2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабы 2-тармағына, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 3-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Кеден одағының техникалық регламентін әзірлеу, қабылдау, өзгерістер енгізу және күшін жою тәртібі туралы ереженің 6-тармағын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Мынадай:
а) 2020 жылғы 1 наурызға дейін Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – Одақ) аумағында электротехника және радиоэлектроника бұйымдарын сәйкестікті бағалауды жүзеге асырмай және Еуразиялық экономикалық одақтың "Электротехника және радиоэлектроника бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы" техникалық регламентінің (ЕАЭО ТР 037/2016) (бұдан әрі – техникалық регламент) талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжаттарсыз өндіруге және айналымға шығаруға жол беріледі;
б) осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген электротехника және радиоэлектроника бұйымдарының айналымына олардың Одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген қызмет ету мерзімі ішінде жол беріледі деп белгіленсін.
2. Беларусь Республикасы Үкіметінен:
а) зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдер қағидалары мен әдістерін, соның ішінде техникалық регламент талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестілігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) бойынша бағдарлама жобасын;
б) оларға қатысты кедендік декларация тапсыру техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігі туралы құжатты ұсынумен ілесе жүргізілетін өнімдер тізбесінің жобасын Одаққа мүше мемлекеттермен бірлесе отырып әзірлеуді және 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсынуды қамтамасыз ету сұралсын.
3. Осы Шешім Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің Еуразиялық экономикалық одақтың "Электротехника және радиоэлектроника бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы" техникалық регламентін қабылдау туралы шешімі күшіне енген күннен бастап, бірақ ерте дегенде осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |