2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабы 1-тармағының 11 және 12-тармақшаларында көзделген қағидаттарды іске асыру мақсатында және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 15 қаңтардағы "Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі" техникалық регламенті (КО ТР 020/2011) талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулердің қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі" техникалық регламенті (КО ТР 020/2011) талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің сәйкестілігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама туралы" № 5 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 16 қаңтардағы № 5 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 5 шешіміне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР
1. Атауында және 1-тармақта "өнімнің сәйкестілігін бағалау (растау)" деген сөздер "техникалық реттеу объектілерінің сәйкестілігін бағалау" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Аталған Шешіммен бекітілген Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі" техникалық регламенті (КО ТР 020/2011) талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулердің қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі" техникалық регламенті (КО ТР 020/2011) талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің сәйкестілігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламада:
а) атауында және 1-тармақта "өнімнің сәйкестілігін бағалау (растау)" деген сөздер "техникалық реттеу объектілерінің сәйкестілігін бағалау" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 7-графаның атауында "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) 10-позиция алып тасталсын;
г) 3-графадағы 24-позизияда "EN 55017:2011" белгісі "CISPR 17:2011" белгісімен ауыстырылсын, 5-графада "2013" цифрлары "2017" цифрларымен ауыстырылсын, 6-графада "2014" цифрлары "2018" цифрларымен ауыстырылсын;
д) 5-графадағы 31 және 45-позицияларда "2014" цифрлары "2016" цифрларымен ауыстырылсын, 6-графада "2015" цифрлары "2017" цифрларымен ауыстырылсын;
е) 3-графадағы 52-позицияда "СТБ IEC 61000-4-6-2011 (IEC 61000-4-6:2008)" белгісі "IEC 61000-4-6:2013" белгісімен ауыстырылсын, 5-графадағы "2013" цифрлары "2017" цифрларымен ауыстырылсын, 6-графадағы "2014" цифрлары "2018" цифрларымен ауыстырылсын;
ж) 5-графадағы 59, 60, 84 және 95-позицияларда "2013" цифрлары "2016" цифрларымен ауыстырылсын, 6-графада "2014" цифрлары "2017" цифрларымен ауыстырылсын;
з) 5-графадағы 61, 66, 96 және 143-позицияларда "2012" цифрлары "2016" циырларымен ауыстырылсын, 6-графада "2013" цифрлары "2017" цифрларымен ауыстырылсын;
и) 5-графадағы 63, 133 және 142-позицияларда "2012" цифрлары "2017" цифрларымен ауыстырылсын, 6-графада "2013" цифрлары "2018" цифрларымен ауыстырылсын;
к) 5-графадағы 64, 69, 100 – 103, 105, 112, 114 – 117 және 122 – 132 позицияларда "2013" цифрлары "2017" цифрларымен ауыстырылсын, 6-графада "2014" цифрлары "2018" цифрларымен ауыстырылсын;
л) 113-позицияда:
в 3-графада "МЕМСТ Р 52459.3-2009 (ЕН 301 489-3-2002)" сөздерінен кейін "EN 301 489-3 V1.6.1:2013 ескере отырып" сөздерімен толықтырылсын;
5-графада "2013" цифрлары "2017" цифрларымен ауыстырылсын, 6-графада "2014" цифрлары "2018" цифрларымен ауыстырылсын;
м) 3-графадағы 137-позицияда "МЕМСТ Р 52691-2006" сөздері "МЕМСТ Р МЭК 60945-2007" сөздерімен ауыстырылсын, 5-графада "2012" цифрлары "2017" цифрларымен ауыстырылсын, 6-графада "2013" цифрлары "2018" цифрларымен ауыстырылсын.
3. Мынадай мазмұндағы 146 – 181 позициялармен толықтырылсын:
146 |
13.320 |
Дабыл жүйелері. 4-бөлім. Электромагниттік үйлесімділік. Өнім тобына арналған стандарт. Өрт, бұзуға қарсы, күзет дабылы, видеобақылау, қолжетімділікті бақылау және әлеуметтік дабыл жүйелері компоненттерінің бөгеуілге төзімділігіне қойылатын талаптар. | 4-бап | 2016 жыл | 2017 жыл | Беларусь Республикасы |
147 | 29.120.70 |
Өлшеу релесі және қорғаныс жабдығы. 26-бөлім. Электромагниттік үйлесімділік талаптары. | 4-бап | 2016 жыл | 2017 жыл | Беларусь Республикасы |
148 | 29.120.50 |
Қосалқы электр жабдығы. Тұрмыстық және балама пайдалануға арналған қалдық токтың бақылау-өлшеу құрылғылары (RCMs). | 4-бап | 2015 жыл | 2017 жыл | Қазақстан Республикасы |
149 | 33.100.10 |
Өнеркәсіптік, ғылыми және медициналық жабдық. Радиожиілік бөгеуілдерінің сипаттамасы. Өлшеу нормалары мен әдістері. | 4-бап | 2015 жыл | 2017 жыл | Беларусь Республикасы |
150 |
13.110 |
Машиналардың қауіпсіздігі. Машиналар мен механизмдердің электр жабдықтары. 31-бөлім. Қосымша қауіпсіздік талаптары және тігін машиналарына, қондырғылар мен жүйелерге қойылатын электромагниттік үйлесімділік талаптары. | 4-бап | 2017 жыл | 2018 жыл | Ресей Федерациясы |
151 | 91.060.50 |
Механикаландырылған есіктер. Өнімнің стандарты, пайдалану сипаттамалары. Бастапқыда механикаландырылған тартпамен және өртке төзімділік пен түтін өткізбеушілік сипаттамаларынсыз орнату үшін көзделген бұрылатыннан басқа есік блоктары. | 4-бап | 2017 жыл | 2018 жыл | Беларусь Республикасы |
152 | 29.120.50 |
Тұрмыстық және баламалы тағайындалған автоматты ажыратқыштарға; асқын токтардан орнатылған қорғанысы бар, дифференциалды токпен басқарылатын автоматты ажыратқыштарға (RCBO); асқын токтардан орнатылған қорғанысы жоқ, дифференциалды токпен басқарылатын автоматты ажыратқыштарға (RCCB) арналған автоматты қайта қосу құрылғысына (ARD) қойылатын талаптар. | 4-бап | 2017 жыл | 2018 жыл | Беларусь Республикасы |
153 | 33.040.60 |
Төмен вольтты қондырғыларда пайдаланылатын электр желілері бойынша ақпарат өткізетін аппарат. Радиобөгеуілдердің сипаттамасы. Өлшеу шектері мен әдістері. 1-бөлім. Тұрмыстық пайдалануға арналған аппаратура. | 4-бап | 2018 жыл | 2019 жыл | Беларусь Республикасы |
154 | 29.130.20 |
Тарату және басқарудың төмен вольтты жинақтық құрылғылары. 6-бөлім. Құрама шиналар жүйесі (шинасымдар). | 4-бап | 2015 жыл | 2017 жыл | Беларусь Республикасы |
155 |
29.130.20 |
Төмен вольтты тарату және басқару аппаратурасы. Контроллерлер мен аспаптар арасындағы интерфейстер (CDI). 2-бөлім. Жетекті сенсорлы интерфейс (AS-i). | 4-бап | 2018 жыл | 2019 жыл |
Беларусь Республикасы |
156 | 29.130.20 |
Төмен вольтты тарату және басқару аппаратурасы. Контроллерлер мен аспаптар арасындағы интерфейстер (CDI). 7-бөлім. CompoNet. | 4-бап | 2018 жыл | 2019 жыл | Беларусь Республикасы |
157 | 33.100 |
Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі. Тұрақты токтың төмен вольтты қуат көздері. Сынақтың талаптары мен әдістері. | 4-бап | 2017 жыл | 2018 жыл | Ресей Федерациясы |
158 |
33.100.10 |
Жабдыққа техникалық талаптар және радиобөгеуілдер мен бөгеуілге төзімділікті өлшеу әдістері. 4-3-бөлім. Шектердің айқын еместігі, статистикасы және модельдеу. Жаппай өндіріс өнімдеріне арналған электромагниттік үйлесімділікті анықтау кезіндегі статистикалық талдау. | 4-бап | 2017 жыл | 2018 жыл | Беларусь Республикасы |
159 |
33.100.10 |
Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі. Индустриалық радиобөгеуілдер мен бөгеуілдерге төзімділік параметрлерін өлшеуге арналған аппаратураға қойылатын талаптар және өлшеу әдістері. 2-2-бөлім. Индустриалдық радиобөгеуілдер мен бөгеуілге төзімділік параметрлерін өлшеу әдістері. Радиобөгеуілдердің қуатын өлшеу. | 4-бап | 2018 жыл | 2019 жыл | Ресей Федерациясы |
160 |
33.100.10 |
Мультимедиа жабдығының электромагниттік үйлесімділігі. Электромагниттік эмиссияға қойылатын талаптар. | 4-бап | 2018 жыл | 2019 жыл | Ресей Федерациясы |
161 | 33.100.99 |
Электромагниттік үйлесімділік (ЭМҮ). 1-2-бөлім. Жалпы ережелер. Жабдықты қоса алғанда, электр және электрондық жүйелердің электромагниттік бөгеуілдерге қатысты функционалдық қауіпсіздігі жетістігінің әдіснамасы. | 4-бап | 2018 жыл | 2019 жыл | Ресей Федерациясы |
162 |
33.100.10 |
Электрлі жарық және балама жабдықтардан радиобөгеуілдер сипаттамаларын өлшеу нормалары мен әдістері. | 4-бап | 2018 жыл | 2019 жыл | Ресей Федерациясы |
163 | 33.100 |
Радио- және теледидар хабарын таратуды қабылдағыштар және олармен байланысты жабдық. Радиобөгеуілдердің сипаттамалары. Һлеу нормалары мен әдістері. | 4-бап | 2018 жыл | 2019 жыл | Ресей Федерациясы |
164 | 33.100.20 |
Электромагниттік үйлесімділік (ЭМҮ). 4-4-бөлім. Сынақтар және өлшеу әдістері. Электрлі жылдам импульстарға (бумаларға) төзімділікке сынау. | 4-бап | 2018 жыл | 2019 жыл | Ресей Федерациясы |
165 | 33.100.10 |
Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі. Индустриалық радиобөгеуілдер мен бөгеуілге төзімділік параметрлерін өлшеуге арналған аппаратураға қойылатын талаптар. 1-1-бөлім. Индустриалық радиобөгеуілдер мен бөгеуілге төзімділік параметрлерін өлшеуге арналған аппаратура. Индустриалық радиобөгеуілдерді өлшеуге арналған аспаптар. | 4-бап | 2016 жыл | 2017 жыл | Ресей Федерациясы |
166 |
33.100.10 |
Электромагниттік үйлесімділік (ЭМҮ). 2-13-бөлім. Қоршаған орта жағдайы. Жоғары қуаттың электромагниттік орталары (HPEM). Зерттелетін және кондуктивті құбылыстар. | 4-бап | 2018 жыл | 2019 жыл | Ресей Федерациясы |
167 |
33.100.10 |
Электромагниттік үйлесімділік (ЭМҮ). 4-21-бөлім. Сынақтар және өлшеу әдістері. Реверберация камерасында сынау әдістері. | 4-бап | 2018 жыл | 2019 жыл | Ресей Федерациясы |
168 | 33.100.20 |
Электромагниттік үйлесімділік (ЭМҮ). 4-35-бөлім. Сынақтар және өлшеу әдістері. HPEM модельдейтін құрылғылар бойынша қысқаша нұсқаулық. | 4-бап | 2018 жыл | 2019 жыл | Ресей Федерациясы |
160 | 33.100.01 |
Электромагниттік үйлесімділікті (ЕМҮ) қамтамасыз етуге арналған пассивті сүзгіден өткізу құрылғыларын басу сипаттамаларын өлшеу әдістері. | 4-бап | 2018 жыл | 2019 жыл | Беларусь Республикасы |
170 | 33.060.20 |
Электромагниттік үйлесімділік және радиожиілік спектрі (ERM). Радиожабдыққа және радиоқызметке арналған электромагниттік үйлесімділік (EMҮ) бойынша стандарт. 4-бөлім. Белгіленген радиожелілерге және қосалқы жабдыққа арналған арнайы талаптар. | 4-бап | 2017 жыл | 2018 жыл | Ресей Федерациясы |
171 | 33.100.10 |
Электромагниттік үйлесімділік және радиожиілік спектрі (ERM). Радиожабдыққа арналған электромагниттік үйлесімділік (ЭМҮ) бойынша стандарт. 17-бөлім. Кең жолақты деректерді өткізу жүйесіне арналған арнайы талаптар. | 4-бап | 2017 жыл | 2018 жыл | Ресей Федерациясы |
172 | 33.060.20 |
Электромагниттік үйлесімділік және радиожиілік спектрі (ERM). Радиожабдыққа және радиоқызметке арналған электромагниттік үйлесімділік (ЕМҮ) бойынша стандарт. 33-бөлім. Аса кең жолақты байланыс құрылғыларына (UWB) арналған арнайы талаптар. | 4-бап | 2017 жыл | 2018 жыл | Ресей Федерациясы |
173 | 33.100.10 |
Электромагниттік үйлесімділік және радиожиілік спектрі (ERM). Радиожабдыққа және радиоқызметке арналған электромагниттік үйлесімділік (ЕМҮ) бойынша стандарт. 35-бөлім. 2483,5 МГц-дан 2500 МГц-ға дейінгі жиілік диапазонында жұмыс істейтін қуаты аз белсенді медициналық имплантаттарға (LP-AMI) арналған арнайы талаптар. | 4-бап | 2017 жыл | 2018 жыл | Ресей Федерациясы |
174 | 33.100.10 |
Электромагниттік үйлесімділік және радиожиілік спектрі (ERM). Радиожабдыққа және радиоқызметке арналған электромагниттік үйлесімділік (ЕМҮ) бойынша стандарт. 50-бөлім. Ұялы байланыстың базалық стансасына (BS), ретрансляторға және қосалқы жабдыққа арналған арнайы талаптар. | 4-бап | 2017 жыл | 2018 жыл | Ресей Федерациясы |
175 | 33.100.20 |
Электромагниттік үйлесімділік (ЭМҮ). 2-5-бөлім. Қоршаған орта жағдайы. Электромагниттік орта деңгейлерін сипаттау және сыныптау. | 4-бап | 2017 жыл | 2018 жыл | Ресей Федерациясы |
176 | 33.100.10 |
Электромагниттік үйлесімділік (ЭМҮ). 3-6-бөлім. Нормалар. Орташа (MV), жоғары (HV) және аса жоғары (EHV) кернеудің энергетикалық жүйелері бар бұрмалаушы қондырғыларды байланыстыруға арналған эмиссия нормаларын бағалау. | 4-бап | 2017 жыл | 2018 жыл | Ресей Федерациясы |
177 | 33.100.10 |
Электромагниттік үйлесімділік (ЭМҮ). 3-7-бөлім. Нормалар. Орташа (MV), жоғары (HV) және аса жоғары (EHV) кернеудің энергетикалық жүйелері бар флуктуациялық қондырғыларды байланыстыруға арналған эмиссия нормаларын бағалау. | 4-бап | 2017 жыл | 2018 жыл | Ресей Федерациясы |
178 | 33.100.10 |
Электромагниттік үйлесімділік (ЭМҮ). 3-14-бөлім. Төмен кернеулі (LV) энергетикалық жүйелері бар, бөгеуілдер жасайтын қондырғыларды байланыстыруға арналған гамоникаларға, интергармоникаларға, кернеудің тербелістеріне және кернеудің бейсимметриясына арналған эмиссия нормаларын бағалау. | 4-бап | 2017 жыл | 2018 жыл | Ресей Федерациясы |
179 | 33.100.20 |
Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі. Электр желілері бойынша сигналдар беруді қоса алғанда, электр қуат көзінің кернеудің синусоидалдығын бұрмалауға төзімділігі. Сынақтар талаптары мен әдістері. | 4-бап | 2018 жыл | 2019 жыл | Ресей Федерациясы |
180 |
33.100.10 |
Электромагниттік үйлесімділік (ЭМҮ). 4-22-бөлім. Сынақтар және өлшеу әдістері. Сәулелендіргіш бөгеуіл эмиссияларды және бөгеуілге төзімділікті толығымен жаңғырықсыз камераларда (FARs) өлшеу. | 4-бап | 2018 жыл | 2019 жыл | Ресей Федерациясы |
181 |
27.020 |
Іштен жанатын қозғалтқыштардан жұмыс істейтін көлік құралдары, кемелер және машиналар. Радиобөгеуілдердің сипаттамалары. Борттан тыс қабылдағыштарды қорғауға арналған өлшеу нормалары мен әдістері. | 4-бап | 2018 жыл | 2019 жыл | Ресей Федерациясы |