Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 10 қазандағы № 88 шешімінің 1-тармағын іске асыру мақсатында:
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері және Еуразиялық экономикалық комиссия "Табиғи үлбірден жасалған киім, киімге керек-жарақтар және басқа да бұйымдар" тауар позициясы бойынша өнімді таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаның 2015 – 2016 жылдары іске асырылуын қаржыландыруды, оның ішінде тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық құрауыштарын әзірлеуді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер қаражаты есебінен, интеграциялық құрауышын әзірлеуді Еуразиялық экономикалық комиссия есебінен қаржыландыруды қарастырып, қамтамасыз етсін.
2. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Ресей Федерациясынан |