Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Өнеркәсіптік ынтымақтастық туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 27 қосымша) 2-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацына сәйкес,
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 10 өкімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарын жасап шығару мен пайдалануды ынталандыруды қамтамасыз ету бойынша 2015 – 2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 7-тармағы негізінде,
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарын пайдалануды ынталандыру мақсатында
мүше мемлекеттерге Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында осы Ұсыным жарияланған күннен бастап саланы дамытудың ұлттық басымдықтарына сәйкес келетін бөлігінде:
а) мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының ақпараттық-телекоммуникациялық "Интернет" желісіндегі ресми сайттарында:
электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарын жасап шығарушылар мен олар жасап шығаратын осындай көлік құралдарының модельдері туралы;
электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарын жасап шығаруды кеңейтуге бағытталған инвестициялық жобалар туралы;
электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарын пайдаланудың артықшылықтары туралы ақпаратты қалыптастыруды, орналастыруды және жаңартып отыруды;
б) электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарының ықтимал тұтынушыларына арналған тақырыптық семинарларға мүше мемлекеттер уәкілетті органдары өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етуді;
в) осындай көлік құралдарын ықтимал тұтынушылардың қатысуымен электр қозғалтқыштары бар моторлы көлік құралдарының өңірлік және халықаралық көрмелерін ұйымдастыруды және өткізуді ұсынады.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |