Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 27 қарашадағы № 237 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2017 жылғы 11 шілдедегі № 82 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы Шарттың 51-бабының 1-тармағы 11 және 12-тармақшаларына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 27 қарашадағы "Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО ТР 009/2011) талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулердің қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО ТР 009/2011) талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің сәйкестілігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама туралы" № 237 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Т. Саркисян

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2017 жылғы 11 шілдедегі
№ 82 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының
2012 жылғы 27 қарашадағы № 237 шешіміне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Атауында және 1-тармақта "өнімнің сәйкестігін (растау)" деген сөздер "техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешіммен бекітілген Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО ТР 009/2011) талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеулер (сынақтар) мен өлшеулердің қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Парфюмерлік-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО ТР 009/2011) талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің сәйкестілігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламада:

      а) мынадай мазмұндағы 4151 – 4168 позициялармен толықтырылсын:

      "

4151
 

71.100.70

Парфюмерлік-косметикалық өнім. Микробиология. Candida albicans анықтау.
ISO 18416:2015 негізінде МЕМСТ әзірлеу

5-баптың
4-тармағы

2017 жыл

2018 жыл

Беларусь Республикасы

4152

71.100.70

Парфюмерлік-косметикалық өнім. Микробиология. Escherichia coli анықтау.
ISO 21150:2015 негізінде МЕМСТ әзірлеу

5-баптың
4-тармағы

2017 жыл

2018 жыл

Беларусь Республикасы

4153

71.100.70

Парфюмерлік-косметикалық өнім. Микробиология. Көкіріңді таяқшаны анықтау (Pseudomonas aeruginosa).
ISO 22717:2015 негізінде МЕМСТ әзірлеу

5-баптың
4-тармағы

2017 жыл

2018 жыл

Беларусь Республикасы

4154

71.100.70

Парфюмерлік-косметикалық өнім. Микробиология. Staphylococcus aureus анықтау.
ISO 22718:2015 негізінде МЕМСТ әзірлеу

5-баптың
4-тармағы

2017 жыл

2018 жыл

Беларусь Республикасы

4155

71.100.70

Парфюмерлік-косметикалық өнім.
Микробиология бойынша ISO стандарттарын қолдану жөніндегі жетекші нұсқаулар.
ISO/TR 19838:2016 негізінде МЕМСТ әзірлеу

5-баптың
4-тармағы

2018 жыл

2019 жыл

Беларусь Республикасы

4156

71.100.70

Табиғи және органикалық парфюмерлік-косметикалық өнім және ингредиенттер.
Сәйкестендіру бойынша нұсқаулық және критерийлер. 1-бөлім. Ингредиенттерге арналған анықтама.
ISO 16128-1:2016 негізінде МЕМСТ әзірлеу

6-баптың
4 және 5-тармақтары

2018 жыл

2019 жыл

Ресей Федерациясы

4157

71.100.60

Эфир майлары. Буып-түюдің негізгі қағидалары, қажетті жағдайлар жасау және сақтау.
ISO/TS 210:2014 негізінде МЕМСТ әзірлеу

5-баптың
8 және 9-тармақтары

2018 жыл

2019 жыл

Ресей Федерациясы

4158

71.100.60

Эфир майлары. Ыдыстарды этикеткалау және таңбалаудың негізгі қағидалары.
ISO/TS 211:2014 негізінде МЕМСТ әзірлеу

5-баптың
9-тармағы

2018 жыл

2019 жыл

Ресей Федерациясы

4159

71.100.60

Эфир майлары. Номенклатура.
ISO 4720:2009 негізінде МЕМСТ әзірлеу 

2 және 3-баптар

2018 жыл

2019 жыл

Ресей Федерациясы

4160

71.100.60

Эфир майлары. Номенклатура қағидаттары.
ISO 3218:2014 негізінде МЕМСТ әзірлеу

2 және 3-баптар

2018 жыл

2019 жыл

Ресей Федерациясы

4161

71.100.60

Хош иісті табиғи шикізат. Терминдер мен анықтамалар.
ISO 9235:2013 негізінде МЕМСТ әзірлеу

3-бап

2018 жыл

2019 жыл

Ресей Федерациясы

4162

71.100.60

Далматский шатыраштың эфир майы (Salvia oficinalis L.).
ISO 9909:1997 негізінде МЕМСТ әзірлеу

5-баптың
3 – 6, 8 және 9-тармақтары

2019 жыл

2020 жыл

Ресей Федерациясы

4163

71.100.60

Иссоптың эфир майы (Hyssop officinalis L. ssp. officinalis). Техникалық талаптар.
ISO 9841:2013 негізінде МЕМСТ әзірлеу

5-баптың
3 – 6, 8 және 9-тармақтары

2019 жыл

2020 жыл

Ресей Федерациясы

4164

71.100.60

Ащы фенхельдің эфир майы (Foeniculum vulgare Mill. ssp. vulgare var. vulgare). Техникалық талаптар.
ISO 17412:2007 негізінде МЕМСТ әзірлеу

5-баптың
3 – 6, 8 және 9-тармақтары

2019 жыл

2020 жыл

Ресей Федерациясы

4165

71.100.60

Кориандр жемістерінің эфир майы (Coriandrum sativum L.). Техникалық талаптар.
ISO 3516:1997 негізінде МЕМСТ әзірлеу

5-баптың
3 – 6, 8 және 9-тармақтары

2019 жыл

2020 жыл

Ресей Федерациясы

4166

71.100.60

Эстрагондық эфир майы (Artemisia dracunculus L.). Техникалық талаптар.
ISO 10115:2013 негізінде МЕМСТ әзірлеу

5-баптың
3 – 6, 8 және 9-тармақтары

2019 жыл

2020 жыл

Ресей Федерациясы

4167

71.100.60

Эфир майлары. Тотығу санын анықтау.
ISO 18321:2015 негізінде МЕМСТ әзірлеу

5-баптың
2-тармағы,
2-қосымша

2018 жыл

2019 жыл

Ресей Федерациясы

4168

71.100.70

Парфюмерлік-косметикалық өнімдер. Метил, этил, н-пропилді және изопропилді спиртті анықтаудың газды хроматографиялық әдісі.
МЕМСТ 29188.6-91 негізінде МЕМСТ әзірлеу

5-баптың
2-тармағы

2019 жыл

2020 жыл

Ресей Федерациясы

      ";

      б) мынадай мазмұндағы 47-позициямен толықтырылсын:

      "

47

71.100.70

Ауыз қуысы гигиенасының сұйық құралдары. Тістің қатты тіндерінің эрозиясын тудыру қабілетін бағалаудың скринингтік әдісі.
ISO 28888:2013 негізінде МЕМСТ әзірлеу

5-баптың
6.1.3-тармағы

2017 жыл

2018 жыл

Беларусь Республикасы

      ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады