Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағында таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаны қаржыландыруды қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 3 Өкімі

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 10 қазандағы № 88 шешімінің 1-тармағын іске асыру мақсатында:

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері және Еуразиялық экономикалық комиссия "Табиғи үлбірден жасалған киім, киімге керек-жарақтар және басқа да бұйымдар" тауар позициясы бойынша өнімді таңбалауды енгізу жөніндегі пилоттық жобаның 2015 – 2016 жылдары іске асырылуын қаржыландыруды, оның ішінде тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесінің ұлттық құрауыштарын әзірлеуді Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер қаражаты есебінен, интеграциялық құрауышын әзірлеуді Еуразиялық экономикалық комиссия есебінен қаржыландыруды қарастырып, қамтамасыз етсін.

      2. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:


Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан
 

Қазақстан Республикасынан

Ресей Федерациясынан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады