1. ХЖТ Конвенциясын қолдана отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың аумағы арқылы тасымалдаушыларға кедергісіз транзиттік жол жүруді қамтамасыз ету қажеттігі туралы Қазақстан тарапының ақпараты назарға алынсын.
2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында 1975 жылғы ХЖТ кітапшасын қолдана отырып халықаралық жүк тасымалдау туралы Кеден конвенциясының (ХЖТ Конвенциясының) үзіліссіз қолданылуын қамтамасыз етсін.
3. ХЖТ кітапшасын қолдана отырып, кедендік транзиттің кедендік рәсімін жетілдіру және кеден заңнамасы бұзылған кезде мемлекетке келтірілетін залалды барынша азайту мақсатында оны түрлендіру жөніндегі ресейлік ұсыныстар пакетін ілгерілету бойынша ХЖТ Конвенциясының басшы органдарында Тараптардың тығыз өзара іс-қимыл жасауы және бірлесіп жұмыс істеуі қамтамасыз етілсін.
4. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |