Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 122 шешімінің 2-тармағына өзгерістер енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 23 мамырдағы № 57 шешімі

      2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина және техниканың басқа түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімнің 3-бабы бірінші абзацына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі "Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеу тәртібін бекіту туралы" № 122 шешімінің 2-тармағының "а" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "а) 2018 жылғы 1 шілдеге дейін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) заңнамасында белгіленген нысан бойынша және қағидаларға сәйкес көлік құралдарының паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) ресімдеуге жол беріледі;".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

О внесении изменения в пункт 2 Решения Коллегии Евразийской экономической комиссии от 22 сентября 2015 г. № 122

Решение Коллегии Евразийской экономической комиссии от 23 мая 2017 года № 57

      В соответствии с абзацем первым статьи 3 Соглашения о введении единых форм паспорта транспортного средства (паспорта шасси транспортного средства) и паспорта самоходной машины и других видов техники и организации систем электронных паспортов от 15 августа 2014 года Коллегия Евразийской экономической комиссии решила:

      1. Подпункт "а" пункта 2 Решения Коллегии Евразийской экономической комиссии от 22 сентября 2015 г. № 122 "Об утверждении Порядка функционирования систем электронных паспортов транспортных средств (электронных паспортов шасси транспортных средств) и электронных паспортов самоходных машин и других видов техники" изложить в следующей редакции:

      "а) до 1 июля 2018 г. допускается оформление паспортов транспортных средств (паспортов шасси транспортных средств) по форме и в соответствии с правилами, которые установлены законодательством государства – члена Евразийского экономического союза (далее – государство-член);".

      2. Настоящее Решение вступает в силу по истечении 30 календарных дней с даты его официального опубликования.

      Председатель Коллегии
Евразийской экономической
комиссии
Т. Саркисян