Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 5-тармағының сегізінші абзацына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 9-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 9 сәуірдегі "Кеден одағының жүк көтергіш шынжырларды, болат сым арқандарды, тоқыма арқандарды және таспаларды сынау туралы куәлігінің нысанын және оны ресімдеу қағидаларын бекіту туралы" № 75 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Кеден одағының "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 010/2011) талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында осы Шешім күшіне енгізілгенге дейін ресімделген Кеден одағының жүк көтергіш шынжырларды, болат сым арқандарды, тоқыма арқандарды және таспаларды сынау туралы куәліктері олардың қолданылу мерзімі аяқталғанша жарамды болады.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 15 қарашадағы № 152 шешіміне |
|
ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 81 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Атауындағы "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Кіріспедегі "2011 жылғы 18 қарашадағы Еуразиялық экономикалық комиссия туралы шарттың 3-бабына сәйкес" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 5-тармағының сегізінші абзацына" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 1-тармақтағы "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Кеден одағының жүк көтергіш шынжырларды, болат сым арқандарды, тоқыма арқандарды және таспаларды сынау туралы куәлігінің нысаны және оны ресімдеу қағидалары мынадай редакцияда жазылсын:
"Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 81 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
|
(Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2016 жылғы 15 қарашадағы № 152 шешімі редакциясында) |
Кеден одағының жүк көтергіш шынжырларды, болат сым арқандарды, тоқыма арқандарды және таспаларды сынау туралы куәлігінің нысаны және оны ресімдеу қағидалары
І. Кеден одағының жүк көтергіш шынжырларды, болат сым арқандарды, тоқыма арқандарды және таспаларды сынау туралы куәлігінің нысаны
ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ
КУӘЛІК (1)ӨНІМ_________________________________________________ | (2) |
ДАЙЫНДАУШЫ________________________________________ | (3) |
СЫНАУ ӘДІСТЕРІ______________________________________ | (4) |
ЕҢ АЗ АЖЫРАТҚЫШ НЕМЕСЕ |
|
КУӘЛІК НЕГІЗІНДЕ БЕРІЛГЕН _____________________ | (6) |
______________М.О._____________________________________ |
ІІ. Кеден одағының жүк көтергіш шынжырларды, болат сым арқандарды, тоқыма арқандарды және таспаларды сынау туралы куәлігін ресімдеу қағидалары
1. Кеден одағының жүк көтергіш шынжырларды, болат сым арқандарды, тоқыма арқандарды және таспаларды сынау туралы куәлігін (бұдан әрі – куәлік) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) заңнамасына сәйкес оның аумағында жеке кәсіпкер ретінде тіркелген, дайындаушы, дайындаушы өкілеттілік берген тұлға (сериялы шығарылатын өнім үшін және өнімдер партиясы үшін) не сатушы (өнімдер партиясы үшін) болып табылатын заңды немесе жеке тұлға ретінде әрекет ететін өтініш берушілер (бұдан әрі – өтініш берушілер) ресімдейді.
2. Куәлікке қойылатын талаптар Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 823 шешімімен қабылданған Кеден одағының "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 010/2011) №2 қосымшаның "Жүк көтергіш машиналар" бөлімі 13-тармағының екінші – жетінші абзацтарында белгіленген.
3. Куәлік А4 форматындағы (210 х 297 мм) ақ қағаздың парақтарында ресімделеді.
4. Куәлік электрондық баспа құралдары пайдаланыла отырып, орыс тілінде және мүше мемлекеттің заңнамасында тиісті талаптар болған жағдайда – куәлікті беру жүзеге асырылатын мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде жасалады.
Куәлік орыс тілінде және мүше мемлекеттердің бірінің мемлекеттік тілінде толтырылған жағдайда, ол осы бөлімнің 7-тармағына сәйкес куәліктің әртүрлі жақтарына толтырылады.
5. Қажет болған жағдайда дайындаушының атауы, оның орналасқан орны (заңды тұлғаның мекенжайы), сондай-ақ өнімді дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын орнының (мемлекеттің атауынан басқа) мекенжайы (мекенжайлары) және өнім туралы ақпарат (номиналдық мөлшерін, конструкциясын және материал туралы деректерді қамтитын маркасы) латын алфавитінің әріптері пайдаланыла отырып, көрсетілуі мүмкін.
6. Куәліктің барлық жолақтары толтырылуға тиіс (куәліктің түпнұсқасында жолақтар нөмірленбеген).
7. Куәлікте мыналар көрсетіледі:
а) 1-жолақта – мынадай реттілікпен 2 жолға орындалған жазбалар:
1-ші жол – "ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОДАҚ";
2-ші жол – "КУӘЛІК";
б) 2-жолақта – куәлік берілген өнім туралы мәліметтер:
өнімнің атауы;
өнімнің сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін ақпарат (номиналдық мөлшерін, конструкциясын және материал туралы деректерді қамтитын маркасы);
өнім оған сәйкес дайындалған құжаттың (құжаттардың) атауы және белгіленімі (стандарт, ұйым стандарты, техникалық шарттар немесе өзге де құжат) (бар болған кезде);
Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарында көзделген, өнімді сәйкестендіруді қамтамасыз ететін ол туралы өзге де мәліметтер;
в) 3-жолақта – заңды тұлға және оның өнім дайындайтын филиалдары үшін – дайындаушының толық атауы, оның орналасқан орны (заңды тұлғаның мекенжайы) және өнімді дайындау бойынша қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда) немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), тұрғылықты жер және өнімді дайындау бойынша қызметті жүзеге асыратын орнының мекенжайы (мекенжайлары) (егер мекенжайлары әртүрлі болған жағдайда), телефонының нөмірі және электрондық поштасының мекенжайы;
г) 4-жолақта – сынаудың пайдаланылған әдістері туралы мәліметтер;
д) 5-жолақта – ең аз ажыратқыш немесе бұзғыш жүктеме туралы мәліметтер;
е) 6-жолақта – өнімнің Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (нөмірі, күні, сынақ зертханасының (орталығының) атауы, аккредиттеу аттестатының тіркеу нөмірі көрсетілген зерттеулердің (сынақтардың) және өлшеулердің хаттамалары) туралы, сондай-ақ өнімнің Кеден одағы техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігінің дәлелдері ретінде өтініш беруші ұсынған басқа да құжаттар туралы мәліметтер;
ж) 7-жолақта – өтініш берушінің мөрі басылып (егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше белгіленбесе), жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның, өтініш беруші ұйым басшысының немесе өтініш беруші ұйымның мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес уәкілеттілік берілген тұлғасының қолтаңбасы, тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде). Қолтаңбаның орнына факсимильді пайдалануға жол берілмейді.
8. Куәлікке осы бөлімде көзделмеген мәліметтер енгізуге, сондай-ақ сөздерді қысқартуға (жалпыға бірдей қабылданған таңбалар мен қысқартулардан басқа) және мәтінді кез келген түзетуге жол берілмейді.
9. Берілген куәліктердің көшірмелерін өтініш беруші А4 форматындағы (210 х 297 мм) ақ қағаздың парақтарында дайындайды, ол өтініш берушінің немесе мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес уәкілеттілік берілген өтініш беруші ұйым тұлғасының мөрімен (егер мүше мемлекеттің заңнамасында өзгеше белгіленбесе) (уәкілеттілік беруші құжаттың атауы және деректемелері көрсетіле отырып) куәландырылады.".