Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 98-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы "Қытай Халық Республикасында шығарылатын және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау мен пайдалануға қолданылатын жіксіз болат құбырларға қатысты демпингке қарсы шаралар қолдану туралы" № 101 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) 3-тармағының төртінші абзацының және 4-тармағының төртінші абзацының күші жойылды деп танылсын;
б) көрсетілген Шешімге № 3 қосымшаның 5-позициясы алып тасталсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |