Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық қоғамдастық шеңберінде үшінші елдермен саудада Кеден одағына мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесінің ережелерінде белгіленген тыйым салулар мен шектеулердің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудасына таралуына жол берілмейтіндігін және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 16 тамыздағы № 134 шешімімен бекітілген Шектеулерді қолдану туралы ережелерді негізге ала отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 28-бабының 3-тармағын орындау және Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуі шеңберінде Қазақстан Республикасынан шығарылатын регенерацияланатын қағаздың, картонның, макулатураның және қалдықтардың (ЕАЭО СЭҚ ТН 4707 коды) еркін өтуін қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстан Республикасының міндеттемелерін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің біркелкі түсінуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 тамыздағы № 908 қаулысын соған сәйкес келтіру қажеттігі туралы хабардар етілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы Шешім күшіне енген күнінен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде Еуразиялық экономикалық комиссияға қабылданған шаралар туралы хабарлау ұсынылсын.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметіне және Қырғыз Республикасының Үкіметіне регенерацияланатын қағаздың, картонның, макулатураның және қалдықтардың (ЕАЭО СЭҚ ТН 4707 коды) үшінші елдерге экспортына байланысты мәселелер бойынша консультацияларды жалғастыру ұсынылсын.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |