Еуразиялық технологиялық платформаларды қалыптастыру туралы

Жаңа

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 11 Өкімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 92-бабының 9-тармағын, Өнеркәсіптік ынтымақтастық туралы хаттаманы (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 27 қосымша) іске асыру, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2013 жылғы 31 мамырдағы № 40 шешімінде айқындалған бағыттар бойынша Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ынтымақтастығын ұйымдастыру мақсатында:

      1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері Еуразиялық экономикалық комиссиямен бірлесіп 2015 жылғы 1 желтоқсанға дейін мынадай құжаттарды:

      қаржыландыру тетіктері қамтылатын, еуразиялық технологиялық платформаларды қалыптастыру және олардың жұмыс істеуі туралы ережелердің жобасын;

      салалық бағыттар бойынша еуразиялық технологиялық платформалар тізбесінің жобасын әзірлесін және олардың Еуразиялық үкіметаралық кеңестің қарауына енгізілуін қамтамасыз етсін.

      2. Осы өкім ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Ресей Федерациясынан






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады