2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 92-бабының 9-тармағын, Өнеркәсіптік ынтымақтастық туралы хаттаманы (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 27 қосымша) іске асыру, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2013 жылғы 31 мамырдағы № 40 шешімінде айқындалған бағыттар бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ынтымақтастығын ұйымдастыру мақсатында:
1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп 2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін мынадай құжаттарды:
қаржыландыру тетіктері қамтылатын, еуразиялық технологиялық платформаларды қалыптастыру және олардың жұмыс істеуі туралы ережелердің жобасын;
салалық бағыттар бойынша еуразиялық технологиялық платформалар тізбесінің жобасын әзірлесін және олардың Еуразиялық үкіметаралық кеңестің қарауына енгізілуін қамтамасыз етсін.
2. Осы өкім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
|