Кеден одағының "Техникалық құралдардың электрлік-магниттік үйлесімділігі" техникалық регламентін (КО ТР 020/2011) іске асыру үшін қажетті іс-шаралар жоспарына өзгеріс енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 15 қарашадағы № 150 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 15-тармақшасына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 5 сәуірдегі № 22 шешімімен бекітілген Кеден одағының "Техникалық құралдардың электрлік-магниттік үйлесімділігі" техникалық регламентін (КО ТР 020/2011) іске асыру үшін қажетті іс-шаралар жоспарының "Кеден одағының "Техникалық құралдардың электрлік-магниттік үйлесімділігі" техникалық регламентін (КО ТР 020/2011) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" бөлімінің 5-позициясы алып тасталсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

О внесении изменения в план мероприятий, необходимых для реализации технического регламента Таможенного союза "Электромагнитная совместимость технических средств" (ТР ТС 020/2011)

Решение Коллегии Евразийской Экономической Комиссии от 15 ноября 2016 года № 150

      В соответствии с подпунктом 15 пункта 43 Положения о Евразийской экономической комиссии (приложение № 1 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года)Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:
      1. Позицию 5 раздела «Мероприятия по реализации технического регламента Таможенного союза «Электромагнитная совместимость технических средств» (ТР ТС 020/2011)» плана мероприятий, необходимых для реализации технического регламента Таможенного союза «Электромагнитная совместимость технических средств» (ТР ТС 020/2011), утвержденного Решением Коллегии Евразийской экономической комиссии от 5 апреля 2012 г. № 22, исключить.
      2. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Председатель Коллегии
      Евразийской экономической комиссии         Т. Саркисян