Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 16 қаңтардағы № 5 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабы 1-тармағының 11 және 12-тармақшаларында көзделген қағидаттарды іске асыру мақсатында және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 15 қаңтардағы "Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі" техникалық регламенті (КО ТР 020/2011) талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулердің қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі" техникалық регламенті (КО ТР 020/2011) талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің сәйкестілігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама туралы" № 5 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 16 қаңтардағы
№ 5 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 5 шешіміне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Атауында және 1-тармақта "өнімнің сәйкестілігін бағалау (растау)" деген сөздер "техникалық реттеу объектілерінің сәйкестілігін бағалау" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Аталған Шешіммен бекітілген Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі" техникалық регламенті (КО ТР 020/2011) талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулердің қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі" техникалық регламенті (КО ТР 020/2011) талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің сәйкестілігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламада:

      а) атауында және 1-тармақта "өнімнің сәйкестілігін бағалау (растау)" деген сөздер "техникалық реттеу объектілерінің сәйкестілігін бағалау" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) 7-графаның атауында "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) 10-позиция алып тасталсын;

      г) 3-графадағы 24-позизияда "EN 55017:2011" белгісі "CISPR 17:2011" белгісімен ауыстырылсын, 5-графада "2013" цифрлары "2017" цифрларымен ауыстырылсын, 6-графада "2014" цифрлары "2018" цифрларымен ауыстырылсын;

      д) 5-графадағы 31 және 45-позицияларда "2014" цифрлары "2016" цифрларымен ауыстырылсын, 6-графада "2015" цифрлары "2017" цифрларымен ауыстырылсын;

      е) 3-графадағы 52-позицияда "СТБ IEC 61000-4-6-2011 (IEC 61000-4-6:2008)" белгісі "IEC 61000-4-6:2013" белгісімен ауыстырылсын, 5-графадағы "2013" цифрлары "2017" цифрларымен ауыстырылсын, 6-графадағы "2014" цифрлары "2018" цифрларымен ауыстырылсын;

      ж) 5-графадағы 59, 60, 84 және 95-позицияларда "2013" цифрлары "2016" цифрларымен ауыстырылсын, 6-графада "2014" цифрлары "2017" цифрларымен ауыстырылсын;

      з) 5-графадағы 61, 66, 96 және 143-позицияларда "2012" цифрлары "2016" циырларымен ауыстырылсын, 6-графада "2013" цифрлары "2017" цифрларымен ауыстырылсын;

      и) 5-графадағы 63, 133 және 142-позицияларда "2012" цифрлары "2017" цифрларымен ауыстырылсын, 6-графада "2013" цифрлары "2018" цифрларымен ауыстырылсын;

      к) 5-графадағы 64, 69, 100 – 103, 105, 112, 114 – 117 және 122 – 132 позицияларда "2013" цифрлары "2017" цифрларымен ауыстырылсын, 6-графада "2014" цифрлары "2018" цифрларымен ауыстырылсын;

      л) 113-позицияда:

      в 3-графада "МЕМСТ Р 52459.3-2009 (ЕН 301 489-3-2002)" сөздерінен кейін "EN 301 489-3 V1.6.1:2013 ескере отырып" сөздерімен толықтырылсын;

      5-графада "2013" цифрлары "2017" цифрларымен ауыстырылсын, 6-графада "2014" цифрлары "2018" цифрларымен ауыстырылсын;

      м) 3-графадағы 137-позицияда "МЕМСТ Р 52691-2006" сөздері "МЕМСТ Р МЭК 60945-2007" сөздерімен ауыстырылсын, 5-графада "2012" цифрлары "2017" цифрларымен ауыстырылсын, 6-графада "2013" цифрлары "2018" цифрларымен ауыстырылсын.

      3. Мынадай мазмұндағы 146 – 181 позициялармен толықтырылсын:

146

13.320
29.020

Дабыл жүйелері. 4-бөлім. Электромагниттік үйлесімділік. Өнім тобына арналған стандарт. Өрт, бұзуға қарсы, күзет дабылы, видеобақылау, қолжетімділікті бақылау және әлеуметтік дабыл жүйелері компоненттерінің бөгеуілге төзімділігіне қойылатын талаптар.
EN 50130-4:2011 негізінде МЕМСТ әзірлеу

4-бап

2016 жыл

2017 жыл

Беларусь Республикасы

147

29.120.70

Өлшеу релесі және қорғаныс жабдығы. 26-бөлім. Электромагниттік үйлесімділік талаптары.
IEC 60255-26:2013 негізінде МЕМСТ әзірлеу

4-бап

2016 жыл

2017 жыл

Беларусь Республикасы

148

29.120.50

Қосалқы электр жабдығы. Тұрмыстық және балама пайдалануға арналған қалдық токтың бақылау-өлшеу құрылғылары (RCMs).
IEC 62020:2003 негізінде МЕМСТ әзірлеу

4-бап

2015 жыл

2017 жыл

Қазақстан Республикасы

149

33.100.10

Өнеркәсіптік, ғылыми және медициналық жабдық. Радиожиілік бөгеуілдерінің сипаттамасы. Өлшеу нормалары мен әдістері.
МЕМСТ 30805.11-2002 (СИСПР 11:1997) орнына CISPR 11:2015 +AMD1:2016 негізінде МЕМСТ әзірлеу

4-бап

2015 жыл

2017 жыл

Беларусь Республикасы

150

13.110
61.080

Машиналардың қауіпсіздігі. Машиналар мен механизмдердің электр жабдықтары. 31-бөлім. Қосымша қауіпсіздік талаптары және тігін машиналарына, қондырғылар мен жүйелерге қойылатын электромагниттік үйлесімділік талаптары.
IEC 60204-31:2013 ескере отырып IEC 60204-31-2012 МЕМСТ қайта қарау

4-бап

2017 жыл

2018 жыл

Ресей Федерациясы

151

91.060.50

Механикаландырылған есіктер. Өнімнің стандарты, пайдалану сипаттамалары. Бастапқыда механикаландырылған тартпамен және өртке төзімділік пен түтін өткізбеушілік сипаттамаларынсыз орнату үшін көзделген бұрылатыннан басқа есік блоктары.
EN 16361:2013+А1:2016 негізінде МЕМСТ әзірлеу

4-бап

2017 жыл

2018 жыл

Беларусь Республикасы

152

29.120.50

Тұрмыстық және баламалы тағайындалған автоматты ажыратқыштарға; асқын токтардан орнатылған қорғанысы бар, дифференциалды токпен басқарылатын автоматты ажыратқыштарға (RCBO); асқын токтардан орнатылған қорғанысы жоқ, дифференциалды токпен басқарылатын автоматты ажыратқыштарға (RCCB) арналған автоматты қайта қосу құрылғысына (ARD) қойылатын талаптар.
EN 50557:2011 негізінде МЕМСТ әзірлеу

4-бап

2017 жыл

2018 жыл

Беларусь Республикасы

153

33.040.60

Төмен вольтты қондырғыларда пайдаланылатын электр желілері бойынша ақпарат өткізетін аппарат. Радиобөгеуілдердің сипаттамасы. Өлшеу шектері мен әдістері. 1-бөлім. Тұрмыстық пайдалануға арналған аппаратура.
EN 50561-1:2013 негізінде МЕМСТ әзірлеу

4-бап

2018 жыл

2019 жыл

Беларусь Республикасы

154

29.130.20

Тарату және басқарудың төмен вольтты жинақтық құрылғылары. 6-бөлім. Құрама шиналар жүйесі (шинасымдар).
IEC 61439-6:2012 негізінде МЕМСТ әзірлеу

4-бап

2015 жыл

2017 жыл

Беларусь Республикасы

155

29.130.20
 

Төмен вольтты тарату және басқару аппаратурасы. Контроллерлер мен аспаптар арасындағы интерфейстер (CDI). 2-бөлім. Жетекті сенсорлы интерфейс (AS-i).
IEC 62026-2:2008 негізінде МЕМСТ әзірлеу

4-бап

2018 жыл

2019 жыл

Беларусь Республикасы
 

156

29.130.20

Төмен вольтты тарату және басқару аппаратурасы. Контроллерлер мен аспаптар арасындағы интерфейстер (CDI). 7-бөлім. CompoNet.
IEC 62026-7:2010 негізінде МЕМСТ әзірлеу

4-бап

2018 жыл

2019 жыл

Беларусь Республикасы

157

33.100

Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі. Тұрақты токтың төмен вольтты қуат көздері. Сынақтың талаптары мен әдістері.
МЕМСТ 32132.3-2013 (IEC 61204-3:2000) орнына IEC 61204-3:2011 негізінде МЕМСТ әзірлеу

4-бап

2017 жыл

2018 жыл

Ресей Федерациясы

158

33.100.10
33.100.20

Жабдыққа техникалық талаптар және радиобөгеуілдер мен бөгеуілге төзімділікті өлшеу әдістері. 4-3-бөлім. Шектердің айқын еместігі, статистикасы және модельдеу. Жаппай өндіріс өнімдеріне арналған электромагниттік үйлесімділікті анықтау кезіндегі статистикалық талдау.
CISPR/TR 16-4-3:2007 негізінде МЕМСТ әзірлеу

4-бап

2017 жыл

2018 жыл

Беларусь Республикасы

159

33.100.10
33.100.20

Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі. Индустриалық радиобөгеуілдер мен бөгеуілдерге төзімділік параметрлерін өлшеуге арналған аппаратураға қойылатын талаптар және өлшеу әдістері. 2-2-бөлім. Индустриалдық радиобөгеуілдер мен бөгеуілге төзімділік параметрлерін өлшеу әдістері. Радиобөгеуілдердің қуатын өлшеу.
МЕМСТ 30805.16.2.2-2013 (CISPR 16-2-2:2005) орнына CISPR 16-2-2:2010 негізінде МЕМСТ әзірлеу

4-бап

2018 жыл

2019 жыл

Ресей Федерациясы

160

33.100.10
 

Мультимедиа жабдығының электромагниттік үйлесімділігі. Электромагниттік эмиссияға қойылатын талаптар.
CISPR 32:2015 ескере отырып МЕМСТ CISPR 32-2015 қайта қарау

4-бап

2018 жыл

2019 жыл

Ресей Федерациясы

161

33.100.99

Электромагниттік үйлесімділік (ЭМҮ). 1-2-бөлім. Жалпы ережелер. Жабдықты қоса алғанда, электр және электрондық жүйелердің электромагниттік бөгеуілдерге қатысты функционалдық қауіпсіздігі жетістігінің әдіснамасы.
IEC 61000-1-2:2016 ескере отырып МЕМСТ IEC/TS 61000-1-2-2015 қайта қарау

4-бап

2018 жыл

2019 жыл

Ресей Федерациясы

162

33.100.10
 

Электрлі жарық және балама жабдықтардан радиобөгеуілдер сипаттамаларын өлшеу нормалары мен әдістері.
CISPR 15:2015 ескере отырып МЕМСТ CISPR 15-2014 қайта қарау

4-бап

2018 жыл

2019 жыл

Ресей Федерациясы

163

33.100

Радио- және теледидар хабарын таратуды қабылдағыштар және олармен байланысты жабдық. Радиобөгеуілдердің сипаттамалары. Һлеу нормалары мен әдістері.
МЕМСТ 30805.13-2013 (CISPR 13:2006) орнына CISPR 13:2015 негізінде МЕМСТ әзірлеу

4-бап

2018 жыл

2019 жыл

Ресей Федерациясы

164

33.100.20

Электромагниттік үйлесімділік (ЭМҮ). 4-4-бөлім. Сынақтар және өлшеу әдістері. Электрлі жылдам импульстарға (бумаларға) төзімділікке сынау.
МЕМСТ 30804.4.4-2013 (IEC 61000-4-4:2004) орнына IEC 61000-4-4:2012 негізінде МЕМСТ әзірлеу

4-бап

2018 жыл

2019 жыл

Ресей Федерациясы

165

33.100.10

Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі. Индустриалық радиобөгеуілдер мен бөгеуілге төзімділік параметрлерін өлшеуге арналған аппаратураға қойылатын талаптар. 1-1-бөлім. Индустриалық радиобөгеуілдер мен бөгеуілге төзімділік параметрлерін өлшеуге арналған аппаратура. Индустриалық радиобөгеуілдерді өлшеуге арналған аспаптар.
МЕМСТ 30805.16.1.1-2013 (CISPR 16-1-1:2006) орнына CISPR 16-1-1:2015 негізінде МЕМСТ әзірлеу

4-бап

2016 жыл

2017 жыл

Ресей Федерациясы

166

33.100.10
33.100.20

Электромагниттік үйлесімділік (ЭМҮ). 2-13-бөлім. Қоршаған орта жағдайы. Жоғары қуаттың электромагниттік орталары (HPEM). Зерттелетін және кондуктивті құбылыстар.
IEC 61000-2-13:2005 негізінде МЕМСТ әзірлеу

4-бап

2018 жыл

2019 жыл

Ресей Федерациясы

167

33.100.10
33.100.20

Электромагниттік үйлесімділік (ЭМҮ). 4-21-бөлім. Сынақтар және өлшеу әдістері. Реверберация камерасында сынау әдістері.
IEC 61000-4-21:2011 негізінде МЕМСТ әзірлеу

4-бап

2018 жыл

2019 жыл

Ресей Федерациясы

168

33.100.20

Электромагниттік үйлесімділік (ЭМҮ). 4-35-бөлім. Сынақтар және өлшеу әдістері. HPEM модельдейтін құрылғылар бойынша қысқаша нұсқаулық.
IEC/TR 61000-4-35:2009 негізінде МЕМСТ әзірлеу

4-бап

2018 жыл

2019 жыл

Ресей Федерациясы

160

33.100.01

Электромагниттік үйлесімділікті (ЕМҮ) қамтамасыз етуге арналған пассивті сүзгіден өткізу құрылғыларын басу сипаттамаларын өлшеу әдістері.
CISPR 17:2011 негізінде МЕМСТ әзірлеу

4-бап

2018 жыл

2019 жыл

Беларусь Республикасы

170

33.060.20

Электромагниттік үйлесімділік және радиожиілік спектрі (ERM). Радиожабдыққа және радиоқызметке арналған электромагниттік үйлесімділік (EMҮ) бойынша стандарт. 4-бөлім. Белгіленген радиожелілерге және қосалқы жабдыққа арналған арнайы талаптар.
ETSI EN 301 489-4 V2.2.1 (2015-05) негізінде МЕМСТ әзірлеу

4-бап

2017 жыл

2018 жыл

Ресей Федерациясы

171

33.100.10

Электромагниттік үйлесімділік және радиожиілік спектрі (ERM). Радиожабдыққа арналған электромагниттік үйлесімділік (ЭМҮ) бойынша стандарт. 17-бөлім. Кең жолақты деректерді өткізу жүйесіне арналған арнайы талаптар.
ETSI EN 301 489-17 V2.2.1 (2012-09) негізінде МЕМСТ әзірлеу

4-бап

2017 жыл

2018 жыл

Ресей Федерациясы

172

33.060.20

Электромагниттік үйлесімділік және радиожиілік спектрі (ERM). Радиожабдыққа және радиоқызметке арналған электромагниттік үйлесімділік (ЕМҮ) бойынша стандарт. 33-бөлім. Аса кең жолақты байланыс құрылғыларына (UWB) арналған арнайы талаптар.
ETSI EN 301 489-33 V1.1.1 (2009-02) негізінде МЕМСТ әзірлеу

4-бап

2017 жыл

2018 жыл

Ресей Федерациясы

173

33.100.10

Электромагниттік үйлесімділік және радиожиілік спектрі (ERM). Радиожабдыққа және радиоқызметке арналған электромагниттік үйлесімділік (ЕМҮ) бойынша стандарт. 35-бөлім. 2483,5 МГц-дан 2500 МГц-ға дейінгі жиілік диапазонында жұмыс істейтін қуаты аз белсенді медициналық имплантаттарға (LP-AMI) арналған арнайы талаптар.
ETSI EN 301 489-35 V1.1.2 (2013-10) негізінде МЕМСТ әзірлеу

4-бап

2017 жыл

2018 жыл

Ресей Федерациясы

174

33.100.10

Электромагниттік үйлесімділік және радиожиілік спектрі (ERM). Радиожабдыққа және радиоқызметке арналған электромагниттік үйлесімділік (ЕМҮ) бойынша стандарт. 50-бөлім. Ұялы байланыстың базалық стансасына (BS), ретрансляторға және қосалқы жабдыққа арналған арнайы талаптар.
ETSI EN 301 489-50 V1.2.1 (2013-03) негізінде МЕМСТ әзірлеу

4-бап

2017 жыл

2018 жыл

Ресей Федерациясы

175

33.100.20

Электромагниттік үйлесімділік (ЭМҮ). 2-5-бөлім. Қоршаған орта жағдайы. Электромагниттік орта деңгейлерін сипаттау және сыныптау.
IEC/TR 61000-2-5:2011 негізінде МЕМСТ әзірлеу

4-бап

2017 жыл

2018 жыл

Ресей Федерациясы

176

33.100.10

Электромагниттік үйлесімділік (ЭМҮ). 3-6-бөлім. Нормалар. Орташа (MV), жоғары (HV) және аса жоғары (EHV) кернеудің энергетикалық жүйелері бар бұрмалаушы қондырғыларды байланыстыруға арналған эмиссия нормаларын бағалау.
IEC/TR 61000-3-6:2008 негізінде МЕМСТ әзірлеу

4-бап

2017 жыл

2018 жыл

Ресей Федерациясы

177

33.100.10

Электромагниттік үйлесімділік (ЭМҮ). 3-7-бөлім. Нормалар. Орташа (MV), жоғары (HV) және аса жоғары (EHV) кернеудің энергетикалық жүйелері бар флуктуациялық қондырғыларды байланыстыруға арналған эмиссия нормаларын бағалау.
IEC/TR 61000-3-7:2008 негізінде МЕМСТ әзірлеу

4-бап

2017 жыл

2018 жыл

Ресей Федерациясы

178

33.100.10

Электромагниттік үйлесімділік (ЭМҮ). 3-14-бөлім. Төмен кернеулі (LV) энергетикалық жүйелері бар, бөгеуілдер жасайтын қондырғыларды байланыстыруға арналған гамоникаларға, интергармоникаларға, кернеудің тербелістеріне және кернеудің бейсимметриясына арналған эмиссия нормаларын бағалау.
IEC/TR 61000-3-14:2011 негізінде МЕМСТ әзірлеу

4-бап

2017 жыл

2018 жыл

Ресей Федерациясы

179

33.100.20

Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі. Электр желілері бойынша сигналдар беруді қоса алғанда, электр қуат көзінің кернеудің синусоидалдығын бұрмалауға төзімділігі. Сынақтар талаптары мен әдістері.
IEC 61000-4-13:2009/ Amd2:2015 ескере отырып МЕМСТ IEC 61000-4-13-2016 өзгерістер енгізу

4-бап

2018 жыл

2019 жыл

Ресей Федерациясы

180

33.100.10
33.100.20

Электромагниттік үйлесімділік (ЭМҮ). 4-22-бөлім. Сынақтар және өлшеу әдістері. Сәулелендіргіш бөгеуіл эмиссияларды және бөгеуілге төзімділікті толығымен жаңғырықсыз камераларда (FARs) өлшеу.
IEC 61000-4-22:2010 негізінде МЕМСТ әзірлеу

4-бап

2018 жыл

2019 жыл

Ресей Федерациясы

181

27.020
33.100.10

Іштен жанатын қозғалтқыштардан жұмыс істейтін көлік құралдары, кемелер және машиналар. Радиобөгеуілдердің сипаттамалары. Борттан тыс қабылдағыштарды қорғауға арналған өлшеу нормалары мен әдістері.
CISPR 12:2009 ескере отырып МЕМСТ 30805.12-2002 (СИСПР 12-97) қайта қарау

4-бап

2018 жыл

2019 жыл

Ресей Федерациясы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады