1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 10 өкімімен бекітілген Мұнай және газ жөніндегі консультативтік комитет құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) Консультативтік комитеттің құрамына мына адамдар енгізілсін:
| |||
Абсаттарова |
– |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің басқарма басшысы | |
Ботбаева |
– |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің басқарма басшысы | |
Ұмытбаев |
– |
Қазақстан Республикасының"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Ресей Федерациясындағы Өкілдігінің директоры | |
Ресей Федерациясынан | |||
Махонин |
– | Федералдық монополияға қарсы қызмет Отын-энергетикасы кешенін реттеу басқармасының бастығы; |
б) Консультативтік комитет құрамынан А.К. Отарова, Н.Н. Сукуров және Н.И. Дианова шығарылсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі алқасының мүшесі (Министр) Д.Т. Ибраев Мұнай және газ жөніндегі консультативтік комитеттің отырыстарында төрағалық етуі (Консультативтік комитеттің төрағасы) айқындалсын.
3. "Мұнай және газ жөніндегі консультативтік комитеттің құрамы және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 10 өкімінің 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Т. Саркисян |