Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 12 қосымша) 17-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 19-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден әкелінетін бақылаудағы тауарларға арналған бірыңғай ветеринариялық сертификаттардың нысандары туралы" 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 30 мамырдағы № 61 шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР
1. Мынадай мазмұндағы 46-тармақпен толықтырылсын:
"46. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын иттердің ұрығына ветеринариялық сертификат (№ 46 нысан) (қоса беріледі).".
2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Бірыңғай ветеринариялық сертификаттар нысандары мынадай мазмұндағы Еуразиялық экономикалық одақың кедендік аумағына экспортталатын иттердің ұрығына ветеринариялық сертификатпен (№ 46 нысан) толықтырылсын:
"№ 46 нысан
1. Жеткізу сипаттамасы | 1.8. Сертификат № ___________________ | |||||||
1.1. Жүкті жөнелтушінің атауы және мекенжайы: | Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын иттің ұрығына ветеринариялық сертификат | |||||||
1.2. Жүкті алушының атауы және мекенжайы: | ||||||||
1.3. Жүк партиясындағы ұрық дозасының саны: | ||||||||
1.4. Орын (контейнерлер) саны: | 1.9. Тауар шығарылған ел: | |||||||
1.5. Көлік контейнеріндегі пломбаны таңбалау: | 1.10. Экспорттаушы елдің құзыретті ведомствосы: | |||||||
1.6. Көлік: | 1.11. Экспорттаушы елдің сертификатты берген мекемесі: | |||||||
1.7. Транзит ел(дер)і: | 1.12. Тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу бекеті: | |||||||
2. Ұрықтың шығу тегі | ||||||||
3. Иттер – ұрық донорлары туралы ақпарат | ||||||||
№ | Аты | Сәйкестендіру нөмірі | Туған күні | Тұқымы | Ұрықты іріктеп алу күні | Ұрығы бар пробиркалар | ||
Таңбалау | Доза саны | |||||||
1. | ||||||||
2. | ||||||||
3. | ||||||||
4. | ||||||||
5. | ||||||||
5-тен астам жануардың ұрығын тасымалдау кезінде экспорттаушы елдің мемлекеттік/ресми ветеринариялық дәрігері қол қоятын және осы сертификаттың ажырамас бөлігі болып табылатын тізімдеме жасалады. | ||||||||
4. Денсаулық жағдайы туралы ақпарат | ||||||||
4.2. Иттерге – ұрық донорларына ұрық алынғанға дейін 20 күннен кешіктірілмей вакцина егілді, егер оларға соңғы 12 ай ішінде құтыруға, етқоректі жануарлардың обасына, парвовирустық және аденовирустық инфекцияларға, лептоспирозға қарсы екпе жасалмаған болса. | ||||||||
4.3. Иттер – ұрық донорлары ұрық алынғанға дейін 14 күннен кейшіктірілмей: | ||||||||
4.4. Иттер – ұрық донорлары ұрық алынғанға дейін кемінде 14 күн табиғи ұрықтандыру үшін пайдаланылмады және мұндай мүмкіндікті болдырмайтын жағдайларда ұсталды. | ||||||||
4.5. Иттер – ұрық донорлары ұрық алынғанға дейін 10 күннен кешіктірмей антигельминттік препараттармен өңделді. | ||||||||
4.6. Иттер – ұрық донорлары ұрық алынғанға дейін термометриямен клиникалық тексеруден өтті. | ||||||||
4.7. Ұрықтың құрамында патогендік және токсикогендік микроағзалар жоқ. | ||||||||
4.8. Ұрық ХЭБ Жерүсті жануарларының денсаулығы кодексінің ұсынымдарына сәйкес алынды, сақталды және тасымалданады. |
Мөр орны ___________________________ Күні ________________________________
Мемлекеттік/ресми ветеринариялық дәрігердің қолы ____________________________
Т.А.Ә. және лауазымы ______________________________________________________
Ескертулер: 1. Қолы және мөр бланкінің түсінен өзгеше болуы тиіс.
2. Ветеринариялық сертификат орыс тілінде, сондай-ақ экспорттаушы елдің тілінде және (немесе) ағылшын тілінде рәсімделеді.".