Уәкілетті өкілдері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы бақылаушы органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына енгізілетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдарының тізбесіне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 91 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №1 қосымша) 7-тармағына, 43-тармағының 2-тармақшасына және 44-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 2 желтоқсандағы №283 шешімімен бекітілген уәкілетті өкілдері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасындағы бақылаушы органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына енгізілетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдары тізбесінің V бөлімінің 4-тармағы алып тасталсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т.Саркисян

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады