Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 75 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 15 қарашадағы № 151 шешімі

      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 5-тармағының сегізінші абзацына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 9-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарына сай келетін өнімдер типіне берілетін сертификаттың бірыңғай нысанын және оны ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 75 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Өнімдердің "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 010/2011) талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында осы Шешім күшіне енгенге дейін берілген өнімдер типіне арналған сертификаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанша жарамды болады.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 15 қарашадағы
№ 151 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 75 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Атауы "техникалық регламентінің" деген сөздерден кейін "(КО ТР 010/2011)" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Кіріспедегі "2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шарттың 3-бабына сәйкес" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 5-тармағының сегізінші абзацына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 1-тармақ "техникалық регламентінің" деген сөздерден кейін "(КО ТР 010/2011)" деген сөздермен толықтырылсын.

      4. Көрсетілген шешіммен бекітілген "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарына сай келетін өнімдер типіне берілетін сертификаттың бірыңғай нысаны және оны ресімдеу қағидалары мынадай редакцияда жазылсын:

  "Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2013 жылғы 9 сәуірдегі
№ 75 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
  (Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2016 жылғы 15 қарашадағы
№ 151 шешімі
редакциясында)

"Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 010/2011) талаптарына сай келетін өнімдер типіне берілетін сертификаттың бірыңғай нысаны және оны ресімдеу қағидалары

І. "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 010/2011) талаптарына сай келетін өнімдер типіне берілетін сертификаттың бірыңғай нысаны

      ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ (1)

      "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 010/2011) талаптарына сай келетін ӨНІМДЕР ТИПІНЕ БЕРІЛЕТІН СЕРТИФИКАТ

      № ЕАЭО__________________ (2)

ӨТІНІШ БЕРУШІ________________________________________

(3)

ДАЙЫНДАУШЫ________________________________________

(4)

ӨНІМНІҢ ТИПТІК ҮЛГІСІ___________________________

(5)

ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕС КЕЛЕДІ__________________________

(6)

СЕРТИФИКАТ НЕГІЗІНДЕ БЕРІЛГЕН _____________________

(7)

СЕРТИФИКАТТАУ ОРГАНЫ_____________________________

(8)

ҚОСЫМША АҚПАРАТ__________________________________

(9)

БЕРІЛГЕН КҮНІ________________________________________

(10)



Сертификаттау органының басшысы (уәкілетті тұлға

____________ ______________
(қолы) (Т.А.Ә.)

(11)




Сарапшы (сарапшы-аудитор) сарапшылар (сарапшы-аудиторлар))

____________ ______________
(қолы) (Т.А.Ә.)


ІІ. "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 010/2011) талаптарына сай келетін өнімдер типіне берілетін сертификатты ресімдеу қағидалары

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 823 шешімімен қабылданған "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 010/2011) талаптарына сай келетін өнімдер типіне берілетін сертификатты өтініш берушіге Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органының бірыңғай тізіліміне енгізілген сертификаттау органы береді.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) заңнамасына сәйкес оның аумағында жеке кәсіпкер ретінде тіркелген, дайындаушы не дайындаушы өкілеттік берген тұлға болып табылатын заңды тұлға немесе жеке тұлға өтініш берушілер (бұдан әрі – өтініш берушілер) болуы мүмкін.

      3. Сертификат және оған қосымшалар А4 форматындағы (210 х 297 мм) ақ қағаздың парақтарында дайындалады.

      4. Сертификат электрондық баспа құралдары пайдаланыла отырып орыс тілінде және мүше мемлекеттің заңнамасында тиісті талаптар болған жағдайда – сертификатты беру жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде толтырылады.

      Сертификат орыс тілінде және мүше мемлекеттердің бірінің мемлекеттік тілінде толтырылған жағдайда, ол осы бөлімнің 7-тармағына сәйкес сертификаттың әртүрлі жақтарына толтырылады.

      5. Қажет болған жағдайда дайындаушының атауы, оның орналасқан орны (заңды тұлғаның мекенжайы), сондай-ақ өнімді дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын орнының (мемлекеттің атауынан басқа) мекенжайы (мекенжайлары) және өнімнің белгіленімі (типі, маркасы, моделі, артикулы және т.б.) латын алфавитінің әріптері пайдаланыла отырып, көрсетілуі мүмкін.

      6. Сертификаттың барлық жолақтары толтырылуға тиіс (сертификаттың түпнұсқасында жолақтар нөмірленбейді).

      7. Сертификатта мыналар көрсетіледі:

      а) 1-жолақта – мынадай реттілікпен 5 жолға орындалған жазбалар:

      1-ші жол – "ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ";

      2-ші жол – "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы"

      3-ші жол – "Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 010/2011)"

      4-ші жол – "талаптарына сай келетін"

      5-ші жол – "ӨНІМДЕР ТИПІНЕ БЕРІЛЕТІН СЕРТИФИКАТ";

      б) 2-жолақта – "ЕАЭО" аббревиатурасы (Еуразиялық экономикалық одақ) және әлем елдерінің сыныптамасына сәйкес мүше мемлекеттің 2 мәнді әріптік коды көрсетіле отырып, мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын сертификаттың тіркеу нөмірі;

      в) 3-жолақта – заңды тұлға үшін – өтініш берушінің толық атауы, оның орналасқан орны (заңды тұлғаның мекенжайы) және қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда) немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), тұрғылықты жер және қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда), сондай-ақ заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаны мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеу кезінде берілетін өтініш берушінің тіркеу немесе есепке алу (жеке, сәйкестендіру) нөмірі, телефон нөмірі және электрондық поштасының мекенжайы;

      г) 4-жолақта – заңды тұлға және оның өнім дайындайтын филиалдары үшін – дайындаушының толық атауы, оның орналасқан орны (заңды тұлғаның мекенжайы) және өнімді дайындау бойынша қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда) немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), тұрғылықты жер және өнімді дайындау бойынша қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда);

      д) 5-жолақта – өнімнің тиісті типіне ол бойынша зерттеу жүргізілген өнімнің типтік үлгісі туралы мәліметтер:

      өнімнің типтік үлгісінің атауы;

      өнімнің типтік үлгісін сәйкестендіруді қамтамасыз ететін белгіленімдер (типі, маркасы, моделі, артикулы және т.б.);

      өнімнің типтік үлгісі оған сәйкес дайындалған құжаттың (құжаттардың) атауы және белгіленімі (стандарт, ұйым стандарты, техникалық шарттар немесе өзге де құжат) (бар болған кезде);

      өнімнің типтік үлгісі туралы өтініш беруші ұсынған өзге де мәліметтер;

      е) 6-жолақта – Кеден одағы техникалық регламентінің атауы;

      ж) 7-жолақта – өнімнің типтік үлгісінің Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (нөмірі, күні, сынақ зертханасының (орталығының) атауы, аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі көрсетілген зерттеулердің (сынақтардың) және өлшемдердің хаттамалары) туралы, сондай-ақ өнімнің Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігінің дәлелдері ретінде өтініш беруші ұсынған басқа да құжаттар туралы мәліметтер;

      з) 8-жолақта – сертификатты берген сертификаттау жөніндегі органның толық атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы), сондай-ақ қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда), сертификаттау жөніндегі органның аккредиттеу аттестатын тіркеу нөмірі және тіркеген күні, сондай-ақ телефон нөмірі және электрондық поштасының мекенжайы;

      и) 9-жолақта – қолдану нәтижесінде "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 010/2011) талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың тізбесіне енгізілген стандарттың, ал олар болмаған жағдайда – ұлттық (мемлекеттік) стандарттардың белгіленімі және атауы, немесе егер көрсетілген техникалық регламенттің талаптарын сақтау тұтастай стандарттың емес, осы стандарттың жекелеген бөлімдерін (тармақтарын, тармақшаларын) қолданумен қамтамасыз етілсе (оларды қолданған жағдайда), осындай стандарттың бөлімдерінің (тармақтарының, тармақшаларының) белгіленімі, сондай-ақ өзге де стандарттар мен құжаттар (оларды қолданған жағдайда) туралы мәліметтер және басқа да ақпарат (болған кезде);

      к) 10-жолақта – сертификаттың берілген күні (күні – екі араб цифрымен, айы – екі араб цифрымен, жылы – төрт араб цифрымен);

      л) 11-жолақта – сертификаттау жөніндегі органның мөрін қоя отырып, сертификаттау жөніндегі орган басшысының (уәкілетті тұлғасының) және сарапшының (сарапшы-аудитордың) (сарапшылардың (сарапшы-аудиторлардың) қолтаңбалары, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) (егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше белгіленбесе). Қолтаңбаның орнына факсимильді пайдалануға жол берілмейді.

      8. Сертификаттың 5, 7 және 9-жолақтарында көрсетілетін ақпарат айтарлықтай көлемді болған жағдайда, мұндай ақпарат қосымшаның бланкісінде ресімделетін және сертификаттың ажырамас бөлігі болып табылатын сертификатқа қосымшада келтіріледі. Қосымшаның әрбір парағы нөмірленеді, оған сертификаттың тіркелу нөмірі, сертификаттау жөніндегі орган басшысының (уәкілетті тұлғасының) және сарапшының (сарапшы-аудитордың) (сарапшылардың (сарапшы-аудиторлардың) қолтаңбалары, тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), осы органның мөрі қойылады (егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше белгіленбесе). Бұл ретте сертификаттың тиісті жолақтарында қосымшаға сілтеме келтіріледі.

      9. Сертификатқа осы бөлімде көзделмеген мәліметтерді енгізуге, сондай-ақ сөздерді қысқартуға (жалпыға бірдей қабылданған белгіленімдер мен қысқартулардан басқа) және мәтінді кез келген түзетуге жол берілмейді.

      10. Берілген сертификаттардың көшірмелерін өтініш беруші А4 форматындағы (210 х 297 мм) ақ қағаз парақтарында дайындайды, ол мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес уәкілеттілік берілген өтініш беруші ұйым тұлғасының мөрімен (егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше белгіленбесе) (уәкілеттілік беруші құжаттың атауы және деректемелері көрсетіле отырып) куәландырылады.".

О внесении изменений в Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 9 апреля 2013 г. № 75

Решение Коллегии Евразийской Экономической Комиссии от 15 ноября 2016 года № 151

      В соответствии с абзацем восьмым пункта 5 Протокола о техническом регулировании в рамках Евразийского экономического союза (приложение № 9 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года) и пунктом 9 приложения № 2 к Регламенту работы Евразийской экономической комиссии, утвержденному Решением Высшего Евразийского экономического совета от 23 декабря 2014 г. № 98, Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:
      1. Внести в Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 9 апреля 2013 г. № 75 «Об утверждении единой формы сертификата на тип продукции, отвечающей требованиям технического регламента Таможенного союза «О безопасности машин и оборудования», и правил его оформления» изменения согласно приложению.
      2. Сертификаты на тип продукции, выданные в целях оценки соответствия продукции требованиям технического регламента Таможенного союза «О безопасности машин и оборудования» (ТР ТС 010/2011) до вступления настоящего Решения в силу, действительны до окончания срока их действия.
      3. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Председатель Коллегии
      Евразийской экономической комиссии         Т. Саркисян

ПРИЛОЖЕНИЕ               
к Решению Коллегии           
Евразийской экономической комиссии 
от 15 ноября 2016 г. № 151     

ИЗМЕНЕНИЯ, вносимые в Решение Коллегии Евразийской
экономической комиссии от 9 апреля 2013 г. № 75

      1. Наименование перед словом «, и» дополнить словами
«(ТР ТС 010/2011)».
      2. В преамбуле слова «со статьей 3 Договора о Евразийской экономической комиссии от 18 ноября 2011 года» заменить словами «с абзацем восьмым пункта 5 Протокола о техническом регулировании в рамках Евразийского экономического союза (приложение № 9 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года)».
      3. Пункт 1 перед словом «, и» дополнить словами «ТР ТС 010/2011)».
      4. Единую форму сертификата на тип продукции, отвечающей требованиям технического регламента Таможенного союза «О безопасности машин и оборудования», и правила его оформления, утвержденные указанным Решением, изложить в следующей редакции:

«УТВЕРЖДЕНЫ               
Решением Коллегии            
Евразийской экономической комиссии 
от 9 апреля 2013 г. № 75      
(в редакции Решения Коллегии     
Евразийской экономической комиссии  
от 15 ноября 2016 г. № 151)    

                  Единая форма сертификата
   на тип продукции, отвечающей требованиям технического
     регламента Таможенного союза «О безопасности машин
и оборудования» (ТР ТС 010/2011), и правила его оформления

  I. Единая форма сертификата на тип продукции, отвечающей
    требованиям технического регламента Таможенного союза
   «О безопасности машин и оборудования» (ТР ТС 010/2011)

                 ЕВРАЗИЙСКИЙ ЭКОНОМИЧЕСКИЙ СОЮЗ (1)

                 СЕРТИФИКАТ НА ТИП ПРОДУКЦИИ,
       отвечающей требованиям технического регламента
            Таможенного союза «О безопасности машин
               и оборудования» (ТР ТС 010/2011)

№ ЕАЭС ________________

ЗАЯВИТЕЛЬ _____________________________________________
ИЗГОТОВИТЕЛЬ __________________________________________
ТИПОВОЙ ОБРАЗЕЦ ПРОДУКЦИИ _____________________________
СООТВЕТСТВУЕТ ТРЕБОВАНИЯМ _____________________________
СЕРТИФИКАТ ВЫДАН НА ОСНОВАНИИ _________________________
ОРГАН ПО СЕРТИФИКАЦИИ _________________________________
ДОПОЛНИТЕЛЬНАЯ ИНФОРМАЦИЯ _____________________________
ДАТА ВЫДАЧИ ___________________________________________

(2)

(3)
(4)
(5)
(6)
(7)
(8)
(9)
(10)

      Руководитель (уполномоченное          М.П.
      лицо) органа по сертификации   ________    __________  (11)
                                     (подпись)   (Ф. И. О.)

      Эксперт (эксперт-аудитор)
      (эксперты (эксперты-аудиторы)) ________    _________
                                     (подпись)   (Ф. И. О.)

II. Правила оформления сертификата на тип продукции, отвечающей
требованиям технического регламента Таможенного союза
«О безопасности машин и оборудования» (ТР ТС 010/2011)

      1. Сертификат на тип продукции, отвечающей требованиям технического регламента Таможенного союза «О безопасности машин и оборудования» (ТР ТС 010/2011), принятого Решением Комиссии Таможенного союза от 18 октября 2011 г. № 823 (далее – сертификат), выдается заявителю органом по сертификации, включенным в единый реестр органов по оценке соответствия Евразийского экономического союза.
      2. Заявителями могут быть зарегистрированные в соответствии с законодательством государства – члена Евразийского экономического союза (далее – государство-член) на его территории юридическое лицо или физическое лицо в качестве индивидуального предпринимателя, являющиеся изготовителем либо уполномоченным изготовителем лицом (далее – заявители).
      3. Сертификат и приложения к нему изготавливаются на листах белой бумаги формата A4 (210 x 297 мм).
      4. Сертификат заполняется на русском языке с использованием электронных печатающих устройств и в случае наличия соответствующего требования в законодательстве государства-члена – на государственном языке государства-члена, в котором осуществляется выдача сертификата.
      В случае заполнения сертификата на русском языке и государственном языке одного из государств-членов он заполняется в соответствии с пунктом 7 настоящего раздела на разных сторонах сертификата.
      5. При необходимости наименование изготовителя, его место нахождения (адрес юридического лица), а также адрес (адреса) места осуществления деятельности по изготовлению продукции (кроме наименования государства) и обозначение продукции (тип, марка, модель, артикул и др.) могут быть указаны с использованием букв латинского алфавита.
      6. Все поля сертификата должны быть заполнены (в оригинале сертификата нумерация полей отсутствует).
      7. В сертификате указываются:
      а) в поле 1 – надписи, выполненные в 5 строк в следующей последовательности:
      1-я строка – «ЕВРАЗИЙСКИЙ ЭКОНОМИЧЕСКИЙ СОЮЗ»;
      2-я строка – «СЕРТИФИКАТ НА ТИП ПРОДУКЦИИ,»;
      3-я строка – «отвечающей требованиям технического регламента»;
      4-я строка – «Таможенного союза «О безопасности машин»;
      5-я строка – «и оборудования» (ТР ТС 010/2011)»;
      б) в поле 2 – регистрационный номер сертификата, который формируется в соответствии с законодательством государства-члена с указанием аббревиатуры «ЕАЭС» (Евразийский экономический союз) и 2-значного буквенного кода государства-члена в соответствии с классификатором стран мира;
      в) в поле 3 – полное наименование заявителя, его место нахождения (адрес юридического лица) и адрес (адреса) места осуществления деятельности (в случае если адреса различаются) – для юридического лица или фамилия, имя и отчество (при наличии), место жительства и адрес (адреса) места осуществления деятельности (в случае если адреса различаются) – для физического лица, зарегистрированного в качестве индивидуального предпринимателя, а также регистрационный или учетный (индивидуальный, идентификационный) номер заявителя, присваиваемый при государственной регистрации юридического лица или физического лица, зарегистрированного в качестве индивидуального предпринимателя, в соответствии с законодательством государств-членов, номер телефона и адрес электронной почты;
      г) в поле 4 – полное наименование изготовителя, его место нахождения (адрес юридического лица) и адрес (адреса) места осуществления деятельности по изготовлению продукции (в случае если адреса различаются) – для юридического лица и его филиалов, которые изготавливают продукцию, или фамилия, имя и отчество (при наличии), место жительства и адрес (адреса) места осуществления деятельности по изготовлению продукции (в случае если адреса различаются) – для физического лица, зарегистрированного в качестве индивидуального предпринимателя;
      д) в поле 5 – сведения о типовом образце продукции, по которому проводилось исследование соответствующего типа продукции:
      наименование типового образца продукции;
      обозначения, обеспечивающие идентификацию типового образца продукции (тип, марка, модель, артикул и др.);
      наименование и обозначение документа (документов), в соответствии с которым изготовлен типовой образец продукции (стандарт, стандарт организации, технические условия или иной документ) (при наличии);
      иные представленные заявителем сведения о типовом образце продукции;
      е) в поле 6 – наименование технического регламента Таможенного союза;
      ж) в поле 7 – сведения о документах, подтверждающих соответствие типового образца продукции требованиям технического регламента Таможенного союза (протоколы исследований (испытаний) и измерений с указанием номера, даты, наименования испытательной лаборатории (центра), регистрационного номера аттестата аккредитации), а также о других документах, представленных заявителем в качестве доказательства соответствия продукции требованиям технического регламента Таможенного союза;
      з) в поле 8 – полное наименование органа по сертификации, выдавшего сертификат, его место нахождения (адрес юридического лица), а также адрес места осуществления деятельности (в случае если адреса различаются), регистрационный номер и дата регистрации аттестата аккредитации органа по сертификации, а также номер телефона и адрес электронной почты;
      и) в поле 9 – обозначение и наименование стандарта, включенного в перечень международных и региональных (межгосударственных) стандартов, а в случае их отсутствия – национальных (государственных) стандартов, в результате применения которых на добровольной основе обеспечивается соблюдение требований технического регламента Таможенного союза «О безопасности машин и оборудования» (ТР ТС 010/2011), или обозначение разделов (пунктов, подпунктов) и наименование такого стандарта, если соблюдение требований указанного технического регламента может быть обеспечено применением отдельных разделов (пунктов, подпунктов) этого стандарта, а не стандарта в целом (в случае их применения), а также сведения об иных стандартах и документах (в случае их применения) и другая информация (при наличии);
      к) в поле 10 – дата выдачи сертификата (число – двумя арабскими цифрами, месяц – двумя арабскими цифрами, год – четырьмя арабскими цифрами);
      л) в поле 11 – подписи, фамилии, имена и отчества (при наличии) руководителя (уполномоченного лица) органа по сертификации и эксперта (эксперта-аудитора) (экспертов (экспертов-аудиторов)) с проставлением печати органа по сертификации (если иное не установлено законодательством государства-члена). Использование факсимиле вместо подписи не допускается.
      8. При значительном объеме информации, указываемой в полях 5, 7 и 9 сертификата, такая информация приводится в приложении к сертификату, которое оформляется на бланке приложения и является неотъемлемой частью сертификата. Каждый лист приложения нумеруется, на нем проставляются регистрационный номер сертификата, подписи, фамилии, имена и отчества (при наличии) руководителя (уполномоченного лица) органа по сертификации и эксперта (эксперта-аудитора) (экспертов (экспертов-аудиторов)), печать этого органа (если иное не установлено законодательством государства-члена). При этом в соответствующих полях сертификата приводится ссылка на приложение.
      9. Внесение в сертификат сведений, не предусмотренных настоящим разделом, а также сокращение слов (кроме общепринятых обозначений и сокращений) и любое исправление текста не допускаются.
      10. Копии выданных сертификатов изготавливаются заявителем на листах белой бумаги формата A4 (210 x 297 мм), заверяются печатью (если иное не установлено законодательством государства-члена) и подписью лица организации-заявителя, уполномоченного в соответствии с законодательством государства-члена (с указанием наименования и реквизитов уполномочивающего документа).».