2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабы 1-тармағының 11 және 12-тармақшаларында көзделген қағидаттарды іске асыру мақсатында және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы "Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО ТР 008/2011) талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулердің қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО ТР 008/2011) талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің сәйкестілігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама туралы" № 275 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 28 ақпандағы № 27 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 275 шешіміне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР
1. Атауында және 1-тармақта "өнімнің сәйкестілігін бағалау (растау)" деген сөздер "техникалық реттеу объектілерінің сәйкестілігін бағалау" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО ТР 008/2011) талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулердің қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО ТР 008/2011) талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің сәйкестілігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламада:
а) атауында "өнімнің сәйкестілігін бағалау (растау)" деген сөздер "техникалық реттеу объектілерінің сәйкестілігін бағалау" деген сөздермен ауыстырылсын;
б) 7-графаның атауында кестенің тақырыбында "Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;
в) мынадай мазмұндағы 10 – 14 позициялармен толықтырылсын:
"
10 | 97.200.50 |
Ойыншықтар. Беткі қабатын бояуға қойылатын талаптар және беткі қабатында бояудың болуын бақылау әдісі. |
4-баптың | 2016 жыл | 2017 жыл | Беларусь Республикасы |
11 | 97.200.50 |
Ойыншықтар. Үлгілерді іріктеу қағидалары. | 4-бап | 2017 жыл | 2018 жыл | Беларусь Республикасы |
12 | 97.200.50 |
Ойыншықтардың қауіпсіздігі. 5-бөлім. Химиялық заттарды қамтитын және химиялық тәжірибелер жүргізуге арналған жиынтыққа жатпайтын ойындар жинақталымы (жиынтығы). | 4-баптың 3.4 және 3.5-тармақтары, 2-қосымша | 2017 жыл | 2018 жыл | Беларусь Республикасы |
13 | 97.200.50 |
Ойыншықтардың қауіпсіздігі. 13-бөлім. Иіс сезуді дамытуға арналған үстелүсті ойындар, косметикалық жиынтықтар және дәм сезуді дамытуға арналған ойындар. |
4-баптың 3.4, 3.5 және 3.8-тармақтары, | 2017 жыл | 2018 жыл | Беларусь Республикасы |
14 | 97.200.50 |
Ойыншықтардың қауіпсіздігі. 14-бөлім. Үйде пайдалануға арналған батуттар. | 4-баптың 3.2-тармағының 14-абзацы | 2017 жыл | 2018 жыл | Беларусь Республикасы |
".