Сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінде Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграциялық сегментін тәжірибелік пайдалануды жүргізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 5 өкімі.

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың 3 және 27-тармақтарына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) сәйкес интеграцияланған процестерді ақпараттық қамтамасыз ету үшін сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінде Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграциялық сегментін пайдалану мақсатында және сыртқы әрі өзара сауданың интеграциялық ақпараттық жүйесіне мемлекетаралық сынақ жүргізу жөніндегі комиссияның ұсынымдарын ескере отырып:

      1.      Сыртқы және өзара сауданың интеграциялық ақпараттық жүйесіне мемлекетаралық сынақ жүргізу жөніндегі комиссияның төрағасы – Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқа мүшесі (Министр) К.А. Минасян:

      осы Өкім күшіне енген күннен бастап 5 ай ішінде сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграциялық сегментін тәжірибелік пайдалануды (бұдан әрі – тәжірибелік пайдалану) жүргізуді ұйымдастырсын;

      тәжірибелік пайдалануды жүргізу нәтижелері туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасына хабарласын.

      2.      Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы В. Христенко
     



О проведении опытной эксплуатации интеграционного сегмента Евразийской экономической комиссии интегрированной информационной системы внешней и взаимной торговли

Распоряжение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 26 января 2016 года № 5

      Примечание РЦПИ!
      Решение вступило в силу 06.02.2016 - сайт Евразийского экономического союза.

      В соответствии с пунктом 3 и 27 Протокола об информационно-коммуникационных технологиях и информационном взаимодействии в рамках Евразийского экономического союза (приложение № 3 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года), в целях использования интеграционного сегмента Евразийской экономической комиссии интегрированной информационной системы внешней и взаимной торговли для информационного обеспечения интеграционных процессов и с учетом рекомендаций комиссии по проведению межгосударственных испытаний интегрированной информационной системы внешней и взаимной торговли:
      1. Председателю комиссии по проведению межгосударственных испытаний интегрированной информационной системы внешней и взаимной торговли – члену Коллегии (Министру) Евразийской экономической комиссии Минасян К.А.:
      организовать проведение опытной эксплуатации интеграционного сегмента Евразийской экономической комиссии интегрированной информационной системы внешней и взаимной торговли (далее – опытная эксплуатация) в течение 5 месяцев с даты вступления настоящего распоряжения в силу;
      проинформировать о результатах проведения опытной эксплуатации Коллегию Евразийской экономической комиссии.
      2. Настоящее распоряжение вступает в силу по истечении 10 календарных дней с даты его опубликования на официальном сайте Евразийского экономического союза в информационно-телекоммуникационной сети «Интернет».

      Председатель Коллегии
      Евразийской экономической комиссии         В. Христенко