлі сипаттамасын әзірлеу және бекіту




B

B

B


D





1.7

"Бірыңғай терезе" ұлттық тетігін әзірлеу, енгізу және оңтайландыру




B

B

B

B

B/D

B/C

B/C

B/C

B/C/D

2.1

"Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерін дамыту жөніндегі көзқарастарды жақындастырудың басым бағыттарын айқындау



A

В/D









2.2

"Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің дамуын бағалау және мониторинг жасау, "бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің жұмысына осы кестенің 1.5-тармағын ескере отырып, қажетті өзгерістер енгізу жөнінде ұсынымдар дайындау









D




2.3

"Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің жұмыс істеуіне ұсыныстарға сәйкес өзгерістер енгізу









D




3.1

Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға қажетті құжаттар мен мәліметтерді талдау және Одақтың құқығына кіретін актілерге және мүше мемлекеттердің заңнамасына құжаттардағы мәліметтерді біріздендіру және үйлестіру мақсатында өзгерістер енгізу қажеттігін бағалау


А

A

A/D









3.2

Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға қажетті құжаттардың, сондай-ақ Одақтың аумағында ресімделетін электрондық құжаттарда қамтылған мәліметтерді өзара тану мақсатында оларды біріздендіру және үйлестіру



A

B/D

B

B

B

B/D

B

B

B/C

B/C/D

3.3

Мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға қажетті электрондық құжаттарды ресімдеуге және пайдалануға көшуі



B

B/D

C

C

C

C/D

C

C

C

C/D

3.4

Мүше мемлекеттер болып табылмайтын мемлекеттердің уәкілетті органдары берген сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға қажетті құжаттар мен мәліметтерді Одақ аумағында пайдалану





B

B

B

C/D

C

C

C

C/D

3.5

Сыртқы экономикалық қызмет субъектілерін бірегей сәйкестендіруді қамтамасыз ету



B

B/D

B

B

B/C

B/C/D

C

C

C

C/D

4.1

Мүдделі тұлғалардың және мемлекеттік органдардың "бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің шеңберіндегі өзара іс-қимыл рәсімдерін біріздендіру



A/B

B/C

D/B

B/C

B/С

B/C

D/B

B/C

B/С

B/C

4.2

"Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің шеңберіндегі ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл рәсімдерін оңтайландыру



A/B

B/C

D/B

B/C

B/С

B/C

D/B

B/C

B/С

B/C

4.3

"Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуде іске қосылған Одақ шеңберіндегі жалпы процестерді оңтайландыру және іске асыру



A/B

B/C

D/B

B/C

B/С

B/C

D/B

B/C

B/С

B/C

4.4

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің "бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерін пайдалану рәсімдерін оңайлатуы



A

D


A

A

D


A

A

D

4.5

"Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қажетті Одақтың бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпарат жүйесін қалыптастыру және дамыту



B

C

C

C

C

C

C

C

C

C

5.1

Негізгі бағыттарды іске асыру кезінде пайдаланылатын терминдердің глоссарийін әзірлеу



B

B/D









5.2

Негізгі бағыттарды іске асыру кезінде пайдаланылатын терминдердің глоссарийін жүргізу (өзектендіру)





C

C

C

C/D

B

B/C

C

C/D

6.1

Басқару тетігінің ұйымдастыру құрылымын әзірлеу және бекіту



A/B/C

D









6.2

Іс-шара жоспарын іске асыру жөніндегі жұмыс тобын құру



A/B/C

D









6.3

Мүше мемлекеттердің Негізгі бағыттарды іске асыруға жауапты уәкілетті органдарды айқындауы



A/B/C

D









6.4

Мүше мемлекеттердің іс-шара жоспарын іске асыру жөніндегі үйлестіруші (кеңесші) органдарды (кеңестерді, комиссияларды) құруы



A/B/C

D









6.5

Басқару тетігінің ұйымдастыру құрылымын жетілдіру








D

B

B

В

D

7.1

"Бірыңғай терезе" тетігін кеңінен таныту: БАҚ-пен жұмыс, Негізгі бағыттарды және іс-шара жоспарын іске асыру жөнінде ашық пікірталастар, семинарлар, конференциялар ұйымдастыру


C

C

D

C

C

C

C/D

C

C

C

C/D

7.2

Негізгі бағыттарды және іс-шара жоспарын іске асыру жөнінде атқарылған жұмыстар туралы есептер дайындау және жариялау




C


C


C


C


C


2018 жыл

2019 жыл

2020 жыл

I

II

III

IV

I

II

III

IV

I

II

III

IV

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26









































































B/C

B/C

C

C/D

C

C

C

D

















D




D




D




D




D




D
















B/C

B/C

B/C

C/D

C

C

C

C/D

C

C


D

C

C

C

C/D

C

C

C

C/D

C

C


D

C

C

C

C/D

C

C

C

C/D

C

C


D













D/B

B/C

B/С

B/C

D/B

B/C

B/С

B/C

D/B

B/C

B/С

B/C

D/B

B/C

B/С

B/C

D/B

B/C

B/С

B/C

D/B

B/C

B/С

B/C

D/B

B/C

B/С

B/C

D/B

B/C

B/С

B/C

D/B

B/C

B/С

B/C


A

A

D


A

A

D


A

A

D

C

C

C

C

C

C

C

C

C

C

C

C













C

C

C

C/D

B

B/C

C

C/D

C

C


D

















































B

B

В

D

B

B

В

D





C

C

C

C/D

C

C

C

C/D

C

C

C

C/D


C


C


C


C


C


C


      Ескерту. Осы кестеде мынадай белгілеулер пайдаланылады:

      "А" – дайындық кезеңі;

      "В" – әзірлеу кезеңі;

      "С" – іске асыру кезеңі;

      "D" – қол жеткізілген нәтижелерге мониторинг жасау және бағалау кезеңі.


      _________________





  Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "Бірыңғай терезе" тетігін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспарына
  № 3 ҚОСЫМША

Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "Бірыңғай терезе" тетігін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруды қамтамасыз ететін ұйымдастыру тетігінің кестесі









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады