Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 30 мамырдағы № 61 шешімі

      Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 12 қосымша) 17-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 19-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының "Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден әкелінетін бақылаудағы тауарларға арналған бірыңғай ветеринариялық сертификаттардың нысандары туралы" 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне өзгерістер енгізілсін. 

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 30 мамырдағы
№ 61 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Мынадай мазмұндағы 46-тармақпен толықтырылсын:

      "46. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын иттердің ұрығына ветеринариялық сертификат (№ 46 нысан) (қоса беріледі).".

      2. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Бірыңғай ветеринариялық сертификаттар нысандары мынадай мазмұндағы Еуразиялық экономикалық одақың кедендік аумағына экспортталатын иттердің ұрығына ветеринариялық сертификатпен (№ 46 нысан) толықтырылсын:

      "№ 46 нысан

1. Жеткізу сипаттамасы

1.8. Сертификат № ___________________

1.1. Жүкті жөнелтушінің атауы және мекенжайы:

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын иттің ұрығына ветеринариялық сертификат

1.2. Жүкті алушының атауы және мекенжайы:

1.3. Жүк партиясындағы ұрық дозасының саны:

1.4. Орын (контейнерлер) саны:

1.9. Тауар шығарылған ел:

1.5. Көлік контейнеріндегі пломбаны таңбалау:

1.10. Экспорттаушы елдің құзыретті ведомствосы:

1.6. Көлік:
(ұшақ рейсінің №, кеменің атауы, вагонның, автомашинаның ннөмірі)

1.11. Экспорттаушы елдің сертификатты берген мекемесі:

1.7. Транзит ел(дер)і:

1.12. Тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу бекеті:

2. Ұрықтың шығу тегі
2.1. Ұрықтың донор(лар)ын – ит(тер)ді ұстау орнының мекенжайы:
2.2. Әкімшілік-аумақтық бірлік:

3. Иттер – ұрық донорлары туралы ақпарат


р/с

Аты

Сәйкестендіру нөмірі

Туған күні

Тұқымы

Ұрықты іріктеп алу күні

Ұрығы бар пробиркалар

Таңбалау

Доза саны

1.








2.








3.








4.








5.








5-тен астам жануардың ұрығын тасымалдау кезінде экспорттаушы елдің мемлекеттік/ресми ветеринариялық дәрігері қол қоятын және осы сертификаттың ажырамас бөлігі болып табылатын тізімдеме жасалады.

4. Денсаулық жағдайы туралы ақпарат
Мен, төменде қол қоюшы мемлекеттік/ресми ветеринариялық дәрігер, осы құжатпен мыналарды растаймын:
4.1. Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына экспортталатын иттердің ұрығы ұрық алу, оны зерттеу, өңдеу, консервациялау және сақтау үшін жағдай жасалған үй-жайлардағы дені сау жануарлардан алынды.
Иттер – ұрық донорлары жануарлардың мынадай жұқпалы ауруларынан таза ұстау орындарынан шыққан:
құтыру – соңғы 6 ай ішінде (иттерде – ұрық донорларында ұрықты алғаннан кейін 15 күн ішінде құтыру белгілері байқалмады);
туберкулез – соңғы 6 ай ішінде.

4.2. Иттерге – ұрық донорларына ұрық алынғанға дейін 20 күннен кешіктірілмей вакцина егілді, егер оларға соңғы 12 ай ішінде құтыруға, етқоректі жануарлардың обасына, парвовирустық және аденовирустық инфекцияларға, лептоспирозға қарсы екпе жасалмаған болса.

4.3. Иттер – ұрық донорлары ұрық алынғанға дейін 14 күннен кейшіктірілмей:
лептоспирозға (егер олар профилактикалық мақсатта вакцина егілмеген немесе дигидрострептомицинмен немесе экспорттаушы елде тіркелген балама әсер беретін өзге де заттармен өңделмеген болса);
бруцеллезге
аккредиттелген зертханада (зертхананың атауын, зерттеу күнін және әдісін көрсету) теріс нәтижелермен зерттелді.

4.4. Иттер – ұрық донорлары ұрық алынғанға дейін кемінде 14 күн табиғи ұрықтандыру үшін пайдаланылмады және мұндай мүмкіндікті болдырмайтын жағдайларда ұсталды.

4.5. Иттер – ұрық донорлары ұрық алынғанға дейін 10 күннен кешіктірмей антигельминттік препараттармен өңделді.

4.6. Иттер – ұрық донорлары ұрық алынғанға дейін термометриямен клиникалық тексеруден өтті.

4.7. Ұрықтың құрамында патогендік және токсикогендік микроағзалар жоқ.

4.8. Ұрық ХЭБ Жерүсті жануарларының денсаулығы кодексінің ұсынымдарына сәйкес алынды, сақталды және тасымалданады.

      Мөр орны ___________________________ Күні ________________________________     
Мемлекеттік/ресми ветеринариялық дәрігердің қолы ____________________________

      Т.А.Ә. және лауазымы ______________________________________________________


      Ескертулер: 1. Қолы және мөр бланкінің түсінен өзгеше болуы тиіс.

      2. Ветеринариялық сертификат орыс тілінде, сондай-ақ экспорттаушы елдің тілінде және (немесе) ағылшын тілінде рәсімделеді.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады