Кеден одағының Кеден кодексінің 52-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Сынуы, тілінуі, тозуы салдарынан немесе басқа да себептерден олардың арнап қойылған сапасында пайдалану үшін түбегейлі жарамсыз мұнай-газ құбырларына арнап қара металдан жасалған бұрын қолданылған құбырлар, оларды басқа мақсаттарға қайта пайдалану мүмкіндігінің болуына қарамастан, Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 7204 тауар позициясында сыныпталады.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |