Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес мұнай-газ құбырларына арнап қара металдан жасалған бұрын қолданылған құбырларды сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 3 шілдедегі № 81 шешімі

      Кеден одағының Кеден кодексінің 52-бабының 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Сынуы, тілінуі, тозуы салдарынан немесе басқа да себептерден олардың арнап қойылған сапасында пайдалану үшін түбегейлі жарамсыз мұнай-газ құбырларына арнап қара металдан жасалған бұрын қолданылған құбырлар, оларды басқа мақсаттарға қайта пайдалану мүмкіндігінің болуына қарамастан, Сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасына Түсіндірмелердің 1-қағидасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 7204 тауар позициясында сыныпталады.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады