Табиғи монополиялар жөніндегі консультативтік комитет туралы ереже туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 32 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 7 және 44-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар жөніндегі консультативтік комитет туралы ереже бекітілсін.

      2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 28 маусымдағы "Табиғи монополиялар жөніндегі консультативтік комитет туралы" № 97 шешімінің 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 24 сәуірдегі
№ 32 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Табиғи монополиялар жөніндегі консультативтік комитет туралы
ЕРЕЖЕ

І. Жалпы ережелер

      1.Табиғи монополиялар жөніндегі консультативтік комитет (бұдан әрі – Комитет) Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ережеге (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) № 1 қосымша) сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) үшін табиғи монополиялар мәселелері бойынша ұсыныстар тұжырымдау және ұсынымдар әзірлеу мақсатында құрылады.

      2. Комитет өз қызметінде Шартты, Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – Одақ) құқығын құрайтын басқа да халықаралық шарттар мен актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

ІІ. Комитеттің негізгі міндеттері

      3. Комитеттің негізгі міндеттері Шарттың ережелерін табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу бөлігінде іске асыру мәселелері бойынша консультациялар жүргізу және Комиссия үшін ұсыныстар мен ұсынымдар қалыптастыру болып табылады.

      4. Өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін Комитет мынадай мәселелерді қарайды:

      а) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу мәселелері бойынша халықаралық шарттар мен Одақ органдарының актілерін іске асыру;

      б) Одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) табиғи монополиялар саласындағы заңнамасын үндестіру және тиісті шараларды жүзеге асыру дәйектілігін айқындау;

      в) мүше мемлекеттердің жақындастыруға жататын нормативтік құқықтық актілерінің тізбесін қалыптастыру;

      г) Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеудің бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы хаттаманың (Шартқа № 20 қосымша) 20-тармағының 5-тармақшасына сәйкес жүргізілетін жұмыс нәтижелері туралы ақпарат дайындау.

ІІІ. Комитеттің құрамы

      5. Комитеттің құрамы мүше мемлекеттердің табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу мәселелері құзыреттеріне жатқызылған мемлекеттік билік органдарының басшыларынан (басшыларының орынбасарларынан) және уәкілетті өкілдерінен, сондай-ақ мүше мемлекеттердің басқа да органдарының, бизнес-қоғамдастықтардың, ғылыми, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінен және өзге де тәуелсіз сарапшылардан қалыптастырылады.

      6. Комитет құрамы Комиссия Алқасының өкімімен бекітіледі.

      7. Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу мәселелері құзыретіне жатқызылған Комиссия Алқасының мүшесі Комитет отырыстарына төрағалық етеді (бұдан әрі – Комитет төрағасы) және Комитет жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады.

      8. Комитет төрағасы:

      а) Комитет қызметіне басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттерді орындау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

      б) Комитет отырысының күн тәртібін келіседі және бекітеді, оны өткізу күнін, уақытын және орнын айқындайды;

      в) Комитет отырысын жүргізеді;

      г) Комитет отырыстарының хаттамаларын бекітеді;

      д) қажет болған кезде Комиссия Алқасы мен Кеңесін Комитет тұжырымдаған хаттамалық шешімдер туралы хабардар етеді;

      е) жұмыс топтарын құру туралы шешімдер қабылдайды;

      ж) Комитет мүшелерінің келісу бойынша Комитеттің жұмыс жоспарын қалыптастырады және бекітеді;

      з) Комитет мүшесі болып табылмайтын адамдарды Комитет жұмысына (қажет болған кезде) тартады.

ІV. Комитеттің жұмыс тәртібі

      9. Комитеттің отырыстары қажет болуына қарай (соның ішінде Комитет мүшелерінің бастамасы бойынша) сирек дегенде жылына 2 рет өткізіледі.

      10. Комитет төрағасы болмаған жағдайда оның осы Ереженің 8-тармағында көзделген функцияларын Комитет қызметінің бағыттары жөніндегі мәселелер құзыретіне кіретін Комиссия департаментінің басшысы орындайды.

      11. Комитет отырысы күн тәртібінің жобасы, оның материалдары, сондай-ақ Комитет отырысының өткізілетін күні мен орны туралы ақпарат Комитет мүшелеріне тиісті отырыс өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмей жіберіледі.

      12. Комитет отырысы күн тәртібінің негізгі материалдары:

      а) қаралатын мәселелер бойынша анықтамаларды;

      б) қарауға ұсынылған құжаттардың (бар болған кезде) жобаларын;

      в) хаттамалық шешімдердің жобаларын;

      г) қажетті анықтамалық және талдамалық материалдарды қамтиды.

      13. Комитет мүшелерінің ұсыныстары, соның ішінде Комитет отырысының күн тәртібіне енгізілмеген қосымша мәселелерді қарау туралы ұсыныстары және тиісті материалдар Комитет төрағасына Комитет отырысы өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 15 күннен кешіктірілмей жіберіледі.

      Комитет мүшелерінің келіп түскен ұсыныстары туралы ақпарат ұсыныстар түскен күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей Комитет мүшелеріне жіберіледі.

      14. Комитет мүшелері Комитет отырыстарына ауыстыру құқығынсыз жеке өздері қатысады.

      Комитет мүшесінің отырысқа қатысуы мүмкін болмаған жағдайда ол Комитет төрағасына отырыс өткізілетін күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша нысанда қаралатын мәселелер бойынша өз ұстанымын береді.

      15. Комитет отырыстарының нәтижелері хаттамамен ресімделеді, оған Комитеттің отырысқа қатысқан мүшелері виза қояды және Комитет төрағасы қол қояды.

      16. Комитеттің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.

      17. Комитет отырысы хаттамасының көшірмесі қол қойылған күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде Комитет мүшелеріне таратылады, түпнұсқа Комиссияның Көлік және инфрақұрылым департаментінің табиғи монополиялар бөлімінде сақталады.

      18. Комитет отырыстары әдетте Комиссияның үй-жайларында өткізіледі.

      Комитет отырысы Комитет төрағасының Комитет мүшелерінің ұсыныстары негізінде қабылданатын шешімі бойынша мүше мемлекеттердің бірінде өткізілуі де мүмкін. Бұл жағдайда қабылдаушы мүше мемлекеттің уәкілетті органы Комитет отырысын ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдеседі.

      Комитет төрағасының шешімі бойынша Комитет отырысы бейнеконференция режимінде өткізілуі де мүмкін.

      19. Мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының уәкілетті өкілдерінің Комитет отырыстарына қатысуға байланысты шығыстарын оларды жіберуші мүше мемлекеттер көтереді.

      Бизнес-қоғамдастықтың, ғылыми және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, өзге де тәуелсіз сарапшылардың Комитет отырыстарына қатысуға байланысты шығыстарын аталған адамдар өз бетінше көтереді.

      20. Комитеттің қызметін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді Комиссия жүзеге асырады.

      21. Комитет қызметін тоқтатудың негізі Комиссия Алқасының шешімі болып табылады.

О Положении о Консультативном комитете по естественным монополиям

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 24 апреля 2017 года № 32

      В соответствии с пунктами 7 и 44 Положения о Евразийской экономической комиссии (приложение № 1 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года) Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Утвердить прилагаемое Положение о Консультативном комитете по естественным монополиям.

      2. Признать утратившим силу пункт 2 Решения Коллегии Евразийской экономической комиссии от 28 июня 2012 г. № 97 "О Консультативном комитете по естественным монополиям".

      3. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической
комиссии
Т. Саркисян

  УТВЕРЖДЕНО
Решением Коллегии
Евразийской экономической комиссии
от 24 апреля 2017 г. № 32

ПОЛОЖЕНИЕ
о Консультативном комитете по естественным монополиям

I. Общие положения

      1. Консультативный комитет по естественным монополиям (далее – Комитет) создается в соответствии с Положением о Евразийской экономической комиссии (приложение № 1 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года) (далее – Договор) в целях выработки предложений и подготовки рекомендаций для Евразийской экономической комиссии (далее – Комиссия) по вопросам естественных монополий.

      2. Комитет в своей деятельности руководствуется Договором, другими международными договорами и актами, составляющими право Евразийского экономического союза (далее – Союз), а также настоящим Положением.

II. Основные задачи Комитета

      3. Основными задачами Комитета являются проведение консультаций по вопросам реализации положений Договора в части регулирования деятельности субъектов естественных монополий и формирование предложений и рекомендаций для Комиссии.

      4. Для реализации возложенных на него задач Комитет рассматривает следующие вопросы:

      а) реализация международных договоров и актов органов Союза по вопросам регулирования деятельности субъектов естественных монополий;

      б) гармонизация законодательства государств – членов Союза (далее – государства-члены) в области естественных монополий и определение последовательности осуществления соответствующих мер;

      в) формирование перечня нормативных правовых актов государств-членов, подлежащих сближению;

      г) подготовка информации о результатах проводимой работы в соответствии с подпунктом 5 пункта 20 Протокола о единых принципах и правилах регулирования деятельности субъектов естественных монополий (приложение № 20 к Договору).

III. Состав Комитета

      5. Состав Комитета формируется из руководителей (заместителей руководителей) и уполномоченных представителей органов государственной власти государств-членов, к компетенции которых отнесены вопросы регулирования деятельности субъектов естественных монополий, а также представителей других органов государственной власти государств-членов, бизнес-сообществ, научных, общественных организаций и иных независимых экспертов.

      6. Состав Комитета утверждается распоряжением Коллегии Комиссии.

      7. Председательствует на заседаниях Комитета и осуществляет общее руководство работой Комитета член Коллегии Комиссии, к компетенции которого отнесены вопросы естественных монополий (далее – председатель Комитета).

      8. Председатель Комитета:

      а) руководит деятельностью Комитета и организует работу по выполнению возложенных на Комитет задач;

      б) согласовывает и утверждает повестку дня заседания Комитета, определяет дату, время и место его проведения;

      в) ведет заседания Комитета;

      г) утверждает протоколы заседаний Комитета;

      д) информирует при необходимости Коллегию и Совет Комиссии о выработанных Комитетом протокольных решениях;

      е) принимает решения о создании рабочих групп;

      ж) формирует и утверждает по согласованию с членами Комитета планы работы Комитета;

      з) привлекает к работе Комитета лиц, не являющихся членами Комитета (при необходимости).

IV. Порядок работы Комитета

      9. Заседания Комитета проводятся по мере необходимости (в том числе по инициативе членов Комитета), но не реже 2 раз в год.

      10. В случае отсутствия председателя Комитета его функции, предусмотренные пунктом 8 настоящего Положения, выполняет руководитель департамента Комиссии, в компетенцию которого входят вопросы по направлениям деятельности Комитета.

      11. Проект повестки дня заседания Комитета, материалы к ней, а также информация о дате и месте проведения заседания Комитета направляются членам Комитета не позднее чем за 30 календарных дней до даты проведения соответствующего заседания.

      12. Основные материалы к повестке дня заседания Комитета включают в себя:

      а) справки по рассматриваемым вопросам;

      б) проекты предлагаемых к рассмотрению документов (при наличии);

      в) проекты протокольных решений;

      г) необходимые справочные и аналитические материалы.

      13. Предложения членов Комитета, в том числе о рассмотрении дополнительных вопросов, не включенных в повестку дня заседания Комитета, и соответствующие материалы направляются председателю Комитета не позднее чем за 15 календарных дней до дня проведения заседания Комитета.

      Информация о поступивших предложениях членов Комитета направляется членам Комитета не позднее 3 рабочих дней со дня поступления предложений.

      14. Члены Комитета участвуют в заседаниях Комитета лично, без права замены.

      В случае невозможности присутствия члена Комитета на заседании он представляет председателю Комитета свою позицию по рассматриваемым вопросам в письменной форме не позднее 3 рабочих дней до даты проведения заседания.

      15. Результаты заседаний Комитета оформляются протоколом, который визируется присутствующими членами Комитета и подписывается председателем Комитета.

      16. Решения Комитета носят рекомендательный характер.

      17. Копии протокола заседания Комитета рассылаются членам Комитета в течение 3 рабочих дней со дня его подписания, оригинал хранится в отделе естественных монополий Департамента транспорта и инфраструктуры Комиссии.

      18. Заседания Комитета проводятся, как правило, в помещениях Комиссии.

      Заседание Комитета может проводиться в любом из государств-членов по решению председателя Комитета, принимаемому на основе предложений членов Комитета. В этом случае уполномоченный орган принимающего государства-члена оказывает содействие в организации и проведении заседания Комитета.

      По решению председателя Комитета заседание Комитета может проводиться в режиме видеоконференции.

      19. Расходы, связанные с участием в заседаниях Комитета уполномоченных представителей органов государственной власти государств-членов, несут направляющие их государства-члены.

      Расходы, связанные с участием в заседаниях Комитета представителей бизнес-сообществ, научных и общественных организаций, иных независимых экспертов, указанные лица несут самостоятельно.

      20. Организационно-техническое обеспечение деятельности Комитета осуществляется Комиссией.

      21. Основанием для прекращения деятельности Комитета является решение Коллегии Комиссии.