2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралы шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйесін ұйымдастыру туралы келісімнің 4-бабының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 112 шешімімен бекітілген Көлік құралдарының (көлік құралдары шассиінің), өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің паспорттарын ресімдеуді жүзеге асыратын, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының және көлік құралдарын (көлік құралдары шассиін), өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерін жасаушы ұйымдардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) 5-тармақта:
бірінші абзац "жасаушы ұйымдардың" деген сөздерден кейін "(соның ішінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғалардың)" деген сөздермен толықтырылсын;
"б" тармақшаның екінші және үшінші абзацтары және "в" тармағының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"жасаушы ұйымның толық атауы, орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы), нақты мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, жасаушы ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) – заңды тұлғалар үшін немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жері, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы – жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін;
шығарушы ұйым (жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға) ол шығарған өнімді өткізуге уәкілеттік берген ұйымның толық атауы, орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы), нақты мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, осындай ұйым басшыларының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) – заңды тұлғалар үшін немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жері, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы – жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғалар үшін;";
б) 7-тармақта:
бірінші абзац "жасаушы ұйымдардың" деген сөздерден кейін "(соның ішінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғалардың)" деген сөздермен толықтырылсын;
"а" тармақшасында:
бірінші абзац ", жеке тұлға" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес сәйкесінше заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелуінің болуы;";
"б" тармақшада:
бірінші абзац ", жеке тұлға" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес сәйкесінше заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелуінің болуы;".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |