Украинада шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін ыстықтай жатықталған болат бұрыштарға қатысты алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараларды қолдану туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 11 мамырдағы № 53 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 78-тармағына сәйкес және Еуразиялық экономикалық комиссияның Ішкі нарықты қорғау департаменті баяндамасының негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Украинада шығарылатын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін ЕАЭО СЭҚ ТН 7216 21 000 0, 7216 40 100 0, 7216 50 100 0, 7216 50 990 0, 7228 70 100 0 кодтарымен сыныпталатын көміртекті, аз қоспаланған және қоспаланған (коррозияға берігін қоспағанда) болаттан жасалған, сөресінің ені 20-дан қоса алғанда 200 мм дейінгі ыстықтай жатықталған теңсөрелі болат бұрыштарға қатысты алдын ала демпингке қарсы бажды енгізу арқылы демпингке қарсы шараның қолданылу мерзімін 4 ай деп белгілей отырып, қосымшаға сәйкес мөлшерлерде демпингке қарсы шара қолданылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын да, тауар атауын да басшылыққа ала отырып, осы Шешімде көзделген алдын ала демпингке қарсы бажды өндіріп алуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 11 мамырдағы
№ 53 шешіміне
ҚОСЫМША

Алдын ала демпингке қарсы баж
СТАВКАЛАРЫНЫҢ МӨЛШЕРЛЕРІ

Тауардың атауы

Өндіруші

Алдын ала демпингке қарсы баж ставкасының мөлшері (кедендік құнның пайыздары)


Көміртекті, аз қоспаланған және қоспаланған (коррозияға берігін қоспағанда) болаттан жасалған, сөресінің ені 20-дан қоса алғанда 200 мм дейінгі ыстықтай жатықталған теңсөрелі болат бұрыштар

"Енакиев металлургия зауыты" жеке меншік акционерлік қоғамы (Украина, 87504, Донецк облысы, Мариуполь қ., Ильич даңғылы, 54, 4-блок)

"Азовсталь" металлургия комбинаты" жеке меншік акционерлік қоғамы (Украина, 87500, Донецк облысы,
Мариуполь қ., Лепорский көшесі, 1)

37,89
 
 
 
 
37,89
 

өзгелері
 

37,89


О применении антидемпинговой меры посредством введения предварительной антидемпинговой пошлины в отношении уголков стальных горячекатаных, происходящих из Украины и ввозимых на таможенную территорию Евразийского экономического союза

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 11 мая 2017 года № 53

      В соответствии с пунктом 78 Протокола о применении специальных защитных, антидемпинговых и компенсационных мер по отношению к третьим странам (приложение № 8 к Договору о Евразийском экономическом союзе от 29 мая 2014 года) и на основании доклада Департамента защиты внутреннего рынка Евразийской экономической комиссии Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Применить антидемпинговую меру посредством введения предварительной антидемпинговой пошлины в размерах согласно приложению в отношении ввозимых на таможенную территорию Евразийского экономического союза уголков стальных горячекатаных равнополочных шириной полки от 20 до 200 мм включительно из углеродистой, низколегированной и легированной (за исключением коррозионностойкой) стали, происходящих из Украины, классифицируемых кодами 7216 21 000 0, 7216 40 100 0, 7216 50 100 0, 7216 50 990 0, 7228 70 100 0 ТН ВЭД ЕАЭС, установив срок действия данной антидемпинговой меры 4 месяца.

      2. Государственным органам государств – членов Евразийского экономического союза, уполномоченным в сфере таможенного дела, обеспечить взимание предварительной антидемпинговой пошлины, предусмотренной настоящим Решением, руководствуясь как кодами ТН ВЭД ЕАЭС, так и наименованием товара.

      3. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической
комиссии
Т. Саркисян

  ПРИЛОЖЕНИЕ
к Решению Коллегии
Евразийской экономической комиссии
от 11 мая 2017 г. № 53

РАЗМЕРЫ СТАВОК
предварительной антидемпинговой пошлины

Наименование товара

Производитель

Размер ставки предварительной антидемпинговой пошлины (процентов от таможенной стоимости)


Уголки стальные горячекатаные равнополочные шириной полки от 20 до 200 мм включительно из углеродистой, низколегированной и легированной (за исключением коррозионностойкой) стали

частное акционерное общество "Енакиевский металлургический завод" (Украина, 87504, Донецкая область, г. Мариуполь, пр. Ильича, 54, блок 4)
частное акционерное общество "Металлургический комбинат "Азовсталь" (Украина, 87500, Донецкая область, г. Мариуполь, ул. Лепорского, 1)

37,89
 
 
37,89

прочие

37,89