Моторлы және өздігінен жүрмейтін теміржол вагондарының жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін белгілеу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 25 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеңесі шешті:

      1. ЕАЭО СЭҚ ТН 8603 10 000 2 және 8605 00 000 2 кодтарымен сыныпталатын моторлы және өздігінен жүрмейтін теміржол вагондарының жекелеген түрлеріне қатысты Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері осы Шешім күшіне енген күннен бастап 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы аралықта кеден құнының 0 пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) ЕАЭО СЭҚ ТН 8605 00 000 3 коды бар позициясындағы "23С)" ескертуіне сілтеме алып тасталсын;

      б) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне 23С ескертуіндегі "2014 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 25 шешімі күшіне енген күннен бастап 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы аралықта" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшелері:


Армения Республикасынан
В. Габриелян

Беларусь Республикасынан
В. Матюшевский

Қазақстан Республикасынан
Б. Сағынтаев

Ресей Федерациясынан
И. Шувалов







Об установлении ставок ввозных таможенных пошлин Единого таможенного тарифа Евразийского экономического союза в отношении отдельных видов железнодорожных моторных и несамоходных вагонов

Решение Совета Евразийской экономической комиссии от 28 мая 2015 года № 25. Утратило силу решением Совета Евразийской экономической комиссии от 14 сентября 2021 года № 80

      Сноска. Утратило силу решением Совета Евразийской экономической комиссии от 14.09.2021 № 80 (вводится в действие с 01.01.2022).

      В соответствии со статьями 42 и 45 Договора о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года Совет Евразийской экономической комиссии решил:

      1. Установить ставки ввозных таможенных пошлин Единого таможенного тарифа Евразийского экономического союза ( приложение к Решению Совета Евразийской экономической комиссии от 16 июля 2012 г. № 54) в отношении отдельных видов железнодорожных моторных и несамоходных вагонов, классифицируемых кодами 8603 10 000 2 и 8605 00 000 2 ТН ВЭД ЕАЭС, в размере 0 процентов от таможенной стоимости с даты вступления в силу настоящего Решения по 31 декабря 2016 г. включительно.

      2. Внести в Единый таможенный тариф Евразийского экономического союза ( приложение к Решению Совета Евразийской экономической комиссии от 16 июля 2012 г. № 54) следующие изменения:

      а) в позиции с кодом 8605 00 000 3 ТН ВЭД ЕАЭС ссылку на примечание "23С)" исключить;

      б) в примечании 23С к Единому таможенному тарифу Евразийского экономического союза слова "по 31.12.2014 включительно" заменить словами "с даты вступления в силу Решения Совета Евразийской экономической комиссии от 28 мая 2015 г. № 25 по 31.12.2016 включительно.".

      3. Настоящее Решение вступает в силу по истечении

      10 календарных дней с даты его официального опубликования.

Члены Совета Евразийской экономической комиссии:

От Республики

Армения

От Республики

Беларусь

От Республики

Казахстан

От Российской

Федерации

В. Габриелян

В. Матюшевский

Б. Сагинтаев

И. Шувалов