Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ортақ процестер тізбесі және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 19 тамыздағы № 132 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімі


      Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 9-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестер тізбесі бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 19 тамыздағы № 132 шешіміндегі "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 12 қарашадағы № 260 шешімімен бекітілген Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің ортақ процестерін іске асыру үшін басым" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ортақ процестер" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 12 қарашадағы № 260 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 14 сәуірдегі
№ 29 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ортақ процестер ТІЗБЕСІ


Еуразиялық экономикалық комиссияның ортақ процесті іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттарды әзірлеу мерзімі

      I.      Сыртқы және өзара сауданы реттеу кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары ресімдеген құжаттардың дерекқорын пайдалану

1. Сыртқы және өзара сауданы реттеу кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер ресімдейтін, оның ішінде тыйым салулар мен шектеулердің сақталуын растау мақсатында кедендік операцияларды жасау кезінде ұсынылатын құжаттардың дерекқорын пайдалану
 

2015 ж.
IV тоқсан

      ІІ. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының қызметін қолдау үшін жалпы ақпараттық ресурстарды (тізілімдерді, тізбелерді, сыныптауыштарды) қалыптастыру, жүргізу және пайдалану


Еуразиялық экономикалық комиссияның ортақ процесті іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттарды әзірлеу мерзімі

2. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасы арқылы өткізу пункттерінің ақпараттық-анықтамалық тізбесін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2015 ж.
II тоқсан



3.Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасы арқылы өткізу пункттерінің дерекқорын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2015 ж.
IV тоқсан



4. Бос (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар резиденттерінің (қатысушылардың) ортақ тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2015 ж.
II тоқсан



5. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарлардың келетін орындарының ортақ тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2015 ж.
II тоқсан



6. Кедендік өкілдердің ортақ тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2015 ж.
II тоқсан

7. Кедендік тасымалдаушылардың ортақ тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2015 ж.
II тоқсан


Еуразиялық экономикалық комиссияның ортақ процесті іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттарды әзірлеу мерзімі
 

8. Бос қоймалар иелерінің ортақ тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2015ж.
II тоқсан

9. Уақытша сақтау қоймалары иелерінің ортақ тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2015ж.
II тоқсан
 

10. Кедендік қоймалар иелерінің ортақ тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2015ж.
II тоқсан
 

11. Кедендік декларациялар толтыру үшін пайдаланылатын сыныптауыштарды қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2015ж.
II тоқсан

12. Тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттарды куәландыруға уәкілетті құзыретті органдар атауларынан, мекенжайларынан және мөрлер бедерлері
үлгілерінің дерекқорын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану      

2015ж.
II тоқсан
 


Еуразиялық экономикалық комиссияның ортақ процесті іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттарды әзірлеу мерзімі
 

      ІІІ. Кедендік процестер мониторингі мен оларды бақылау мақсатында ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету

13. Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарлар тасымалын бақылау процесінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының арасында электрондық құжаттармен және (немесе) мәліметтермен алмасуды қамтамасыз ету

2015 ж.
IV тоқсан

14. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерде тауарлардың нақты шығарылуын бақылау мен растау процесінде Еуразиялық экономикалық мүше мемлекеттердің кеден органдарының арасында мәліметтермен алмасуды қамтамасыз ету
 

2015 ж.
IV тоқсан

15. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер аумағына уақытша әкелінген және мұндай аумақтан уақытша әкетілген халықаралық тасымалдың көлік құралдарын есепке алу мен бақылау процесінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының арасында мәліметтермен алмасуды қамтамасыз ету

2015 ж.
IV тоқсан

16. Жеке тұлғалар жеке пайдалану үшін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына уақытша әкелетін көлік құралдарына қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының арасында ақпаратпен алмасуды қамтамасыз ету

2015 ж.
IV тоқсан


Еуразиялық экономикалық комиссияның ортақ процесті іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттарды әзірлеу мерзімі
 

17. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін және ішкі тұтыну үшін шығарылатын автомобилдерге қатысты Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының арасында ақпаратпен алмасуды қамтамасыз ету

2016 ж.
IІ тоқсан

18. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының арасында тауарларға декларациялардың электрондық көшірмелерінің дерекқорынан алынған ақпаратпен алмасуды қамтамасыз ету

2016 ж.
IІІ тоқсан

19. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдарының арасында кедендік кіріс ордерлерінің электрондық көшірмелерінің дерекқорынан алынған ақпаратпен алмасуды қамтамасыз ету

2016 ж.
IV тоқсан

20. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары қабылдаған алдын ала шешімдердің электрондық көшірмелерінің дерекқорынан алынған ақпаратпен алмасуды қамтамасыз ету

2015 ж.
IV тоқсан

      ІV. Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету

21. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2016 ж.
ІІ тоқсан
 


Еуразиялық экономикалық комиссияның ортақ процесті іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттарды әзірлеу мерзімі
 

 
22. Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері мен қызмет көрсету белгілерін тіркеу, құқықтық қорғау және пайдалану


23. Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының шығу орындарының атауларын тіркеу, құқықтық қорғау және пайдалану


      V.      Тауарлардың сыныптауыштарын, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифін жүргізуді ақпараттық қолдау

24. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифін, оларға қосалқы ақпараттық (анықтамалық) материалдарды электрондық түрде қалыптастыру, жүргізу және пайдалану, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің халықаралық негіздерін электрондық түрде жүргізу мен пайдалану

2015ж.
ІІІ тоқсан

25. Еуразиялық одаққа мүше мемлекеттердің кеден органдары қабылдаған алдын ала шешімдердің жинағын тауарлар сыныптамасы бойынша қалыптастыру

2015 ж.
ІІ тоқсан
 
 


Еуразиялық экономикалық комиссияның ортақ процесті іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттарды әзірлеу мерзімі


      V.      Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласында ақпараттық қамтамасыз ету

26. Еуразиялық экономикалық одақтың тіркелген дәрілік заттарының бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2015 ж.
IV тоқсан

27. Еуразиялық экономикалық одақтың дәрілік заттар өндірушілерінің уәкілетті тұлғаларының бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану
 

2015 ж.
IV тоқсан

28. Сапа бойынша талаптарға сәйкес келмейтін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағында қолдан жасалған және (немесе) контрафактілік дәрілік заттардың бірыңғай ақпараттық дерекқор қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2015 ж.
IV тоқсан

29. Дәрілік заттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қамтитын, дәрілік заттарға анықталған теріс реакциялар (әрекеттер) бойынша бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2015 ж.
IV тоқсан

30. Медициналық қолданылуы уақытша тоқтатылған, кері шақырылған және тыйым салынған дәрілік заттар бойынша бірыңғай ақпараттық дерекқор қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2015 ж.
IV тоқсан


Еуразиялық экономикалық комиссияның ортақ процесті іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттарды әзірлеу мерзімі


31. Еуразиялық экономикалық одақтың фармацевтикалық инспекторларының бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2015 ж.
IV тоқсан

32. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тіркелген медициналық бұйымдардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2015 ж.
IV тоқсан

33. Тіркеу мақсатында медициналық бұйымдарына зерттеулер (сынақтар) жүргізуді жүзеге асыратын Еуразиялық экономикалық одақтың уәкілетті ұйымдарының бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2015 ж.
IV тоқсан

34. Медициналық бұйымдар қауіпсіздігі, сапасы және тиімділігі мониторингінің бірыңғай ақпараттық дерекқорын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану
 

2015 ж.
IV тоқсан

      VII.Техникалық реттеу саласындағы ақпараттық қамтамасыз ету

35. Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің (Кеден одағының техникалық регламенттерінің) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу

2015 ж.
ІІ тоқсан


Еуразиялық экономикалық комиссияның ортақ процесті іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттарды әзірлеу мерзімі

36. Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының (оның ішінде сертификаттау, сынақ зертханалары (орталықтары) жөніндегі органдарының) бірыңғай тізілімін қалыптастыру және жүргізу

2015 ж.
ІІ тоқсан

37. Қауіпті өнім туралы ақпараттандыру жүйесін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2016 ж.
IV тоқсан

38.Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ақпараттық
қорларындағы өлшемдер бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы мәліметтермен алмасуды қамтамасыз ету
 

2015 ж.
IV тоқсан

39. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының (ұйымдарының) және көлік құралдарын (көлік құралдарының шассиін), өздігінен жүретін машиналарды және техниканың басқа түрлерін шығаратын, көлік құралдарының (көлік құралдарының шассиінің), өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа түрлерінің паспорттарын (электрондық паспорттарын) ресімдеуді жүзеге асыратын ұйымдардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2015 ж.
ІІ тоқсан




Еуразиялық экономикалық комиссияның ортақ процесті іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттарды әзірлеу мерзімі


      VIII. Ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдануды ақпараттық қамтамасыз ету

40. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының, оның ішінде адам мен жануарларларға ортақ, аурулардың және (немесе) ветеринариялық-санитариялық жағынан қауіпті жануарлардан алынатын тауарлардың (өнімнің) табылу мен таралу жағдайлары, сондай-ақ қабылданған ветеринариялық-санитариялық шаралар туралы дерекқор қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2015 ж.
IV тоқсан

41. Электрондық түрде берілген ветеринариялық ілеспе құжаттармен (ветеринариялық сертификаттармен) алмасуды қамтамасыз ету

2015 ж.
ІІІ тоқсан

42. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, ветеринариялық-санитариялық бақыланатын тауарларды өндіруді, қайта өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен тұлғалардың тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2015 ж.
ІІ тоқсан

43. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына тасымалданатын тауарларды өндіруді, қайта өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын ұйымдар мен тұлғалардың тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2015 ж.
ІІ тоқсан


Еуразиялық экономикалық комиссияның ортақ процесті іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттарды әзірлеу мерзімі
 

44. Жануарларға арналған тіркелген дәрілік заттардың, диагностикалық жүйелердің, жануарларды паразиттерге қарсы өңдеуге арналған заттардың және жануарларға арналған қоректік қоспалардың тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2015 ж.
IV тоқсан

45. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары берген ветеринариялық қызметтің бақылауындағы жүктерді әкелуге (әкелу, транзит) арналған рұқсаттардың бірыңғай дерекқорын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2015 ж.
ІІІ тоқсан

      IХ. Көліктік (автомобиль) бақылауды ақпараттық қамтамасыз ету

46. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасында көліктік (автомобиль) бақылауды ақпараттық қамтамасыз ету

2015 ж.
ІІІ тоқсан

      Х. Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру мен айналысын реттеу мен бақылау процестерін ақпараттық қамтамасыз ету


Еуразиялық экономикалық комиссияның ортақ процесті іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттарды әзірлеу мерзімі



47. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумақтарында пайдалануға рұқсат етілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сұрыптарының бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2017 ж.
ІІ тоқсан

48. Ауыл шаруашылығы жануарлары мен жануарлардан алынатын өнімді сәйкестендіру, тіркеу және бақылау жүргізген кезде келісілген тәсілдер шеңберінде ортақ дерек қор қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2015 ж.
IV тоқсан

      XI. Салық салу, кедендік әкелу баждарын есепке жатқызу мен бөлу, капиталдың еркін қозғалысы мәселелері жөніндегі ақпаратпен алмасуға байланысты процестерді ақпараттық қамтамасыз ету

49. Есепке жатқызылған және бөлінген кедендік әкелу баждарының сомалары туралы мәліметтермен алмасуды қамтамасыз ету, сондай-ақ мұндай мәліметтерді қамтитын дерекқор қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2015 ж.
IV тоқсан

50. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің шоттарына шетелдік валютада келіп түскен ақша қаражатының сату (сатып алу) көлемдері туралы дерекқорын қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2015 ж.
І тоқсан

51. Кедендік әкелу баждарын төлеуге байланысты мәліметтермен алмасуды қамтамасыз ету, сондай-ақ мұндай мәліметтерді қамтитын дерекқор қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2015 ж.
IV тоқсан


Еуразиялық экономикалық комиссияның ортақ процесті іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттарды әзірлеу мерзімі
 

52. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржы ұйымдар берген банк қызметін, сақтандыру қызметін және бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асыруға лицензиялар туралы дерекқор қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2015 ж.
ІІ тоқсан

53. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің эмитенттері мен биржалары туралы мәліметтермен алмасуды қамтамасыз ету, сондай-ақ мұндай мәліметтерді қамтитын дерекқор қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2016 ж.
ІІ тоқсан

      XII. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық комиссия

      арасындағы электрондық құжат айналымын қамтамасыз ету

54. Еуразиялық экономикалық комиссияның сұрау салуларды қалыптастыруы мен жіберуін және Еуразиялық экономикалық комиссияның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға қажетті ақпарат жіберуін қамтамасыз ету

2016 ж.
ІІІ тоқсан

55. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық комиссия арасындағы электрондық құжат айналымын (оның ішінде сенім білдірілген үшінші тараптың сервистерін пайдалана отырып) қамтамасыз ету

2015 ж.
ІІІ тоқсан


Еуразиялық экономикалық комиссияның ортақ процесті іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттарды әзірлеу мерзімі
 

      XIII. Санитариялық шаралардың қолданылуын ақпараттық қамтамасыз ету

56. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасында және кедендік аумағында санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2015 ж.
ІІ тоқсан

57. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында жұқпалы және жаппай жұқпалы емес аурулардың (уланулардың) табылуы және адамның өміріне, денсаулығы мен оның өмір сүру ортасына қауіпті өнімнің таралу жағдайлары, сондай-ақ қабылданған санитариялық шаралар туралы дерекқор қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2016 ж.
ІІІ тоқсан

58. Уақытша санитариялық шараларды енгізу туралы ақпаратпен алмасуды қамтамасыз ету

2016 ж.
ІІІ тоқсан

      XIV. Карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдануды ақпараттық қамтамасыз ету

59.Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында карантиндік объектілердің табылу және таралу жағдайлары, сондай-ақ қабылданған карантиндік фитосанитариялық шаралар туралы дерекқор қалыптастыру, жүргізу және пайдалану
 

2017 ж.
ІІ тоқсан


Еуразиялық экономикалық комиссияның ортақ процесті іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттарды әзірлеу мерзімі
 

60. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының арасында берілген фитосанитариялық сертификаттар туралы ақпаратпен алмасуды қамтамасыз ету

2016 ж.
ІІ тоқсан

61. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының арасында уақытша карантиндік фитосанитариялық шараларды енгізу
туралы ақпаратпен алмасуды қамтамасыз ету

2016 ж.
ІІ тоқсан

      ХV. Бәсекелестік саясат және мемлекеттік (муниципалды) сатып алу саласындағы ақпараттық қамтамасыз ету

62. Трансшекаралық нарықтардағы бәсекелестіктің жалпы қағидалары мен бәсекелестік (монополияға қарсы) заңнамасының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік баға реттеуінің енгізілуін және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер шешімдерінің дауланылуын бақылауды жүзеге асырған кезде Еуразиялық экономикалық комиссия мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында құжаттармен және (немесе) мәліметтермен алмасуды қамтамасыз ету
 

2015 ж.
IV тоқсан

63. Мемлекеттік (муниципалды) сатып алу саласындағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің атқарушы биліктің уәкілетті органдарының арасында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік сатып алуға, оның ішінде сенім білдірілген үшінші тараптың сервистерін пайдалана отырып, цифрлық қолтаңбаны (электрондық қолтаңбаны) өзара тану тетіктерінің көмегімен өзара қатысуын қамтамасыз етуге қажетті электрондық құжаттармен және (немесе) мәліметтермен алмасуды қамтамасыз ету
 

2015 ж.
ІІІ тоқсан


Еуразиялық экономикалық комиссияның ортақ процесті іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттарды әзірлеу мерзімі
 

      ХVІ. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу саласындағы ақпараттық қамтамасыз ету

64. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қызметтік және азаматтық қару-жарақ алып өту және оның ішкі транзиті кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында мәліметтермен алмасуды қамтамасыз ету

2016 ж.
IV тоқсан

65. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге рұқсат етілген радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіргізілген құрылғылардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу

2016 ж.
IV тоқсан

66. Үшінші елдермен саудада тарифтік емес реттеу қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесін қалыптастыру, жүргізу және жариялау

2016 ж.
IV тоқсан

67. Нотификациялардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2015 ж.
ІІІ тоқсан

68. Тауарлардың сыртқы сауда саласында берілген лицензиялар, рұқсаттар және қорытындылар (рұқсат беру құжаттары) туралы дерекқор қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2015 ж.
ІІІ тоқсан


Еуразиялық экономикалық комиссияның ортақ процесті іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттарды әзірлеу мерзімі


69. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша есірткілік, психотроптық заттарды және олардың прекурсорларын трансшекаралық тасымалдауды (ішкі транзит) жүзеге асырған кезде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында мәліметтермен алмасуды қамтамасыз ету

2015 ж.
IV тоқсан

70. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде өзара сауданы жүзеге асырған кезде озонды бұзатын заттар мен олар құрамында бар өнімді алып өту кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында мәліметтермен алмасуды қамтамасыз ету

2015 ж.
IV тоқсан

71. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша қауіпті қалдықтарды трансшекаралық ауыстырған кезде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында мәліметтермен алмасуды қамтамасыз ету

2015 ж.
IV тоқсан

72. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша есірткілік және психотроптық заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттарды алып өту кезінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары арасында мәліметтермен алмасуды қамтамасыз ету
 

2015 ж.
IV тоқсан

      ХVII. Жеңіл өнеркәсіп өнімінің жекелеген түрлерін таңбалау жүйесін ақпараттық қамтамасыз ету


Еуразиялық экономикалық комиссияның ортақ процесті іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттарды әзірлеу мерзімі

73. Бақылау (сәйкестендіру) белгілерімен таңбалауға жататын тауарлар, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында өндірілген немесе оған әкелінген тауарлар туралы мәліметтермен алмасуды, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында мұндай тауарлардың трансшекаралық айналымы кезінде қамтамасыз ету

2015 ж.
III тоқсан

74. Бақылау (сәйкестендіру) белгілері эмитенттерінің ортақ тізілімін
қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2015 ж.
ІІІ тоқсан

      XVIIІ. Ішкі нарықты қорғау саласындағы ақпараттық қамтамасыз ету

75. Есепке жатқызылған және бөлінген арнайы, демпингке қарсы, өтем баждарының сомалары туралы мәліметтермен алмасуды қамтамасыз ету, сондай-ақ мұндай мәліметтерді қамтитын дерекқор қалыптастыру, жүргізу және пайдалану

2016 ж.
ІІ тоқсан


      Ескертулер: 1. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерінде Еуразиялық экономикалық одақтың
интеграцияланған ақпараттық жүйесінің ортақ процестерін іске асыру жекелеген жоспарлар бойынша технологиялық
құжаттарды бекіткеннен кейін осындай құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Осы тізбені өзектендіру Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің Еуразиялық
экономикалық комиссиясы интеграциялық сегментін құру мен дамыту бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде жүзеге
асырылады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады