2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина және техниканың басқа түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімнің 3-бабы бірінші абзацына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі "Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа да түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеу тәртібін бекіту туралы" № 122 шешімінің 2-тармағының "а" тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"а) 2018 жылғы 1 шілдеге дейін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) заңнамасында белгіленген нысан бойынша және қағидаларға сәйкес көлік құралдарының паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) ресімдеуге жол беріледі;".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |