Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың 3 және 27-тармақтарына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) сәйкес интеграцияланған процестерді ақпараттық қамтамасыз ету үшін сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінде Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграциялық сегментін пайдалану мақсатында және сыртқы әрі өзара сауданың интеграциялық ақпараттық жүйесіне мемлекетаралық сынақ жүргізу жөніндегі комиссияның ұсынымдарын ескере отырып:
1. Сыртқы және өзара сауданың интеграциялық ақпараттық жүйесіне мемлекетаралық сынақ жүргізу жөніндегі комиссияның төрағасы – Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқа мүшесі (Министр) К.А. Минасян:
осы Өкім күшіне енген күннен бастап 5 ай ішінде сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің Еуразиялық экономикалық комиссияның интеграциялық сегментін тәжірибелік пайдалануды (бұдан әрі – тәжірибелік пайдалану) жүргізуді ұйымдастырсын;
тәжірибелік пайдалануды жүргізу нәтижелері туралы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасына хабарласын.
2. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы В. Христенко |