2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 18 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне және Еуразиялық экономикалық комиссияның кейбір шешімдеріне нефритке және диаммония сутегі фосфатына (диаммония фосфаты) қатысты өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 4 шешімі күшіне енген күннен бастап:
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелерді (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 12 наурыздағы № 4 ұсынымына қосымша) қосымшаға сәйкес өзгерістерді ескере отырып, қолдануға ұсыным жасайды.
Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы | В. Христенко |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 1 ұсынымына ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің VI томына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. 71-топта:
а) ЕАЭО СЭҚ ТН-ның "710310 000 0" қосалқы позициясына түсіндірме мынадай редакцияда жазылсын:
"7103 10 000 1 Өңделмеген немесе жай және арамен тілінген немесе бастапқы
7103 10 000 9 өңдеуге ұшыраған
7103 10 қосалқы позицияға түсіндірмені қараңыз.
Аталған кіші қосалқы позицияға дублеттер
немесе триплеттер ретінде дайындалған тастар енбейді
(7103 91 000 0, 7103 99 000 1 немесе 7103 99 000 9 позициялар.";
б) ЕАЭО СЭҚ ТН-ның "7103 91 000 0 және 7103 99 000 0" қосалқы позициясына түсіндірме мынадай редакцияда жазылсын:
2. "7103 10 000 1 -асқа тәсілдермен өңделген
7103 10 000 9
7103 91 және 7111000399 қосалқы позицияға түсіндірмені қараңыз.
Дублеттер немесе триплеттер ретінде дайындалған тастар бір тасты (дублеттің немесе триплеттің үстіңгі бөлігі) және бір немесе басқа екі тасты (әдетте, неғұрлым төмен сапалы) басқа түрдегі материалдың (мәселен, қайта өңделген тастың немесе шынының) үстіне жапсырудан алынған тасты білдіреді.
"Басқа тәсілдермен өңделген" болып есептелмейтін тастарға (аталған позициялардағы сыныптау мақсаттары үшін), сондай-ақ, тіпті олар ілдірікке орнатылмаса да немесе бекітілмесе де, 90 немесе 91-топқа енгізілген тастарға қатысты 7103 тауар позициясы, үшінші және бесінші абзацқа түсіндірмені қараңыз.
Бастапқы өңдеуге ұшыраған тастар (әдетте "дайындамалар" деп аталатын) 7103 10 000 1 немесе 7103 10 000 9 кіші қосалқы позицияға енгізіледі.";
в) ЕАЭО СЭҚ ТН-ның "710410 000 0" қосалқы позициясына түсіндірмелердегі "710420 000 0 немесе 710490 000 0" деген сөздер "710420 000 9 немесе 710490 000 0 9 кіші қосалқы позициясы" деген сөздермен ауыстырылсын;
г) ЕАЭО СЭҚ ТН-ның "710420 000 0" қосалқы позициясына түсіндірме мынадай редакцияда жазылсын:
"710420 000 1 Өңделмеген немесе жай және арамен тілінген немесе бастапқы
710420 000 9 өңдеуге ұшыраған
тиісті өзгерістер енгізілген кезде 7103 10 000 1 және 7103 10 000 9 кіші қосалқы позицияларға түсіндірмелерді қолдануға болады.";
д) ЕАЭО СЭҚ ТН-ның "710490 000 0" коды "7104 90 000 1 және 7104 90 000 9" деген сөздермен ауыстырылсын.