Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 5-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Кеден одағының "Темекі өніміне техникалық регламент" техникалық регламентінің (КО ТР 035/2014) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер қағидалалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В. Христенко |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 9 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Кеден одағының "Темекі өніміне техникалық регламент" техникалық регламентінің (КО ТР 035/2014) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер қағидалалары мен әдістерін, соның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттардың ТІЗБЕСІ
Р/с № | Кеден одағы техникалық регламентінің элементтері | Стандарттың белгіленуі | Стандарттың атауы | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 |
II бөлім | МемСТ ISO 12863-2013 | Сигареталар. Тұтанғыш қабілетін бағалау үшін сынаудың стандартты әдісі | |
2 | МВИ 01-2009 | Жұқа тілінген шегу және түтікше темекі талшығының енін өлшеуді орындау әдістемесі | ||
3 | МВИ 02-2009 | Сигара мен сигарилла қалыңдығын өлшеуді орындау әдістемесі | ||
4 | VIII бөлім |
МемСТ 31632-2012 | Сигареталар. Сынамаларды іріктеу | |
5 | МемСТ ИСО 3402-2003 | Темекі және темекі бұйымдары. Кондиционерлеу мен сынау үшін атмосфера | ||
6 | МемСТ ИСО 3308-2003 | Сигарета тұтатуға арналған кәдімгі зертхана машинасы (шегу машинасы). Анықтамалар және стандартты шарттар | 01.01.2017 дейін қолданылады | |
7 | МемСТ ISO 3308-2015 | Сигарета тұтатуға арналған кәдімгі зертхана машинасы (шегу машинасы). Анықтамалар және стандартты шарттары |
01.01.2017 бастап | |
8 | МемСТ 30571-2003 (ИСО 4387:2000) | Сигареталар. Зертханалық шегу машинасының көмегімен сигарета түтініндегі ылғал әрі құрамында никотин жоқ құрғақ конденсаттың құрамын анықтау | ||
9 | МемСТ 30622.1-2003 (ИСО 10362-1:1999) | Сигареталар. Түтін конденсатындағы судың құрамын анықтау. Газдық хроматография әдісі | ||
10 | МемСТ 30570-2003 (ИСО 10315:2000) | Сигареталар. Түтін конденсатындағы никотиннің құрамын анықтау. Газдық хроматография әдісі |
01.01.2017 | |
11 | МемСТ 30570-2015 (ISO 10315:2013) | Сигареталар. Түтін конденсатындағы никотиннің құрамын анықтау. Газдық хроматография әдісі |
01.01.2017 | |
12 | МемСТ 31630-2012 (ISO 8454:2007) | Сигареталар. Дисперстік емес (NDIR) инфрақызыл анализатордың көмегімен сигарета түтінінің газдық фазасындағы көміртегі монооксидінің құрамын анықтау | ||
13 |
МемСТ 31629-2012 | Темекі және темекі бұйымдары. Бақылау үлгісі. Талап және қолдану |