2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 51-бабының 1-тармағы 11 және 12-тармақшаларына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 27 қарашадағы "Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО ТР 009/2011) талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулердің қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО ТР 009/2011) талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің сәйкестілігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама туралы" № 237 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
Т. Саркисян |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 11 шілдедегі № 82 шешіміне ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының
2012 жылғы 27 қарашадағы № 237 шешіміне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР
1. Атауында және 1-тармақта "өнімнің сәйкестігін (растау)" деген сөздер "техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы Шешіммен бекітілген Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО ТР 009/2011) талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулердің қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО ТР 009/2011) талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің сәйкестілігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламада:
а) мынадай мазмұндағы 4151 – 4168 позициялармен толықтырылсын:
"
4151 | 71.100.70 |
Парфюмерлік-косметикалық өнім. Микробиология. Candida albicans анықтау. |
5-баптың | 2017 жыл | 2018 жыл | Беларусь Республикасы |
4152 | 71.100.70 |
Парфюмерлік-косметикалық өнім. Микробиология. Escherichia coli анықтау. |
5-баптың | 2017 жыл | 2018 жыл | Беларусь Республикасы |
4153 | 71.100.70 |
Парфюмерлік-косметикалық өнім. Микробиология. Көкіріңді таяқшаны анықтау (Pseudomonas aeruginosa). |
5-баптың | 2017 жыл | 2018 жыл | Беларусь Республикасы |
4154 | 71.100.70 |
Парфюмерлік-косметикалық өнім. Микробиология. Staphylococcus aureus анықтау. |
5-баптың | 2017 жыл | 2018 жыл | Беларусь Республикасы |
4155 | 71.100.70 |
Парфюмерлік-косметикалық өнім. |
5-баптың | 2018 жыл | 2019 жыл | Беларусь Республикасы |
4156 | 71.100.70 |
Табиғи және органикалық парфюмерлік-косметикалық өнім және ингредиенттер. |
6-баптың | 2018 жыл | 2019 жыл | Ресей Федерациясы |
4157 | 71.100.60 |
Эфир майлары. Буып-түюдің негізгі қағидалары, қажетті жағдайлар жасау және сақтау. |
5-баптың | 2018 жыл | 2019 жыл | Ресей Федерациясы |
4158 | 71.100.60 |
Эфир майлары. Ыдыстарды этикеткалау және таңбалаудың негізгі қағидалары. |
5-баптың | 2018 жыл | 2019 жыл | Ресей Федерациясы |
4159 | 71.100.60 |
Эфир майлары. Номенклатура. |
2 және 3-баптар | 2018 жыл | 2019 жыл | Ресей Федерациясы |
4160 | 71.100.60 |
Эфир майлары. Номенклатура қағидаттары. |
2 және 3-баптар | 2018 жыл | 2019 жыл | Ресей Федерациясы |
4161 | 71.100.60 |
Хош иісті табиғи шикізат. Терминдер мен анықтамалар. | 3-бап | 2018 жыл | 2019 жыл | Ресей Федерациясы |
4162 | 71.100.60 |
Далматский шатыраштың эфир майы (Salvia oficinalis L.). |
5-баптың | 2019 жыл | 2020 жыл | Ресей Федерациясы |
4163 | 71.100.60 |
Иссоптың эфир майы (Hyssop officinalis L. ssp. officinalis). Техникалық талаптар. |
5-баптың | 2019 жыл | 2020 жыл | Ресей Федерациясы |
4164 | 71.100.60 |
Ащы фенхельдің эфир майы (Foeniculum vulgare Mill. ssp. vulgare var. vulgare). Техникалық талаптар. |
5-баптың | 2019 жыл | 2020 жыл | Ресей Федерациясы |
4165 | 71.100.60 |
Кориандр жемістерінің эфир майы (Coriandrum sativum L.). Техникалық талаптар. |
5-баптың | 2019 жыл | 2020 жыл | Ресей Федерациясы |
4166 | 71.100.60 |
Эстрагондық эфир майы (Artemisia dracunculus L.). Техникалық талаптар. |
5-баптың | 2019 жыл | 2020 жыл | Ресей Федерациясы |
4167 | 71.100.60 |
Эфир майлары. Тотығу санын анықтау. |
5-баптың | 2018 жыл | 2019 жыл | Ресей Федерациясы |
4168 | 71.100.70 |
Парфюмерлік-косметикалық өнімдер. Метил, этил, н-пропилді және изопропилді спиртті анықтаудың газды хроматографиялық әдісі. |
5-баптың | 2019 жыл | 2020 жыл | Ресей Федерациясы |
";
б) мынадай мазмұндағы 47-позициямен толықтырылсын:
"
47 | 71.100.70 |
Ауыз қуысы гигиенасының сұйық құралдары. Тістің қатты тіндерінің эрозиясын тудыру қабілетін бағалаудың скринингтік әдісі. |
5-баптың | 2017 жыл | 2018 жыл | Беларусь Республикасы |
".