Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында 1975 жылғы ХЖТ кітапшасын қолдана отырып халықаралық жүк тасымалдау туралы Кеден конвенциясын (ХЖТ Конвенциясын) қолдана отырып кедергісіз транзиттік жол жүруді қамтамасыз ету шарттары туралы

Еуразиялық Үкіметаралық Кеңестің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 12 Өкімі

      1. ХЖТ Конвенциясын қолдана отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың аумағы арқылы тасымалдаушыларға кедергісіз транзиттік жол жүруді қамтамасыз ету қажеттігі туралы Қазақстан тарапының ақпараты назарға алынсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында 1975 жылғы ХЖТ кітапшасын қолдана отырып халықаралық жүк тасымалдау туралы Кеден конвенциясының (ХЖТ Конвенциясының) үзіліссіз қолданылуын қамтамасыз етсін.

      3. ХЖТ кітапшасын қолдана отырып, кедендік транзиттің кедендік рәсімін жетілдіру және кеден заңнамасы бұзылған кезде мемлекетке келтірілетін залалды барынша азайту мақсатында оны түрлендіру жөніндегі ресейлік ұсыныстар пакетін ілгерілету бойынша ХЖТ Конвенциясының басшы органдарында Тараптардың тығыз өзара іс-қимыл жасауы және бірлесіп жұмыс істеуі қамтамасыз етілсін.

      4. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь Республикасынан

Қазақстан Республикасынан

Қырғыз Республикасынан

Ресей Федерациясынан



Об условиях обеспечения беспрепятственного транзитного проезда с применением Таможенной конвенции о международной перевозке грузов с применением книжки МДП (Конвенции МДП) 1975 года на территории Евразийского экономического союза

Распоряжение Евразийского межправительственного совета от 29 мая 2015 года № 12

      1. Принять к сведению информацию казахстанской стороны о необходимости обеспечения беспрепятственного транзитного проезда перевозчикам по территории Евразийского экономического союза с применением Конвенции МДП.
      2. Правительствам государств-членов Евразийского экономического союза обеспечить непрерывное действие Таможенной конвенции о международной перевозке грузов с применением книжки МДП (Конвенции МДП) 1975 года на территории Евразийского экономического союза.
      3. Обеспечить тесное взаимодействие и совместную работу Сторон в руководящих органах Конвенции МДП по продвижению российского пакета предложений по ее модификации с целью совершенствования таможенной процедуры таможенного транзита с применением книжки МДП и минимизации ущерба государству при нарушениях таможенного законодательства.
      4. Настоящее Распоряжение вступает в силу по истечении 10 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Члены  Евразийского межправительственного совета:

От Республики
Армения

От Республики
Беларусь

От Республики
Казахстан

От Российской
Федерации