2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабының 2-тармағына, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Кеден одағының техникалық регламентін әзірлеу, қабылдау, өзгерістер енгізу және жою тәртібі туралы ереженің 6-тармағын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. "Кеден одағының "Теміржол жылжымалы құрамының қауіпсіздігі туралы", "Теміржол көлігі инфрақұрылымының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенттерін қабылдау туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 710 шешімінің 3-тармағы 3.2-тармақшасының екінші, үшінші, бесінші, жетінші және сегізінші абзацтарында "2016 жылғы 1 тамызда" деген сөздер "2017 жылғы 2 тамызда" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |