Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №1 қосымша) 7-тармағына, 43-тармағының 2-тармақшасына және 44-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 2 желтоқсандағы №283 шешімімен бекітілген уәкілетті өкілдері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы бақылаушы органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына енгізілетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдары тізбесінің V бөлімінің 4-тармағы алып тасталсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т.Саркисян |