Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 9-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ортақ процестер тізбесінің 47-позициясы мынадай редакцияда жазылсын:
"47. Ауыл шаруашылығы өсімдіктері сорттарының бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану | Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының айналысы туралы келісімге қол қойылған күннен бастап 9 ай ішінде". |
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |