Еуразиялық экономикалық комиссияның Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 20 қосымша) 20-тармағының 3 және 4-тармақшаларында көрсетілген жұмыстың 2016 жылы жүргізілген нәтижелері туралы ақпаратын назарға ала отырып:
1.Еуразиялық экономикалық комиссия Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 20 қосымша) 20-тармағының 3 және 4-тармақшаларына сәйкес 2017 жылы жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарымен келісілген ақпаратты 2018 жылдың бірінші жарты жылдығында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің қарауына ұсынсын.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін табиғи монополияларды реттеу саласындағы заңнаманы үндестіру жөнінде тиісті шараларды жүзеге асыру дәйектілігін айқындау бойынша іс-шаралар жоспарын ("жол картасын") бекітсін.
3. Осы Өкім Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |