Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қатысуымен, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қаржылық тұрақтылықты және экономикалық өсімді қамтамасыз ету тәсілдерін талқылау, мүше мемлекеттердің макроэкономикалық және валюта-қаржы саясаты салаларындағы ынтымақтастығын тереңдету мақсатында 2015 жылғы 25 тамызда өткізілген, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) экономика министрлігі, қаржы министрлігі, орталық (ұлттық) банктері басшылары жиналысының қорытындылары туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпаратын назарға ала отырып:
1. Мүше мемлекеттердің экономика министрлігі, қаржы министрлігі, орталық (ұлттық) банктері басшыларының және Комиссия өкілдерінің кездесуін өткізу арқылы мүше мемлекеттердің макроэкономикалық және валюта-қаржы саясаты салаларындағы ынтымақтастығын тереңдету бойынша пікір алмасу жалғасын тапсын.
2. Мүше мемлекеттер экономикаларының тұрақтылығын арттыру жөніндегі интеграциялық шаралар туралы баяндаманы дайындау кезінде Еуразиялық үкіметаралық кеңестің "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің макроэкономикалық және валюта-қаржы саясаты салаларындағы ынтымақтастығын тереңдету туралы" 2015 жылғы 29 мамырдағы № 9 өкімін орындау мақсатында, Комиссия мүше мемлекеттердің үкіметтерімен, орталық (ұлттық) банктерімен бірлесіп, макроэкономикалық және валюта-қаржы саясаты салаларындағы олардың ынтымақтастығын тереңдету мүмкіндігін қарастырсын.
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |